«ОЙЛАН–ЖҰПТАС–БӨЛІС» әдісі (Джесси Джентильдің диаграммасы)
Мұғалім сұрақ немесе тапсырма береді. Оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныптастарымен бөліседі.
«БАҒЫТТАЛҒАН ОҚУ» әдісі
Бұл тәсіл негізінде оқушы:
қадам: мұғалім таныстыратын мәтінді төмендегідей өлшемдерге сәйкес алуы қажет:
мәтін аудиторияға мүлдем таныс болмауы қажет (әйтпесе, қолданылған әдіс мәні мен маңызын жояды);
оқиғасы қызықты болуы керек;
күтпеген шешім «ашық» сұрақпен аяқталуы керек.
қадам: мәтін алдын ала ойдың аяқталуына қарай бөлініп қойылуы қажет. Мәтінді қай жерден үзу керек екені алдын ала белгіленіп қойылуы және қай жерде «аялдама» жасау керек екендігі анықталуы қажет: 1-аялдама, 2-аялдама.
қадам: мұғалім тыңдаушылардың ойлау дағдысын дамытуға бағытталған әртүрлі сұрақтар мен мәтін бойынша тапсырмалар дайындап қоюы керек.
«СЕГІЗ ТӨРТБҰРЫШҚА СУРЕТ САЛУ»
Әртүрлі жастағы оушыларға арналған.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған.
Сипаттамасы: тақта араларында орын қалдыра отырып сегіз төртбұрыш сызыңыз. Еріктілерді шақырып, әрбір төртбұрышқа бір нәрсенің суретін салуды сұраңыз. Олардың әрқайсысына 30 секунд қана уақыт беріледі. Енді сыныпқа сегіз суретке негізделген әңгіме жасауға көмектесу керек. Егер қажет болса, оқушыларды бағыттау үшін тақтаға сұрақтар жазып қоюға да болады.
Келесі нұсқасы:
Журналдан қиылып алынған суреттер салынған жеті конверт дайындаңыз.
Адамдар
|
Жерлер
|
Заттар
|
Қалаулар
|
Қиындықтар
|
Әрекеттер
|
Соңы
|
Оқушылардың жұптарда немесе топтарда жұмыс істеулерін сұрап, олардың әр конверттен екі сурет, бірақ «соңы» конвертінен бір сурет таңдауларын сұраңыз және суреттердің тізбегін келісіп алып оларды партаның үстіне ретпен жайып қоюларын сұраңыз. Олар кезекпен басқа топтарға барады. Біріншіден, олар барған топтың суреттерінің тізбегіне қарап отырып олардың әңгімелерінің желісін болжауға тырысады, тек содан кейін сол топтың құрастырған әңгімесін тыңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |