4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.3.1.1 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты
тауып/шолып/белгі қойып оқу
Мұғалім оқушыларға кіріспе әңгіме арқылы сабақ тақырыбын ұғындырады. Жазғы демалыс кезінде Қазақстанның қандай аймақтарында немесе қалаларында болғандығы туралы қызықты әңгіме өрбітеді. Әңгімелеу барысында барған жерінің 2-3 суретін көрсетеді, қалалардың атын карточкаларға жазып, тақтадағы картаға орнатады. Сонымен бірге мұғалім өзі әңгімелеу барысында оқушылардың оңай түсінуі үшін және алдағы тапсырманы орындауда басшылыққа алуы үшін үлгі болатындай сөйлемдер
құрылымын (шаблонын) қолданады.
Оқушылар келесі кезекте «Сөйлесейік»айдарымен берілген оқулықтың 1-тапсырмасын орындауға жұмылдырылады. Ол үшін алдымен мұғалім қасына бір оқушыны алып сөйлесім үлгісін көрсетеді. Оқушылар жұппен немесе үшеуден бірігіп, топпен сұрақтарды талқылайды. Мұндай жұмыс барлық сынып алдында жауап беруге өз тобы арасында дайындалуға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, шаблондарды қолдана білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді. Мұғалім өзінің байқап, бағамдауы бойынша үлгі бола алатын қабілеті жоғары балаларды
ортаға шақырып, тапсырмаға сай өзі туралы айтып беруін сұрайды.
7 мин
Топтық жұмыс
Негізгі бөлім
Оқулықта ұсынылған «Көрсетейікжәнеайтайық» (2- тапсырма) айдарымен берілген тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың қандай қалаларды білетінін сұрайды. Дер кезінде қала атауларының дұрыс айтылуына ден
қояды.
6 мин
Мұғалім мен сынып
Оқулықтағы сөйлесім үлгісі
Ары қарай оқулықта берілген картаға оқушылардың қараулары сұралып, ол қалалардың қай аймақта орналасқаны туралы талқылайды. Осы тұста жаңа сөздер үйретіледі. Оқушылар
дүниетану сабағында алған білімдерін қолданады.
3 мин
Мұғалім- сынып
Бағыт көрсетілген плакат не
сурет
«Ойнайық» тапсырмасы Қазақстанның қалаларының атауын жаттату мақсатында немесе олардың қай аймақта орналасқанын есте сақтаулары үшін ұйымдастырылады. Тапсырманың оқулықтағы нұсқасы бойынша оқушы картаға қарап алып, есінде қалған қалалардың қай аймақта орналасқанын айтып беруі тиіс. Кемінде 5 қаланың қай аймақта орналасқанын білу міндеті алға қойылады. Бұл тұста тапсырманы басқаша түрлендіріп ұсынуға да болады. Оқушылардан қалалар атауы жазылмай берілген картаны
белгілеу немесе оны нұсқап айту сұралады.