Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Деңгейі: әртүрлі жастағыларға арналады Мақсаты



бет16/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Деңгейі: әртүрлі жастағыларға арналады
Мақсаты: сыни ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытуға және оқу белсенділіктерін арттыруға арналған
Сипаттамасы: Топқа бір тақырып бойынша мәтін немесе ресурс материалы, суреттер беріледі. Үйренушілер осы ресурс бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша 15 идея айтуы тиіс. Спикер топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізуге болады.


«КОЛЛАЖ»


Деңгейі: әртүрлі жастағы білім алушыларға арналған
Мақсаты: сыни ойлау дағдылары және коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған
Сипаттамасы: оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар беріледі. Оқушылар журналдардан әртүрлі суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.


«ПАНТОМИМА» әдісі


Оқушылар бір сөзді қимылмен бейнелейді, ал екінші оқушы оны табуы керек.


«ЖІПКЕ ЖАН БІТІРУ» әдісі


Бір оқушының қолына 15–20 см тоқыма жібі беріледі. Ол оқушы сұқ саусағына жіпті орай отырып, жіп түгелдей оралып біткенше өтілген тақырып туралы өз білгенін айтады.


«БІР МИНУТ ҚАНА»


Оқушылар кезекпен бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді.


«ӨЗ МИЫҢДЫ СУРЕТТЕ»


Оқушылар ақ параққа өз миының суретін қағазға салып, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.


«Балық аулау» әдісі


Өткен тақырыпты пысықтауға арналған ойын түрі. Түрлі түсті қағаздан балықтар қиылып алынады. Балықтарға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар жазылады. Оқушының қолына қармақ беріледі. Оқушы қармағымен балық аулап, сұраққа жауап береді. Жиналған балықты аквариумге салып отырады.


Мұғалімге арналған нұсқаулық жоғарыда аталғандарға қоса, сыныптағы оқушылардың арасындағы интерактивті қарым-қатынасты ұйымдастыруға, оларды өз жұмыстарын немесе өзгелердің білімін бағалауға арналған нақты нұсқауларды әр сабақ бойынша түсіндіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет