«Қазақ тілі мен әдебиеті» 4 курс



бет7/14
Дата24.05.2022
өлшемі44,58 Kb.
#144825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Ғабит-Мүсіреповтың-өмір-жолы-5687

2.5. «Ұлпан» романын талдау


Шығармаға сатылай кешенді талдау:
Шығарманың аты: «Ұлпан» романы
Шығарманың авторы: Ғ. Мүсірепов
Шығарманың тақырыбы: ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
Идеясы: қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегендікті, мейірімділік пен шыдамдылықты, жарына, еліне деген сүйіспеншілікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстанған асыл аналарды дәріптеген.
Жанры: проза (роман)
Шығарма кейіпкерлері:
Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан - кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
Есеней – романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.
«Түрікпен» Мүсіреп - Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары - бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал - мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет