Тапсырмаға сараптама жасау
Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (екі жақты теріс пайымдау, қажетсіз қиын сөздер, күрделенген синтаксис, жаргон сөздер, диалект сөздер, анық емес сөздер және т.б.)?
Тапсырманың берілуінде түсінік беретіндей тұстары жоқ па (тура, ауыспалы)?
Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?
Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
Балл қою кестесі/дескрипторлар тапсырмаға сәйкес пе?
Жауап нұсқаларының ішінде дұрыс жауабы бар ма?
Дистракторлар дұрыс құрастырылған ба?
Жауап нұсқалары логикалық реттілікпен орналасқан ба?
Тапсырмаға сараптама жасау
Тапсырмалар спецификациямен сәйкес (оқу мақсаты, балл саны, орындау уақыты)
Тапсырмалар мазмұны оқу мақсаттарына сәйкес
Тапсырмалар мазмұны ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес
Тапсырмаларды орындау уақыты рационалды түрде белгіленген
Жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы ұсынылған
Балл қою схемасының құрылымында барлық маңызды компоненттер сақталған (тапсырма нөмірі, тапсырманы орындау кезеңдері көрсетілген жауаптар, әр кезеңнің баллы, балл қою бойынша ұсыныстар келтірілген қосымша ақпарат)
Тапсырманың күрделілік деңгейіне балл саны сәйкес келеді
Достарыңызбен бөлісу: |