Сабақты қорыту
Оқушы бағалау. (2 минут)
Критерий бойынша бағалау:/ балдық жүйе бойынша/
Жалпы балл 6
«5» - 5-6
«4» - 3-4
«3» - 2-3
Үйге тапсырма:
«Пікір алысу» стратегиясы. Кері әсер парағын толтыру.
|
III. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Міне, біз Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен жалпы еңбектеріне тоқталып еске түсірдік.
«Мүсірепов болса қашанда таңдануға лайық тұлға!» - деп,
Әбдіжәміл Нұрпейісов айтқандай, Ғ.Мүсірепов сөз өнерінің зергері. Оның ерекше сүйіп, жырлаған тақырыбы- ана тақырыбы. Жазушыға тән деталь ойнату, символ қолдану ана туралы әңгімелерінде анық байқалады. Ана туралы цикл- Ақлима, Қапия, Нағима, Ұлпан бейнелері ел рухының асқарлығын паш етіп, адамгершілікті қастерлейді. Мүсірепов бейнелеген ана – қазақтың анасы- кәдімгі қазақ даласында өскен: Қапия, Ұлпан, Нағима, Ақлималар. Өздері де, сөздері де өткір, өктем.. Жазушы осы, ана тақырыбындағы туындылары арқылы аса қайратты, қуатты әйел тұлғасын жасады, ана махаббатының жеңімпаз рухын асқақтата әспеттеді. Жыртқыш аң, долы табиғат, жауыз да, батыр да ана жүрегінің алдында бас иеді.
«Бәрінен бұрын тақырып пайда болады. Пайда болады да жазу- шыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын образдарды, пейзаж жұрнақтары туындап, тұтаса береді»
В. Катаев
Бір сауалдан бір емес, бірнеше жауабы болатын секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея туу мүмкін.
Белинский
Енді бір сәт, әдебиет теориясына тоқталайық.
Тақырып дегеніміз не?
Идея дегеніміз не?
Сюжет дегеніміз не?
Композиция дегеніміз не?
Образ дегеніміз не?
«Егер де мен жазушы
болсам. . .» (үлгі)
Жаратты әңір әйелді:
Бастасын деп бар ерді
Туралық, шындық жолында.
«Адаспассың, азбассың,
Тура жолдан жазбассың,
Ерсең мұның соңына!»- деп әйел заты ұлықтаса, сол сенім артқаны.
Мағжан Жұмабаев
|
Тақырып дегеніміз не?
Жазушының шындық болмыстан таңдап,талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз.
Идея дегеніміз не?
Жазушының өзі суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол- идея
Сюжет дегеніміз не?
1.Сюжет дегеніміз жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр мінездің, типтің өсу, жасалу тарихы
2.Өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама- қайшылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі, кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі
Композиция дегеніміз не?
Композиция дегеніміз көркем шығарманың құрылысы. Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қисынын қиыстырып тұратын тәсіл. Композициялық шеберлік- шығармадағы барлық бөлщекті бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге – негізгі идеяға бағындыру
Образ дегеніміз не?
Образ үшін психологиялық дәлел қажет болса, оқиға үшін логикалық дәлел қажет
|
Достарыңызбен бөлісу: |