Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет4/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Жазылым


Жазылым – продуктивті дағдылар қатарына жатады. Продуктивті дағды дегеніміз – тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамсыз етеді. Біз жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырамыз. Ал сөйлемдерді топтастыру арқылы өз ойымызды жеткізе аламыз.
Оқулық пен жұмыс дәптерінде жазылымға арналған тапсырма түрлері көптеп беріледі. Осы орайда жызылым сабақтың мақсатына орай «қатаң қадағаланатын» және «еркін жазуға арналған» болып бөлінеді. Оған қоса, жазылымның дайын шаблонды толтыру формасы да ұшырасып отырады.

Қайталау


Әр тарау бойынша екі сабақ қайталауға арналады. Бұл орайда мұғалімге нақ осы қайталауға ұсынылған тапсырмаларды оқушыларға орындату міндеті қойылмайды. Мұғалім өз қалауынша тапсырманы таңдап, іріктеп алуына болады. Сыныптың қабілеті мен тараудағы білімді игеру қарқыны ескеріледі.

Қалыптастырушы бағалау үдерісі


Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.
Оқыту мен оқуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Бұл қалыптастырушы бағалау барысында жүргізіліп, оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау – барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі. Қалыптастырушы бағалау барысында балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты әрі қарай жоспарлауға ықпал етеді.
Қалыптастырушы бағалау – оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі. Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады:
-Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
-Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
-Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.
-Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай етіп ынтымақтастыру.
-Оқушы өз оқуы барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде қабылдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет