Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы 5А11301- ана тілі мен әдебиеті (қазақ тілі)


Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудің әдіс-тәсілдері



бет7/9
Дата09.09.2022
өлшемі70,23 Kb.
#149092
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 5305795266522122806

2.2. Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудің әдіс-тәсілдері
Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі əрекеті – ойын болса, оқу-тəрбие үдерісінде олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу əрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Ойынның мақсаты – Ойын технологиясы арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндетті шешеді. Ойын: - сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. - сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. - сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Бастауыш сынып мұғалімі оларды жалықтырмай əр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуі керек. Ойын əрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нəрсе: білім, əрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұштыұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан;
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дəл тауып айт, т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото, жəне басқа констукторларды пайдалану;
5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, əңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Қазақ тілі пəнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай əртүрлі əдіс-тəсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ əрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы – ыдыс, Ыдырыс, ыстық І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е – береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық «Дыбыс таңдау ойыны». Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан əріптер» ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса. 1. р, о, б. – бор 2. а, ш, а, ғ. – шаға Лексика бойынша «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда.... Ұшқанда
2. Көп... Терең... «Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мəтелдерді кім біледі? «Жылдам жауап» ойыны. Оқушыларға əзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен жəне мақалмəтелдермен дұрыс əрі жылдам жауап берілуі керек. Морфология саласы бойынша «Ойлан тап» ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан.
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен.
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған.
Қорыта айтқанда, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда əрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады. Ойындар – оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақылойдың қалыпты дамуы да жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет