Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Сөйлемде етістіктен болған мүшемен байланысты болып, етістік



Pdf көрінісі
бет305/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Сөйлемде етістіктен болған мүшемен байланысты болып, етістік 
мағынасындағы қимылдық процестің амалын, мезгілін, мекенін, 
мақсатын, мөлшерін, себеп-салдарын білдіретін тұрлаусыз мүшені
 п ы с ы қ т а у ы ш дейді. 
Пысықтауыштар қ а л а й ? қ а й т і п ? қ а ш а н ? қ а й д а ? (қ а л а й қ 
а р а й ? ) қ а й д а н ? қ а н ш а ? н е с е б е п т і ? н е л і к т е н ? к і м ү ш і 
н ? н е ү ш і н ? н е м а қ с а т п е н ? қ а н ш а у а қ ы т ? н е ш е р е т? н е
с а й ы н ? н е а р қ ы л ы ? деген сұрақтардың біріне жауап болады. 
1.Лавада жұмыс 
қызу 
жүріп жатыр. 
2) 
Қызған сайын 
жұмысшылар да 
түндей түнерген забойды күнше күркіретіп жіберді. (Ә. Ә.) 
3) 
Жау 
кейін 
шегінді. 
4) 
Біз 
ілгері 
бастық. (Ғ. Мүсір.) 
5) 
Қарағандыға Лизалардың тойына 
әдейілеп 
академик келді. (С. Ер.) 
6) 
Лаврецкий қысты 
Москвада 
өткізді. (И. 
С. Тур.)
§ 119. Пысықтауыш болатын сөз таптары 
 
Сейлемнің әрбір мүшесінің атқаратын синтаксистік қызметіне сай, сол 
қызметті атқаратын белгілі сөз табы болады. Бастауыш зат есімнен
баяндауыш етістіктен, толықтауыш зат есімнен, анықтауыш сын есімнен 
болып келетін болса, пысықтауыш, көбінесе, үстеулерден болып келеді. Бірақ 
бұдан әрбір сөйлем мүшесі тек белгілі бір ғана сөз табынан тұрады да, өзге сөз 
таптары ол қызметте қолданылмайды деген түсінік тумайды. Негізін-де, 
сейлемнің белгілі бір мүшесі қызметінде жұмсалатын сөз табы болады да
орнына қарай бір сөз табы сөйлемнің әр түрлі мүшесі қызметінде қолданыла 
береді. 
Пысықтауыш төмендегі сөз таптарының тұлғалық ерекшеліктері арқылы 
жасалады. 
I. Пысықтауыш басым көпшілігінде үстеулерден болады. 
1)
Шөл елінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет