«Қазақ тілі мен әдебиеті» 4 курс



бет5/14
Дата24.05.2022
өлшемі44,58 Kb.
#144825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ғабит-Мүсіреповтың-өмір-жолы-5687

Пьесалары
Ғ.Мүсірепов – қазан төңкерісінен кейін қазақ даласында жаңа туған театрдың көрнекті драматургтерінің бірі. Ол қазақ драма жанры жаңа туып, дамып келе жатқан отызыншы жылдардың басынан осы жанрмен белсене айналысқан. Ғ.Мүсіреповтің қаламынан туған «Қыз Жібек» (1934) музыкалық драмасы (кейін осы аттас операның либреттосын жазды), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1939), «Ақан сері – Ақтоқты» (1941) пьесалары театр сахналарына қойылып, 50-60 жыл бойы театр репертуарынан тұрақты орын алып келеді.
Жазушының бұл пьесалары тартысты оқиғаларға, ұтқыр диалогтерге, кейіпкерлердің дара характерлеріне, халықтың романтикалық сарынына құрылған аса құнды шығармалар. «Қозы Көрмеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» пьесалары халықтың ауыз әдебиетіндегі ғашықтық жырлар сюжетіне құрылған. Жазушының ерекшелігі сол – халықтық жырларда суреттелетін Қозы, Баян, Қодар, Қарабай образдары мен Жібек, Төлеген, Бекежан, Сансызбай, Базарбай образдарын театрлық өнерге бейімдеп, көрермен көкірегінен мәңгі өшпес орын алатын бейне етіп шығара білуінде. Жазушы суреттеген драмалық бейнелер бір-біріне ұқсамайтын өзіндік адамгершілік қадір-қасиеттерімен, мінез-құлық, іс-әрекеттерімен дараланып көрінген. Сөйтіп ел аузындағы халықтық кейіпкерлерді әлеуметтік ортаның заңымен байланыстыра сомдап шығарған.
Ғабит Мүсіреповтің драма жанрындағы аса көрнекті туындысы – «Ақан сері – Ақтоқты» пьесасы. Бұл шығарма тарихи тақырыпқа арналған. Мұнда әйел теңдігі, махаббат мәселесі сөз болады.
1954 жылы осы пьесалардың негізінде «Махамббат туралы дастан» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды. Пьеса орыс тіліне аударылып, Мәскеу театрларында қойылып, жоғары баға алды.


2.3. Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы «Ана» тақырыбы
Ғабит Мүсіреповтің мол шығармашылығы қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі барлық оқырмандарға мәлім. Жазушының әңгімелері 1928 жылдан бастап жазылған жаңа адамды, жаңа дәуірді, жаңа психологияны, жаңа қарым-қатынасты суреттеу жолында әңгіме-новеллалардың шеберлігін, идеясын, композициясын көріп, пайдаланған көркем құралдарын ашып, ұлы суреткердің диалог, портрет, лирикалық шегініс, тіл арқылы асқан шеберлігін көрсету, ана туралы, әйел тақырыбы мен әдебиетте адамзатқа ананың күшті рухын, әдемілігін, жоғары сезімдерін ашып көрсету, ерекше жоғары эстетикалық дәрежеге көтерді.
Екіншіден, Ғабит Мүсірепов жазғанда, кейіркерлердің, әңгімелеушілердің халыө тілімен сөйлегендері, сөздік қоры сондай өмірлік шын, сондай типтік ерекше, бай. Суретшінің тіл сиқырын толық ашуға жетпесек те, тіл байлаығын, шындығын ашып көрсету де бізге бір үлкен мәселе болып табылады.
Әр ана туралы әңгімеде әйелдердің типтік бейне, адамзатты ананы құрметтеу, жоғары бағалау, ананың психологиясын, ерекше сезімдері мен сүйіспеншілігін ашып суреттегені әдебиетке қосқан үлкен үлес деп танимыз.
«Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» қазақ топырағында көктеген туындылар. Атақты циклдің дүниеге келуіне жазушының табиғи таланты, ізденімпаздығы негізгі себеп болса керек.
Жазушының 60-жылдарда жазған «Айгүл қойшының бір күні», «Әмина» атты әңгімелерін де ана тақырыбына арналған шығармалар тобына қосуға болады.
Жазушы әңгімелері оқиғаларын тартымдылығымен, композициялық құрылысының ширақтылығымен, тілінің әсерлі, көркемдігімен айрықша ерекшеленіп көрінеді.
Ғабит Мүсіреповтің жазушылық жолы – бірте-бірте сатылап өсу жолы. Проза саласында жазушы ең алдымен, шағын жанрларда қалам тербеп, машықтанған. Әңгіме, новелла, очерк, повесть жанрларын еркін меңгеріп барып, ол кейінірек романға ауысты.
Ғабит Мүсіреповтің творчествалық ізденуінің ең бір жемісті қадамы оның әңгіме, новеллаларынан көрінеді. Бұл жолда Ғ.Мүсірепов басқалардың ізін қуаламай, өз соқпағын табуға талаптанған. Әсіресе, оның ұстаз тұтып, үлгі алғаны – орыстың озық әдебиеті. Жазушының алғашқы әңгімелері тақырыптық жағынан алуан бола тұрса да жазылу мәнері, тәсіл тұрғысынан көптеген ұқсастықты танытады. Мұны, әсіресе, оның «Ана туралы әңгімелерінен» анық, байқаймыз.
Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс әдебиетінің, айрықша ұстаздық рөл атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс классиктерінен өмір оқиғаларын революциялық дамуы үстінде суреттеуді, күрескер адамның бейнесін жасауды үйреніп қана қоймай кей жағдайда олармен тікелей тақырыптас, үндес шығармалар да жазды. Соның бір мысалы Ғабит Мүсіреповтің «Ана туралы әңгімелер» циклі. Мұның пролетариат әдебиетінің атасы А.М.Горькийдің анық ықпалымен жазылғандығы айқын. Әлем әдебиетінде тұңғыш рет күрескер, өршіл, оптимист ананың образы М.Горький шығармаларында жасалып еді. Ол өмірден жабыққан, тарыққан, жасып қалған аналарды емес, өз бақыты үшін, ел бақыты үшін күресе білетін ер аналардың іс-әрекетін жырлаған. Міне, Горькийдің осы өнегесі Ғ.Мүсірепов әңгімелерінен де анық көрінеді.
Ана туралы новеллалар шоғыры алған рет 1934 жылы «Ана» атты кітапта топталып беріледі. Онда «Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» новеллалары бар. Алғашқы екі новелла Горькийдің ізімен жазыла тұрса да, көп жағынан қазақ әдебиетінің өз туындысындай болып шыққан. Кейінгі жылдарда Ғ.Мүсірепов ана туралы новеллаларына қайта оралып, оған тың шығармалар қосып отырды. Мәселен, соғыс кезінде «Ер ана», «Ақлима» тәрізді новеллаларын жариялады. Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі. Дегенмен, ананың ұлылық сипатын жүйелеп жазған, жан жақты бейнелеген суреткер Ғабит Мүсірепов болып табылады.
Ана туралы тақырыпқа баруы М.Горькийдің әсерімен болғандығын автордың өзі былай мәлімдеген: «Горькийдің тақырыбын, жазу әдісін ұғынам деп талаптанғанымда ұшы-қиыры жоқ кең байлықтың ішіндегі ең бір негізгі саласы – күшті адам екен деген қорытындыға келдім... Құлақта ертеден бір әңгімелер жүретін еді. Горькийдің «Аналарын» қайта бір оқығанда, сол әңгімелерім тіріле бастады. Көп ойланбастан-ақ Горькийдің аналарында да, өзімде де бар әңгімелерді де қағазға түсірдім».
Ана туралы новеллалар тақырыптық жағынан ұқсастығының үстіне идеялық бағыты, пафосы жағынан да бірін-бірі толықтырып отырады. Олардағы ортақ типтік батыр – шындық үшін, әділет үшін өмірдің небір қиындығына да қарсы тұрып, кедергілерді жеңе білетін, әлемге өмір тарататын, сол өмір үшін өліммен айқасатын, қауіптің алдында қорқып иілмейтін, өзінің ұлылығын сезінетін, әрі мейірбан, әрі айбатты күрескер, өршіл, өжет ананың образы. Осы образ қазақ әдебиетіне өзінің үлкен сопылығын, жаңа сипатын, әсерлі күшін алып келген. Ғабит Мүсіреповтің новеллаларындағы Қапия, Нағима, Наталья, Ақлима секілді аналар өздерінің тәлім-тәрбиелік қуаты мен ерлігі жағынан үлкен күрескер адамдармен пара-пар тұрады. Ғабит Мүсіреповтің әңгімелері мен новеллаларында, очерктерінде жасалған адамдар бейнесін аналардың өшпес тұлғалары байыта түседі.
Алайда, тақырыптық ұқсастық пен идеялық үндестігін біріктірген осы новеллалардың жазылу тәсілдері мен мәнерлері түрлі-түрлі. «Ананың анасы» деп аталған новеллада автор есте жоқ ескі заманның, жаугершілік дәуірлердің бір қатал оқиғасын жаңғыртып баяндаған. Бір елді бір елдің шауып алуы, шекарасын бұзып, халқын, мал-мүлкін талауы үздіксіз жүріп тұрған сол бір қатал заманда да әйелдің ұлылығына бас иген адамдар болғандығын айтқысы келген. Жазықсыз елді шауып, жас қызды тұтқынға алып бара жатқан озбыр жаулаушыларды кыздың анасы дәлелді сөзбен тоқтатып, даналықпен жеңеді.
30 – жылдарда қазақ әдебиеті жаппай өрлеу, көркею жолын кешті. Жазушылар өткен өмірдің де, өз заманының да оқиғаларын, бейнелеу үстінде бәрінен бұрын бір мәселеге айрықша көңіл бөлді. Бұрыннан бекіп қалған ескі салт-сананы, көне әдет-ғұрыпты кім бұзса, зорлыққа кім көнбесе халықты, көпшілікті кім қадірлей білсе, өз намысын, ел намысын кім қорғай білсе – соның бәрі әдебиетіміздің қалаулы қаһарманына айналды. Аңыздағы аналарды Ғабит Мүсіреповтің құрметтейтіні – сол аналардың өжеттігі, адамшылық үшін күрестері, жоғары саналылығы. Бұлар жазушы үшін әйел теңдігіне әлі де болса немқұрайлы қараушылықтан арылып болмаған кезде аса қажет революциялық әсері бар мәселелері еді.
«Ашынған ана» новелласы 1916 жылдың оқиғасын байланысты бір эпизодты суреттеуге арналған. 16 жыл әкелген қасірет Қапия ананың да иығына батқан. Оның жан дегенде жалғыз ұлы қара жұмысқа алынатын болады. Содан Қапия барлық айла-амалды, әрекетті қолданып, қалай да баласын аман алып қалуды көздейді. Осы жолда көп азаптар шегеді. Қатты бұлқынған ашу үстінде болысқа және оның қасындағыларға қарсы пышақ та жұмсайды. Көп уақыт абақтыда қамалып жатады. Бірақ ешқандай күш оның жігерін жасыта алмайды. Міне, балаға деген сүйіспеншілік, зорлыққа қарсы өшпенділік қарапайым ананы орасан ерліктерге алып барған.
Бұл әңгімеде үстем тап өкілдерінің зорлықшыл кескіндері де анық суреттеледі. Новелланың соңында келтірілген мына сөздер шығарманың идеялық мұратын белгілейді: «Өмір өзін сіліккен қазір бұл сондай орасан күшті, енді өмірді өзі сілкіп қалуға жараған ана».
Ғабит Мүсіреповтің ана тақырыбына жазған новеллалардің бірі – «Ананың арашасы». Мұнда ол әйел ерлігін тағы да бір қырынан көрсетеді. Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған екі новелла ана туралы циклдің тікелей жалғасы. «Ер ана», «Ақлима» новеллалары соғыс өмірінің бір-бір көріністерінен сыр ашады. Мұндағы аналар жазушының бұрынғы әңгімелеріндегі Қапияға немесе Нағимаға әрі ұқсас та, әрі олардан бөлек те. Бұларды жақындастыратын нәрсе – тағы да ананың күрескер биік тұлғасы. Ал бөлек болатын себебі – айтылып отырған оқиға да, уақыт та өзгеше. «Ақлима» атты новеллада жазушы кешегі Ұлы Отан соғысының халықтың есінен шықпастай ауыр зардаптарын көркемдікпен бейнелей алған. «Әскерден балам келеді, баламнан хабар келеді» деп үмітін үзбей ұдайв күткен Ақлима апайдың тағдырында жүрек терберлік астар бар. Ананың қиыншылыққа шыдамдылығы деген, таршылыққа төзімділігі деген, балаға деген махаббаты қандай болса, оның сол балаға деген үмітінен айырылып қалу қасіреті де қор трагедия. Жазушы қарапайым ана – Ақлиманың балаға деген мәңгі өшпес сүйіспеншілігін, өміршең, мұқалмас үмітін үлкен суреткерлікпен көрсете алған.
Ана туралы новеллалардың тілдік кестесі де әдебиетіміздің алтын қорына қосыларлық кемел көркемдікті танытады. Мұнда неше алуан тапқыр, шешен сөз айшықтарын кездестіруге болады. Әдебиеттің негізгі материалы тіл десек, сол байлықты суреткер еркін меңгерген.
Ғабит Мүсірепов әдебиетіміздегі ана тақырыбын ең мол, ең өнімді, ең сұлу жырлаушылардың бірі екенін кейінгі шығармаларымен тағы да тиянақтай түсті. Жазушының творчествосының алғашқы беттерінен-ақ таныс ана, әйел бейнелері соңғы жылдар сыйы ретіндегі шығармаларда өзгеше бір тосын, өзгеше биік қырларымен ыстық көрінеді. Жазушының ана туралы әңгімелері қазақ әдебиетін тақырыптық жағынан байытқан, жазу мәнері жағынан өзгеше өрнек әкелген бағалы шығармалар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет