«Қазақ тілі мен әдебиеті» 4 курс


Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің міндеттері мен мазмұны



бет2/14
Дата24.05.2022
өлшемі44,58 Kb.
#144825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ғабит-Мүсіреповтың-өмір-жолы-5687
english
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің міндеттері мен мазмұны.
Бүгінгі таңда еліміздің халық ағарту ісіне, мектепке әрдайым қамқорлық жасап, оның даму жолдары мен оқу перспективаларын көрсетіп отырды.
Мектептегі оқу мен тәрбиенің өмірмен, өнімді еңбекпен байланысын нығайту әдебиет мұғаліміне де зор талап қойып, үлкен міндет жүктейді. Өйткені жас жеткіншектерді тәрбиелеудің өскелең жаңа міндеттері әдебиет мұғалімінен терең білімді болуды, педагогикалық және әдістемелік шеберлікті, әдебиетті әрдайым творчестволық шабытпен оқытуды талап етеді. Ол әдебиет сабақтарында оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасын қалыптастырады; олардың идеялық-саяси және моральдық-эстетикалық жақтарынан өсіп жетілуіне көмектеседі: олардың дұрыс ойлау білушілік қабілетін жетілдіріп, тіл мәдениетін дамытады.
Бұл айтылған міндеттердің дәрежесінде болу үшін, әдебиет мұғалімі өз жұмысының мазмұны мен формасын айқын ұғынып, жетік білуге тиісті. Бұл ретте әдебиет мұғалімінің арқа сүйеп, тірек тұтатыны- қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Себебі көркем әдебиет пәнін сөз өнері ретінде оқыта білудің принциптері мен міндеттерін белгілеп беретін осы әдістеме болып табылады.
Әдебиет мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеті негізінен ІV-VIII және VIII-XІ сыныптарға арналған әдебиет бағдарламасында белгіленген. Мұғалім оқу жылы басталар алдында бағдарламаның түсінік хатын оқып, әдебиетті оқу міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқауларымен, әдебиетке байланысты сыныптан, мектептен тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен т.б. танысады. Бірақ қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мазмұнында қамтылатын негізгі мәселелерді айқын және терең ұғыну үшін бұл жеткіліксіз. Демек мұғалім әдебиет бағдарламасымен тек үстірт қана танысып қоймай, әдістеме мазмұнының талап-тілектеріне сәйкес тұрғыдан қарап, сын көзімен тексеріп, зерттеп, творчестволықпен меңгере білуге тиісті. Тек сонда ғана ол әрбір сыныпта оқып үйренілуге, өтілуге тиісті әдеби материалдардың ауыр-жеңілдігі, орналасу тәртібінің дұрыс-бұрыстығы, берілген сағат мөлшеріне сәйкестігі, оқушыларға берілетін әдеби-теориялық білімнің көлемі мен мазмұны, жүйелілігі, ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері тағы сол сияқты мәселелер жөнінде дұрыс ғылыми-әдістемелік қорытындыға келе алады.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнін оқытуда қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады.
Нақтылы бір бағдарламалық материалды өтуде көздеген мақсат негізінен бір болғанмен, әрбір оқытушы бұл мақсатқа әр түрлі әдістемелік әдіс-амалдарды қолдану арқылы жетеді. Ал осылардың ішінен сыртқы қауызын алып тастап, дәнін ғана сұрыптап, таңдап, талғап ала білу мұғалімнен үлкен творчестволық қабілетті, шеберлікті талап етеді. Өйткені әдеби материалдың ерекшелігіне байланысты әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, әдіс-амалдары, барысы, құрылысы, мазмұны т.б. болады. Демек сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне қарай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын мүдделі құбылысқа, күрделі оқу-тәрбиелік процеске жатады. Әрбір сабақтың жақсы немесе нашар өткенін дұрыс бағалау үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар есепке алынады. Тек осы факторлардың нәтижесінде ғана әрбір сабақтың сапалы және сапасыз жақтарын айырып білуге болады. Сөйтіп, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі міндеті: мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін принциптік жолмен негіздеп беру. Бұл қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің басты мазмұны болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет