Сабақтың тақырыбы
|
Бурабайдағы демалыс. (1-тоқсан, 1-тарау)
2-сабақ
|
Дағды
|
Тілдік бағдар және тыңдалым
|
Оқыту мақсаттары
|
4.5.1.2 Көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің
мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
|
Лексикалық минимум
|
Аудан, орталық, алыс
|
Алдыңғы білім
|
Қазақстан қалалары
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниетану
|
Сабақтың барысы
|
С.кезеңі
|
Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қарым- қатынас
|
Оқыту ресурстары
|
Кіріспе
|
«Ойнайық!» тапсырмасы алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру және білім мен түсінікті жетілдіру ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырма жұпта орындалады. Тапсырманы орындату барысында «Кім білгір?» әдісін қолдануға болады. Қағаз қиындысына 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылып, оқушылар санға сәйкес сұраққа жауап береді.
Сен қайда тұрасың?
Сенің көшеңде ескерткіш бар ма?
Кемені қай қалада жасайды?
Сенің ата-әжең қай қалада тұрады?
Қай аймақта түйені көп өсіреді?
«Медеу» мұзайдыны қай аймақта орналасқан?
Атырау қаласы қайда орналасқан?
Жеміс-жидек қай аймақта жақсы өседі?
Фарида қайда тұрады?
Сұрақты бір оқушы жұбына қояды, екінші оқушы сұрақты мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді. Сұраққа барынша жылдам әрі қатесіз жауап берілуі керек. 4.5.1.2 көптік/тәуелдік
/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
оқу мақсаты жүзеге асады.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын бақылап отырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. «Жарайсың!»,
«Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Талпын», «Жауабыңды
толықтыр!» т.б. (Мұғалімнің қалауы бойынша)
|
2 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Бурабай тауының суреті
Оқулық
Сөйлемнің шаблонда- ры қима қағаздар
|
|
«Есте сақтайық!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға -да/-де, - та/-те жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып,
«Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен жалғауларды сәйкестендіреді.
Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді.
|
3 мин
|
Топтық жұмыс
|
Жалғаулар жазылған үлестірмелі кестелер
|
Негізгі бөлім
|
Мұғалім оқушыларға Бурабайдың суретін көрсетеді. Оқушыларға сұрақ қойылады: Бұл қай жер? Бұл жер туралы не білесіңдер? Сендер Бурабайда болдыңдар ма? Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, Бурабай туралы қысқаша мәлімет береді.
Қосымша мәлімет:
Бурабай – Көкшетаудағы ең әсем жер. Бурабай көлі емдік қасиетімен танымал. Суы – таза, жұмсақ, тұщы. Бурабайда демалыс орындары көп. Бурабай аудан орталығынан алыс. Адамдар
Бурабайға демалу үшін барады.
|
2 мин
|
Жеке
|
Бурабай көлінің, таулардың, орманның, демалыс орындары- ның суреттері
|
Оқулықта ұсынылған «Жаттығайық» айдары бойынша диалогтегі сөздерге «Қайда?» сұрағын қойып, тиісті жалғауды жалғайды. Мұғалім оқушылардың «Қайда?» сұрағына дұрыс жауап беруі мен тиісті жалғаулардың дұрыс жалғануын бақылайды, оқушылардың қателерін өздеріне түзеттіреді. 4.5.1.2
көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді
ауызша/жазбаша тілде қолдану оқу мақсаты игертіледі.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Оқулық
|
Достарыңызбен бөлісу: |