Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет25/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

«Туған ел» көрмесі. (1-тоқсан,1-тарау)
3-сабақ

Дағды

Тыңдалым және айтылым

Оқыту мақсаттары

4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
4.1.3.1 Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/
кластер құрастыру

Лексикалық минимум

Халық, ұлт, шаңырақ, ту, бейнелеу, орын

Алдыңғы білім

Бурабайда

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, Көркем еңбек

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



а

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Микрофон» әдісі арқылы алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Алдымен микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды. Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру мақсатында жүргізіледі.
«Жаңа сөз үйренейік» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
«Жаттығайық» айдары оқушыларды меңгерген жаңа сөздерін
бекітуге бағытталған және де Қазақстан туралы мәліметтерді толықтыруға арналған.

3 мин

Мұғалім-сынып

Микрофон

Жаңа сөздерге қатысты суреттер

«Анықтайық» айдарындағы тапсырма оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында меңгерген жаңа сөздерді қолданып сөйлеуіне жағдай туғызу керек. Тапсырма сыныппен және топпен орындауға арналған. Бұл тапсырманы әр сурет бойынша жеке топтарға бөліп беруге болады. Оқушылар оқулықта берілген сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Ортақ шаңырақ», «Біздің көше», «Қазақтың даласы», «Әсем табиғат» тақырыптары аясында сөйлейді.
Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Талпын»,
«Жауабыңды толықтыр!» т.б. (Мұғалімнің қалауы бойынша).

5 мин

Топтық жұмыс




Негізгі бөлім

«Жазайық!» айдары. Оқулықта келесі ұсынылатын тапсырма

5 мин

Жеке




алдыңғы тапсырмамен тығыз байланысты болып келеді.

Балалардың салған суреті туралы балалар сөйлем құрастырып

жазады. Осы тұста оқушылар сабақ басында танысқан жаңа

сөздерін қайта қолданады. Бұған дейін ауызша айтып берген

мәліметтерін жазбаша түрде жеткізіп, жазу дағдыларын

дамытады. Кестеге сүйеніп, балалар туралы мәліметті

дәптерлеріне жазады.

«Сөйлесейік» айдарында ұсынылып отырған тапсырма

7 мин

Мұғалім-сынып




оқушылардың сөйлесім дағдысын дамытуға, ойлау дағдысын




жетілдіруге, оқушының өз ойын жасқанбай айтуына, қорытынды

Оқулық

жасай білуге бағытталған. «Неліктен?» деген сұраққа жауап




беру арқылы оқушының сыни ойлауы қалыптасады. Оқушылар




қазылар алқасының орнында болса өздері қандай мазмұндағы




суретті үздік деп танитындықтарын әңгімелейді.







«Тыңдайық» айдарында ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың тыңдау арқылы есте сақтау дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар диалогті тыңдайды, қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет