«Қазақ тілі мен әдебиеті» 4 курс


Ғабит Мүсіреповтың сөз шеберлігі



бет9/14
Дата24.05.2022
өлшемі44,58 Kb.
#144825
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ғабит-Мүсіреповтың-өмір-жолы-5687

2.6. Ғабит Мүсіреповтың сөз шеберлігі
Ғабит Мүсіреповтің шеберлігін түсіну үшін, жазған әңгімелерін терең талдау жасағанда білеміз. Бейнелеу құралдарын талдасақ:
Мысалы:
а) Теңеулерді қолданады: «Желден де еркін өмір сүріңдер!»
«Көзден айырылған соң, барлық жарықты көңілі мен құлағына жинаған қарт, ескі күндерді тымақтай бұлғап, төңкеріп-төңкеріп алады».
ә) Тұспалдау, астарлы сөзді пайдаланады: «Сен көзімнің оқырасын алып, шымылдығын аштың...»
б) Лирикалық шегініс: «Біз көгендеген қозыға ұқсап, мұрынды тарта түсіп, Әйтілес үйінде, надан молдадан надандық оқып отырмыз. Келешекте құлдықтан бас тартпай, «оң жағына ұрса, сол жағыңды тосатын» кеше адамдар әзірленіп жатырмыз....» Бұл лирикалық шегініс адамдық еркіндік туралы идеясын қазіргі өзектілігін әңгімелеушінің көзқарасымен байланыстырып, ана тақырыбымен негізгі идеясы тығыз байланыста жазылады.
Ғабит Мүсіреповтің шеберлігі өте бай тілінде қазақтың дәстүрлі сөз тіркестері, теңеулері, мефорлары, эпитеттері, т.б. бейнелеу құралдарды кең пайдалануда.
Теңеу – өзіңдей сұр бойдақ, күнімдей жарқырап, ұзақ түндей
Эпитет – найзагер батыр, сұр бойдақ, құңғыла қыз, арзанға түспейтін қызбын, баукеспе ұры
Метафора – Есеней, сен көлеңкең күндік жерге түсетін бәйтерексің. Мен сенің саяңда шырылдаған бозторғаймын.
Портреттер – Шымыр денелі, сұңғақ бойлы, бұқа мойын, қисық жауырын, Мұртының жоғарғы жағы таңқита қырылған, екі миығы тышқан көрген мысықтың мұртындай дірілдеп қояды. Істік мұрын. Қара төбетей киген, шақша бас.
Мақал-мәтелдер – “Сорлының зары арлыға кездескей”, “Малым -жаным садағасы, жарым – арым садағасы”, “Байлық – бір жұттық, батыр – бір оқтық”, “Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар”, “Құдыққа құлан құласа, құрбақа құлағында ойнар”, “Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын”, “Баласыз әйел – панасыз әйел”, “Жақыныңды жаттай сыйла, жат көңілінен түңілсін”.


2.7. «Ұлпан» романын мектепте оқыту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет