Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


«ӘҢГІМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАЗУ»



бет14/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«ӘҢГІМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАЗУ»


Ұйымдастыру: топтарда/жұптарда
Қажетті материалдар: ақ парақтар мен қалам
Мақсаты: әңгіме желісі бойынша мағыналы жазбаны топтарда немесе жұптарда талқылай отырып жазу, әңгіме туралы әртүрлі көзқарас тұрғысынан ойлану және идея алмасу
Сипаттамасы: бір әңгіме бойынша кең көлемді жұмыс жасау үшін төменде ұсынылған активитилердің біреуін жазуды қолдану үшін таңдауға болады. Оқушыларды шағын топтарға немесе жұптарға бөлу. Оқушылардан жазба формасын таңдауды сұраңыз немесе әр топқа қағаз
қиындыларына жазып, жеребе тартқызуға болады. Жазуға дайындық және жазу уақытын белгілеп оқушыларға ескерту. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайлау. Оқушалардан не жазатынын талқылауды сұрау.
  1. Шақыру қағазы


Оқушылар мазмұнында кеш, үйлену тойы немесе басқа да жиындары бар әңгіме бойынша шақыру қағазын жазады.
  1. Хат


Оқушылар әңгіменің кейіпкерлерінің біреуінің көзқарасы тұрғысынан хат жазады.
  1. Ашықхат


Оқушылар әңгіменің кейіпкерлерінің біреуінің атынан кейіпкердің ата-анасына хат жазады.
  1. E-mail


Оқушылар әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.
  1. Күнделік


Оқушылар әңгіменің бір кейіпкерінің көзқарасы тұрғысынан әңгіме жазады.
  1. Газет мақаласы


Оқушылар газет мақаласы түрінде әңгіме жазады.


«САУСАҚПЕН ӘҢГІМЕ ЖАСАУ»


Деңгей: жеңіл
Ұйымдастыру: барлық сыныппен
Мақсаты: әңгімені саусақтарды қимылдата отырып тыңдау, концентрация дағдыларын дамыту, физикалық координацияларын арттыру
Қажетті материалдар: әңгіменің қағаздағы көшірмесі
Сипаттамасы: оқушыларды өзіңіздің айналаңызға шеңбер құрып отырғызыңыз. Екі қолыңыздың саусақтарына әңгіме кейіпкерлерінің рөлдерін беріңіз. Саусақтарыңызды әңгімені тыңдап және желісіне ере отырып қимылдатыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет