Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет3/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Тыңдалым


Тыңдалым рецептивті дағдылар қатарына жатады. Тыңдалым дегеніміз – тілге сай әрекет ету, яғни тілдің дыбыстық мағынасын түсіну. Ол үшін біз контектіні, тілді және ғалам туралы білімімізді пайдаланамыз. Тыңдалым ауызекі сөйлеу тілін қамтығандықтан, оның тілі жазба тілден өзгеше болып келеді.
Тыңдалымның түрлері:
Әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, нұсқау, лекция және жарнама
т.б.
Оқулық көлемінде ұсынылған тыңдалым мәтіндері қысқа және ұзақ болып келеді. Оның қысқа
нұсқалары тілді тыңдап тануға немесе жаңа сөздер мен тілдік құрылымдарды таныстыру мақсатында беріледі. Ал ұзақтау болып келетін диалогтер мен монологтар, өлеңдер мен әндер тыңдалым дағдысын қалыптастыруға және тыңдағанды қаншалықты оқушы түсінгенін бағамдап білуге арналып жазылған.
  1. Оқылым


Оқылым рецептивті (қабылдаушы) дағдылар қатарына жатады. Оқылым дағдысы мәтінді жазу, айтудан гөрі жауап қайтару немесе мақсатқа сай әрекет етуді білдіреді, яғни жазба тілдегі мәтінді түсіну.
Аталған кешен интенсивті және экстенсивті оқу материалдарымен молынан қамтылған. Оқулықтағы мәтіндердің басым бөлігі арнайы жеңілдетілген тілмен (адоптированный) жазылған.
Алайда арагідік тілдің табиғи қалпын оқушыға таныту үшін өңделмеген нұсқадағы мәтіндер де мақсатты түрде оқулыққа енгізілген. Оқылымның шолып оқу, нақты мәліметті тауып оқу немесе болжап оқу, мәтін абзацтарын ретімен оқу т.б.
  1. Айтылым


Айтылым – продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни тілді қабылдап үйренуден гөрі оны қолдану, сөйлеу көрініс табады.
Айтылым дегеніміз – өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін тілдік бірліктерді қолдану.
Қазіргі заманғы көптеген жаңа тәсілдер ақпараттық-үдерістік модельге негізделеді. Зерттеу көрсеткендей, әр адам өзі туралы ойын білдіргенді ұнатады. Сөйлесім тапсырмасын орындату үшін осы бір жайт қатаң ескерілді. Оған қоса қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын оқушыға үнемі сөйлесім үлгісі ұсынылады. Тіпті оқылықта мұндай нұсқау түрі болмаса да, мұғалім өзі немесе сыныптағы қабілеті жоғары оқушы сыныпқа үлгі көрсете алады. Ерекше атайтын жайт, сөйлесім дағдысы қалыптасу үстіндегі оқушылардың қатесін үнемі түзеу немесе сынып алдында жариялап түзеу әдісін қолданбауды ұсынамыз. Оқушының ынтасын жоймайтындай әдіс-амал қолдану арқылы ғана қатені түзеп көрсетуді жүзеге асыруға болады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет