Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет15/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«ЖӘРМЕҢКЕ»


Деңгей: жеңіл, орта. Бұл ауызша қарым-қатынас жасау жаттығуын кез келген жастағы оқушылармен өткізуге болады.
Қажетті материалдар: қолдан жасалған ақша
Мақсаты: мейілінше көп тауар (тауар ретінде идеялар, оқу материалдары қолданылуы мүмкін) сату
Сипаттамасы: оқушылар «сатушылар» мен «сатып алушыларға» бөлінеді. Сатушылар парталардың артына тұрып, барлық сатып алушылар келіп сауда жасай алатындай орналасады. (Мысалы: сыныптың айналасына керегелерге арқаларын беріп тұрады). Сатып алушыларға ақша үлестіріп береді (ақша, доллар, еуро т.б). Оқушылар мейілінше көп идея немесе зат сатып алуға тырысады (әрбір идея немесе зат үшін ақша төлейді). Мұғалім «тоқта» деп немесе қоңырау шалып белгі беріп, бір тауардың атын атағанда, ойыншылар тоқтап, сол тауарды сыныптың алдыңғы жағында орналасқан себетке салады. Ал қалғандары ойынды жалғастырады.
Ең көп тауар сатып алған ойыншы жеңеді. Оқушылар рөлдерімен ауысады.
Оқушыларға ойыннан шығып қалмаулары үшін мейілінше көп ақша беру ұсынылады.


«УАҚЫТ ШЕҢБЕРІ»


Деңгей: кез келген
Қажетті материалдар: орындықтар, доп
Мақсаты: оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынастарын, дағдыларын дамытуға қолдау жасау, бірін-бірі тыңдауға дағдыландыру, өзіндік бағалау мен өзіне сенімдерін дамытуға көмектесу, шығармашылығын қолдау
Сипаттамасы: мұғалім оқушылармен қатар орындыққа немесе көрпеге отырады. Бұл – сыныптағы болып жатқан әрекеттерді мұғалім басқарушы емес, мұғалім қолдау көрсетуші ретінде көрсету белгісі.
Мұғалім жаттығу ережелерінің сақталуын қадағалауға, барлық оқушыларының эмоцияларының қорғалуын қамтамасыз етуге, қисынды әрекеттердің дайындалуына жауапты. Оқушылар ережені бұза берген жағдайда, мұғалім жаттығуды тоқтатуға әзір болуы керек.


«515»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет