«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау (мұғалімнің бағалауы)
(Ұ) «Жаңа сөз үйренейік» айдары. Сөздік жұмысы: жіп, қайшы, түйме, ине сөздерін меңгерту жүзеге асырылады
Осы сөздердің мағыналарын ым-ишара арқылы түсіндіру.
Дұрыс айтуға дағдыландыру:
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.
Сөйлемдер құрастыру.
Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Суреттер
|
|
«Ойланайық» айдарымен берілген тапсырма оқушылардың екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып, мағыналық ерекшеліктерді түсінуі үшін ұсынылған болатын. Бірінші бағанда нақты қашан жүзеге асатыны белгісіз бірақ жоспарда бар істер туралы айтқанда қолданылатынын, ал екінші бағанда ертең нақты орындауға ниетті болғанда қолданатын құрылым екенін мұғалім оқушыларына ұғындырады. Егер сынып оқушыларының тілдік деңгейі мүлде төмен болатын болса, екі бағандағы білім мазмұнын екі сабаққа арнайы бөліп ұйымдастыруға болады, үшінші сабақта ғана салыстырып пысықтауды өткізу немесе өткізбеу мұғалімнің өз еркінде.
|
|
|
|
Негізгі бөлім
|
«Есте сақтайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада сөйлемдерді оқып, мағыналық өзгешелігі мен ұқсастығын табады. Оқушыларға жоспарлы жұмыстар туралы айтуда сөйлем құрылымының қандай болатындығы туралы мұғалім жете ақпарат береді.
|
7 мин
|
жұптық жұмыс
|
Суреттер Оқулық
|
«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада жақшаны ашып, -ғалы,
-гелі, -қалы, -келі қосымшаларын жалғап жазады. Мысалы, тігу-тіккелі, қию-қиғалы.
Үлгі: Мен орамал тіккелі жатырмын.
Оқушылар мұғалімнің көмегімен бір-біріне «Бүгін не істейсің?» сұрағын қою арқылы алдағы жоспарлы әрекетін баяндап үйренеді.
Үлгі: Мен қазір үйге қайтқалы жатырмын. Одан соң сабақ оқығалы жатырмын. Орындалатын оқу мақсаты – 4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде
қолдану.
|
6 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Кесте Оқулық
|
«Оқиық және жауап берейік» айдарымен ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіруге арналған. Мәтінді түсініп оқып, мәтін бөліктерінің ретін анықтайды. Берілген суреттердің ішінен мәтінге қатысты суретті тауып, сол сурет бойынша әңгімелейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |