«КІМ НЕ ТҮСІНДІ?»
Мәтіннен не түсінді?
|
Мәтінде не
қызықтырды?
|
Мәтінде не түсініксіз
болды?
|
|
|
|
Тыңдаушы:
|
Мәтіннен не түсінді?
|
Мәтінде не
қызықтырды?
|
Мәтінде не түсініксіз
болды?
|
|
|
|
Тыңдаушы:
|
«ОҚЫРМАН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ»
Жүзеге асыру қадамдары:
Бұл әдістің түрі арнайы дайындықты қажет етеді. Топ мүшелері бірдей мәтінмен жұмыс істейді.
Олар мәтін бойынша жеке тапсырма алады.
Жұмыс барысында мәтіннің мазмұнын жұппен талқылайды. Мәтіннің тақырыбы бойынша топпен сұрақтар құрастырады. Олар әртүрлі дереккөздерден мәтінге қосымша мәліметтер іздейді. Сонан соң аудиторияда топпен дайындаған тақырып бойынша қалай хабарлама жасайтындарын келісіп алады. Бақылау, зерттеу жүргізу нәтижесін баяндайды. Мұғалім конференцияда өзара бөлінген тапсырмаларды хабарлауға уақыт белгілейді (5–10 минут). Конференция соңында бағалауға байланысты кері байланыс ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі.
«Оқырман конференциясы» әдісі бойынша толтырылатын кесте
Топ
|
Мәтіннің
тақырыбы
|
|
|
Мәтіннің қысқаша
мазмұны
|
|
|
Мәтіннің тақырыбы бойынша
сұрақтар
|
|
|
Мәтінге қосымша
мәліметтер
|
|
|
Хабарлама
түрі
|
|
«ЕКІЖАҚТЫ КҮНДЕЛІК»
Оқушыға мәтін мазмұнын өз тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Парақ ортасынан екіге бөлінеді. Сол жағына ерекше әсер еткен үзінді немесе өзінің жеке тәжірибесіне ұқсас кезең, есіне түскен тұстары жазылады. Өз тәжірибесімен ұқсас келген тұстары немесе әсер еткен, қарсылық тудырған кездері де болуы мүмкін. Оң жағына түсініктеме беріледі.
Мәтіннен ерекше есімізде
қалған цитатаны жазамыз:
Есіңізде қалған
Көз алдыңызға елестеткен
Қарсы пікір тудырған
Ойға қалдырған
|
Түсініктеме береміз:
Не себептен бұл цитатаны жаздыңыз?
Қандай ой тудырды?
Қандай сұрақ туындады?
|
|
|
Мәтінмен жұмыстың «ТӨРТ РЕСУРС» әдісі
Льюка және Фрибоди моделі
Ұсынылып отырған әдістің артықшылықтары:
тыңдаушының мәтінмен жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;
мәтіннен алған білімін өз бетінше бағалай алады;
мәтінмен өмірді байланыстыруына мүмкіндігі бар;
сыни ойлауын дамытады.
«Төрт ресурс» әдісі бойынша толтырылатын кесте
Кодтай білу немесе мен қалай мәтіннің шырмауын шешемін?
Мәтінді қалай түсінемін? Неден басталады?
Неге негізделген?
Қандай құралдар қолданады?
|
Қолдана білу немесе мәтінді қалай қолданамын?
Мәтіннің мақсаты мазмұнымен үйлесе ме?
Мәтінді қалай дәл қазір осы жерде, осы уақытта қолдана аламын?
Басқалар бұдан не алады? Менің мүмкіндігім қандай?
|
Түсіне білу немесе мәтінге қалай қатысамын?
Мәтіннің идеялары өзара қалай байланысқан?
Мәтінде қандай дәлел қолданылған?
Мәтінді қалай басқаша түсіндіруге болады?
|
Бағалай білу немесе мен сыни ойлайтын сауатты оқырман ретінде
Кімнің ұстанымы, пікірі мен мүддесі қозғалған?
Кімнің пікірі айтылмаған немесе жоқ?
Қандай пікір айтылған?
Менің пікірім басқалардың пікірімен сәйкес келе ме?
|
«ДЖИГСО» әдісі
Бұл тәсіл негізінде оқушы:
ақпаратты өз бетінше ұғынады, меңгере алады;
меңгерілген ақпаратты басқа топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізеді;
мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс істеу дағдысы дамиды;
жаңа ақпаратпен жұмыс істеу барысында ынтасы артады;
белгілеу, тұжырымдау және мәтінге қатысты сұрақтар қоя біледі;
басқаларды естиді және тыңдай біледі;
ақпаратты қысқа да нұсқа жазбаша түрде бере алады;
өзінің және топ мүшелерінің білім алуына жауапкершілікпен қарайды;
таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.
Әдісті жүзеге асыру қадамдары:
қадам: сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау. Тақырып бойынша білімін өзектендіру;
қадам: топтарға бөлу (1, 2, 3, 4.....) мәтін қанша бөліктен тұрса, топ та сонша бөлікке бөлінеді;
қадам: (1, 2, 3, 4) әр мүшеге тапсырма беріледі, сабақ соңында әр топ мүшесі мәтінді толығымен біліп шығуы керек, сондықтан әр бөлікті оқитын топ мүшесі үлкен жауапкершілікпен өз бөлігін оқуы керек, себебі ол өз тобындағыларға оқығанын жеткізе алмаса, мәтін толық меңгерілмей қалады.
4-қадам: 1+1+1+1; 2+2+2+2; 3+3+3+3; 4+4+4+4; сараптау топтарына бөліну;
қадам: мәтіннен өзіне бөлінген үзіндіні оқып, сараптау тобында талқылау, күрделі жерлерін мұқият түсініп, осы үзіндіні өз тобының мүшелеріне қайткенде де түсінікті жеткізудің жолдарын қарастырады;
қадам: өз тобына барып, сараптау тобында түсініп келгендерін бір-біріне үйретеді. Қажет болса, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қоюға болады;
қадам: презентация жасауға, мәтін бойынша сұрақтар қоюға немесе басқа да тапсырмалар ойластыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |