Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет177/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Жайсыз күн. (3-тоқсан, 5-тарау). 66-сабақ

Дағды

Жазылым

Оқыту мақсаттары

4.4.2.1 Оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.2.5.1 Шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім бойынша,
... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау

Лексикалық минимум

Ерте, кеш, жарқырау, жел, жайсыз, қолайлы, құлау, сәуле

Алдыңғы білім

Күн райын болжамы

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

«Жаңа сөз үйренейік» айдарында мұғалім жаңа сабаққа кіріспе ретінде оқушыларды жаңа сөздермен таныстырады. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру үшін суреттерді пайдаланады. Мұғалім оқушыларға суреттерді көрсету арқылы айтылым дағдысын, ойлау қабілетін дамыту мақсатында жұмыс жүргізеді. Суреттер (желмен майысқан ағаш, «Таңғы 7» деген жазуы бар жаттығу жасап жатқан бала, тамақтанып отырған қыз, күннің түсіп тұрған сәулесі, тайғанап құлаған қыз) оқушылардың есінде жақсы сақталып қалу үшін сабақтың соңына дейін қабырғада немесе тақтада ілулі тұрғаны дұрыс, себебі оқушылар көру арқылы естерінде әлдеқайда жақсы сақтайды.

5 мин

Мұғалім-сынып

Жаңа сөздерді меңгертуге
байланысты әртүрлі суреттер

Мұғалім оқушылар сөздік қорындағы сөздердің мағыналарын жете білген жағдайда ғана оны дұрыс қолдана алатынын ескереді. Үйренген сөздерін қолдануға мүмкіндік жасайды, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, жаңа сөздерді көбірек қолдануға дағдыландырады, жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйретеді. Сонымен қатар жаңа сөздің оқушы есінде сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылар сөздерді бірнеше рет қайталайды, сөз тіркесін құрастырады, сөйлемдер құрайды. Оқушылардың сөздерді қаншалықты меңгергенін тексеру үшін мұғалім жазуды алып тастап, суреттерді араластырып қояды. Оқушыларға суреттерді көрсеткенде, оқушы қандай жаңа сөзге қатысты екенін айтады.




Негізгі бөлім

«Жаттығайық» тапсырмасын орындау арқылы оқушылар жаңа сөздерді орынды қолданып, сөйлем құрастыруды үйренеді. Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы «сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасына аударады. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрастырады.

3 мин

Жеке жұмыс

Жаңа сөздер жазылған А4 парағы



Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. Қандай мадақтау сөздерін қолдану керектігі мұғалімнің өз еркінде. Бұл тапсырма аясында сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және құрмалас сөйлем құрастыру.




«Анықтайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға кестедегі сөйлемдер беріледі. Оқушылар сөйлемдерді салыстырып, қандай айырмашылық бар екенін айтады. Мұғалім оқушыларға күшейтпелі
шырайдың мағынасын түсіндіреді. Мысалдар келтіреді. Бұл тапсырма аясында шығарманың кейіпкері туралы пікірлерді (менің түсінігім
бойынша, ... оның пікірінше, ... оның айтуынша, ... кейбір адамдардың ойынша, ...) салыстыра отырып бағалау оқу мақсаты жүзеге асады.

5 мин

Оқушы-мұғалім

Күшейткіш буын арқылы жасалған сөздер
жазылған қағаз




«Жаттығайық» тапсырмасын орындау үшін оқушыларға бірнеше сөз беріледі. Олар сөздердің мағынасын күшейтіп айтады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар сөздерді анық, нақты айтуы керек.

5 мин

Жеке жұмыс (әр оқушы)




Үлгі: сары – сап-сары

Сары, қоңыр, әдемі, таза, ерте, жақын, ашық, қара, тыныш, салқын, жылы

Тапсырманы дамытып, түрлендіру үшін оқушылар осы сөздерді қолданып сөйлем құрастырады, мұғалім тексереді. Оқушылар құрастырған сөздерін тақтаға жазады.

Үлгі: Аспандағы күннің түсі – сап-сары.

«Сөйлесейік!» тапсырмасын орындауда оқушылар оқулықтағы суреттермен жұмыс жүргізеді. Тапсырма топта орындалады. Әр топ өз бетінше сурет бойынша ауа райының өзгеруі туралы ауызша әңгіме құрастырады. Әңгіме құрастырып болған соң ортаға шығып, сурет бойынша әңгімені баяндап береді. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдайды, ең жақсы әңгіме құрастырған топ «дүркін шапалақ» арқылы бағаланады.

7 мин

Топтық жұмыс

Тақырыпқа қатысты сурет






Оқушылар «Жазайық» айдарындағы тапсырманы орындайды. Алдыңғы тапсырмада оқушылар сурет бойынша ауызша әңгімелеп берген болса, «Жаз» тапсырмасында сурет бойынша тірек сөздерді басшылыққа ала отырып, әңгіме құрастырып жазады. Мұғалім оқушыларды жазылым тапсырмасына арналған бағалау критерийлерімен таныстырады. Тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған.
Бағалау критерийлері
Әңгіменің сурет бойынша жазылуы

7 мин

Мұғалім-сынып

Жазылымға қатысты топтарға таратылатын
А4 парағына
жазылған тірек сөздер, маркер, флипчарт

Тірек сөздерді орынды қолдану




Әңгіменің мағыналы болуы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет