Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет185/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар өлеңнің мазмұнын апта күндерімен байланыстыра отырып, кестені толтырады. Кестені толтыру арқылы оқушылар өлеңнің мазмұнын толық меңгеріп, айтылым дағдылары дамиды. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, кестені толтырады. Мұғалім оқушыларды бақылап, бағыт береді.
Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

2 мин

Оқушы-мұғалім

Апта күндері
жазылған кесте


Дүй- сенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бей- сенбі

Жұ- ма

Сен- бі

Жек- сенбі






























«Ізденейік» айдарындағы тапсырманы орындауда оқушылар өз беттерімен ғаламтордан алдағы аптаның күн райының болжамын қарастырады. Әр топ телефоннан туыстарына хабарлама жазады.
Хабарлама жасау үшін үлгіні басшылыққа алады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар хабарлама жазуды және ғаламтордан
қажетті материалды іздеуді үйренеді. Тапсырма топта орындалады. Әр топ хабарлама жазып болған соң, оны оқиды.

3 мин

Жеке жұмыс (әр оқушы)

Хабарлама жазу үшін түрлі түсті қағаздан
қиылған
телефон макеті

Үлгі:




Туыстар, көршілер, достар!




Ертең күн райы болады. киініңіздер.
айтуынша, сынап бағанасы таңертең көрсетеді. Ал кешке көрсетеді. Баршаңызға сәтті күн тілеймін.




Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың қажетті ақпаратты табу үшін түрлі дереккөздерді қолданады мақсаты жүзеге асады.




«Ойнайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар топқа бірігіп,
«Жұмбақ» ойынын ойнайды, заттардың атауын айтпай, оны жұмбақтап түсіндіреді. Бір затты сипаттап түсіндіреді, оқушылар ол заттың не екенін табады. Егер оқушылар затты дұрыс тапса, сол заттың суретін көрсетеді. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

7 мин

Топтық жұмыс



Сипаттауға арналған заттардың
суреттері

Сипаттауға арналған заттарды оқушылар өздері таңдайды. Бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыруға, өз ойын еркін, қымсынбай жеткізуге бағытталған.







Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға мұғалім пысықтау сұрақтарын қояды.

  1. Өлеңнің мазмұны не туралы?

  2. Бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздермен таныстыңдар? Оқушылар бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

3 мин




Рефлексия:
«Бес саусақ»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет