Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Көркем шығармадағы баяндау туралы сөз болғанда әдетте тіл мен стиль мәселелері қамтылады, кейде баяндау поэтикасы арнайы қарастырылатыны байқалады



бет42/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Көркем шығармадағы баяндау туралы сөз болғанда әдетте тіл мен стиль мәселелері қамтылады, кейде баяндау поэтикасы арнайы қарастырылатыны байқалады. Аталмыш ұлымның мазмұны туралы пікір көп, бірақ сұрақ тудыратын тұстар да жетерлік.
Баяндауды суреттеумен, әңгімелеумен, бейнелеумен, ойталқымен араластыра қолдану жиі кездесуде. Сонымен қатар оны шығарманың оқиғалық мазмұнына телу, ертегілік формаларға жақындату да көрініп отыр.
Оған қоса баяндау мәселесі автор, кейіпкер, оқырман, әңгімелеуші сияқты үш әлемді (мәтін әлем автор әлемі, оқырман әлемі) жалғастырып, байланыстырып тұратын ұғымдармен тығыз қарым-қатынаста болады.
Бұл - жағдайды күрделендіре түсетін құбылыстар. Соңғы кезде баяндауды баяндаушы мен оқырманның арасындағы қарым-қатынас көрінісі, белгісі, үдерісі деп тану белең болып жүр. Оның себептері бар, мұндай көзқарас баяндауды сюжет пен фабуламен шатастырудан сақтайды-мыс. Неге? Негесі сол - алдымен баяндаудың мәтін структурасымен арасын зерделенген абзал.
Осы турғыдан келсек, мынадай екі мәселенің арасын ажыратын алу керек. Бірі - шығармада айтылған оқиғалар жүйесі,
екіншісі - баяндаудың өзінің оқиға ретінде бейнеленуі.
Мұндай пікірлер баяндауды коррелят немесе үдеріс деп зерттеуде негіз болған. Прозалық шығармаларда әңгімелеу, мазмұндау, суреттеу, хабарлау, түсіндіру, талқылау сияқты тілдік құрылымдар араласып жүретіні бар, бірақ бұлардың әрқайсысының өз мақсат-міндеті бар.
Баяндаушыға қатысты пікірлер сан алуан. Біреулер оны тұлға емес, функция деп санайды екен, осыған сүйене отырып, сюжеттегі әрбір оқиға туралы бір мәрте хабар беріп отыруды баяндау ретінде таныған. Ал қоршаған орта, табиғат туралы статикалық ақпарат беру суреттеу деп есептелген, оған пейзаж, интерьер, портрет жатқызылып жүр. Мұндай көзқарастың негізінде баяндаудың динамикалық детальдарға, суреттеудің статикалық құбылыстарға сүйенетіні туралы белгілі пікірлер жатқаны көрініп тұрғандай. Г. Лессингтің Лаокоон жайлы еңбегімен сарындастық байқалады. Баяндаушының жоспары негізінен баяндаудан тұрады, ол қазіргі кезде көбінесе нарратив деген терминмем анықталып жур. Әрине, баяндаушының тұлғасына, тәжірибесіне, тарихи жауапкершілігіме, әлеуметтік жағдайына көп нәрсе байланысты. Оқырман көкірегіне нұр, көңіліне сыр тундыру да баяндаудың үлесінде. Баяндаушы, хабарлаушы, әңгімелеуші, әңгімеші, нарратор, актор, автор деген ұғымдардың бәрі баяндаудың субьектісін анықтайды, бірақ бұлардың орны мен қызметінде елеулі айырмашылықтар бар. Ауызекі әнгімеде тыңдарман назары екіге бөлінеді, оған айтылып отырған оқиға да маңызды болып көрінумен бірге айтып тұрған адамнын сөйлеу мәнері мен мәдениеті де қызықтыруы мүмкін, яғни естіп түсіну мен көріп отырып - түсіну қатар жүреді. Оқырманның жазба мәтіндегі баяндаудам автор мен баяндаушыны аяық ажыратуы қиындыққа түсетін кездері көп, өйткені кейде екеуінің де мәтінде қатар жүретіні кездеседі, мұндай мысалды Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасынан келтіруге болады. Бір кезде автор мен баяндаушының арасындағы байланыс түрлері арқылы әдеби жанрларды айқындауға талпыныс жасалғаны белгілі. Бірақ орныкты нәтижесі бола қойған жоқ еді. Н.Фрайдың лирикада ақын оқырманына арқасын көрсетеді деген пікірі мұмдай күрделі мәселенің түп-төркінін аша алмайды. Деген-мен ойландыратын тұстары да бар. «Лирикалық кейіпкер» көп жағдайда белгісіздеу болса, әңгімелеуші көбінесе өзін оқырмандарға қалай болса да «таныстыруға» мүдделі болады. Автор мен баяндаушының мәтінде бір бейнеге айналып кетуі де кездесіп жатады, мұндай жағдайда көбінесе баяндаушы оқиғага араласа бермейді, керісінше де болуы ықтимал.
Бірінші жақтан баяндаушының образы зерттеуші үшін анығырақ болады, өйткені мәтінді оқу үстінде оның жасы, жынысы, кәсібі, қызметі сияқты кейбір мағлұматтар белгілі болады. Мұндай баяндаушының сюжеттік оқиғаларға тікелей араласуы көбінесе шектеулі. Ол негізінен жалпы оқиғаны, кейіпкерлерді бақылаущы және бағалаушының рөлін атқарады. Ал сюжеттік желілерге белсенді түрде араластырылған жағдайда автор оны көркем мәтін-дегі өзінің «көзі мен құлағы» ретінде шығарманың ақырына дейін сақтауға мәжбүр болады. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдатында» осындай баяндаушы бар.
«Автор» ұғымы туралы мәтін теориясында басқа да көзқарастар бар. Автор мен қаламгер бір біріне эквивалент түсінік емес, өйткені «автор» - мәтіннен оқырманның өзі жинап, теріп алған образ» деген белгілі көзқарастың қолдайтын тұстары біршама. Бірақ рецепиенттердің шығарма бағалауда бір танымал бейненің немесе кезеңдік моданың жетегінде кетуі де жиі кездесіп жүр. Автор баяндаушыны өзінің тамысы, кездейсоқ жолыққан адам, бейтаныс кісі, осы оқиғаны басқа біреуден естіген құймақұлақ, өзі білетін құпияны ұзақ жыл сақтап келген куәгер, авторды «жақсы» не «жаман адам» етіп көрсетуші, жылнамашы, стенографист, хроникер, атқосшы т.б. өте алады. Осының барлығы — қазақ әдебиетінде кездесетім, тіпті кейде типтік образ дәрежесіне жеткен баяндаушылар. Кейде автор мен баяндаушының арасында өзара келіспеушілік, егес, алауыздықтың болуы кездеседі. «Тар жол, тайғақ кешуде» автордың өзі кейіпкер және баяндаушы болып автордың «мені» екіге бөлінетіні сияқты құбылыс кейінгі қазақ прозасында да байқалады. М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсінде» баяндаушының өте күрделі түрі көрінеді. Әңгімедегі пәлсапалық толғамдардың өз иесі бар, Шолпанның атынан баяндаушы бар, бас кейіпкердің ішкі «мені», бейтарап бақылаушы, Шолпанның ішкі жан дүниесінің неше түрлі қалтарыстарын көріп-біліп отыратын сұңғыла әңгімеші де бар. В.Шмидтің «Нарраталогия» (М., 2003) атты еңбегіндегі авторды «абстрактілік автор» және «нақты автор» деп бөліп алып, баяндаушы, әңгімелеуші және нарратор сияқты ұғымдар арасындағы айырмашылықтарды ажыратуда ұстанған қағидалары көңілге қонарлық.
«Дон Кихот» романының мазмұн күрделілігі, мағынасының көпқабаттылығы ондағы баяндау жоспарына да тығыз байланысты деген орныққан пікір бар. Автордың өзі, яғни араб тарихшысы Саид Ахмет Бенинхалидың жазбаларын өзінше еркін баяндап тұратын Сервантес бар, өздері жайындағы мәтінде жазылған үзінділерді талдап, түсініктеме беріп отыратын басқа баяндаушы кейіпкерлер бар, Сервантестің өзін шығармаларынан танитын оқырмандардың өзіндік баяны бөлек, романның автордаң бұрын біреу жазып үлгерген-мыс деген өтірік данасындағы оқиғаларды Сервантестің өзінше қайтадан өңдеп баяндауы, Дон Кихоттың романның 7-тарауындағы жеке сөзі, дон Кихот жайындағы оқиғаларды енді өзінен басқа ешкім баяндамауы үшін өз кейіпкерін өлтіруге бел буған жазушының әңгімесі - осының бәрі баяндаудың қабат-қабаттарға бөлінуін керсетеді. Мәтіннің репрезентативтік немесе экспрессивтік қызметтерінің күшейіп-азаюы баяндау жоспарына тікелей қатысты. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінде баяндау жоспары ішкі-сыртқы факторларға байланысты өзгеріп отырған, онда дидактикалық, насихаттық, мінажаттық, сыршылдық сипаттар байқалады. Суреткердің менің мәтініме «менің көзіммен қара» деген метафоралық талабы да анық немесе жасырып көрінетін туындылар аз емес. Автор - кейіпкер әдеби шығармада сенімді нақты адамға айналғанымен, оқырман қауым ойдан шығарылған кейіпкерлерге көбірек назар аударады екен. С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз», «Өмір мектебі» романдарындағы образдардың барлығын автордың нақты өмірлік тэжірибесіне тели беруге болмас. А. Пекуровскаяның монографиясында (М. 2004) Ф. Достоевскийдің 34 аяқталған шығармаларының 24-і бірімші жақтан, қалған жетеуінің — баяндаушы - биографтың «біз» дегені арқылы баяндалғаны айтылған, ендеше әрбір қаламгердің баяндаушының түрін тандауында бір гәп бар секілді. М. Тулан (1988) деген ғалымның баяндаушының міндеті көру емес, көргені жайында әңгімелеп беру екендігін айтқан ойы әр мәтінді талдау үшін қолайлы емес. Орыс ғалымы В. Шкловский енгізген «айтып беруші» деген термин де кең колданылмай қалды, оның себебі - тек көргенді баяндауға баса. көңіл бөлетіндігінде жатқандай. Адам бір кезде көргенін кейін өзгертіп, құбылтып, мағынасына басқаша үңіліп, астарына жаңаша көз жүгіртіп барып та айтып беретіні белгілі, әрі үйреншікті құбылыс. Баяндаушының болған уақиғалардан өзінің іргесін бөліп алуы, яғни оны өзінен алыстатуы, әрқилы турде жатсынуы әдебиетте белгілі жайт болып кеткен. Ә. Тәжібаевтің «Хаттар сөйлейді» атты жинағында автордың басқа адамдардың хаттары мен күнделіктерін баяндап бергеніндей мысалдар қазақ прозасында жиі кездесіп тұрады. С.Моэмға тән мына бір ерекшелік туралы аз айтылмаған, ол - жазушының өз шығармаларында өзінің жастық шағындағы өмірінің кезеңдері мен сәттерін жиі бейнелеуге ұмтылысы. Нәтижесінде қаламгер романдарындағы баяндаушы екіге бөлінеді, оқиғаны қарт адам мен жас жігіттің атынан қосарлана баяндалуының оқырманға бірталай салмақ түсіретіні жасырын емес. Баяндаудың осындай ерекшелігін зерттеу үшін Ж. Женнет «focalizer» (айтылған оқиғаны көзімен көрген адам) терминін енгізген, аталмыш терминнің narrator (оқиғаны баяндаушы) ұғымын нақтылау үшін қосымша түсінік ретінде шығарылғаны байкалып тұр. М. Мағауин прозасындағы осындай баяндау типтерін зерттеудің зәрулігі жетерлік.
Прозалық мәтінде «көзбен көргенді» және «ауызбен айтылғанды» бір-біріне қарама-қарсы коюдың өз көздегені бар. Бірінші жақтан баяндау барысында оқиғаны көрген куәгерді сөйлету оқырманның оқиғаға сенуіне көмектесетінін қайталап айтқан С. Моэмның сөзінің жаны бар. «Шұғаның белгісінде» Б. Майлиннің Шұғаның басынан өткен оқиғалардың куәсі болған адамды баяндаушының көмекшісі етіп алғаны тегін емес.
Автор баяндауын объективті деп атау үшін ол тек авторлық көзқарастан тұруы керек екен. Ал егер оған персонаждар пікірі қосылса, ол субъективтік бола бастайды. Осы арадан «автор образы» деген ұғым туады. Авторлық субъективті баяндау иәтижесінде прозалықтуындыда үш түрлі мәнмәтін қалыптасады:
1) объективтік авторлық баян; 2) персонаждар баяны; 3) автор сөзі мен кейіпкерлер сөзі аралас баян.
Баяндау барысында мотивтермен бірге баяндау типтері де өзгеріп, ауысып, түрленіп отырады. «Автор дауысы», «Автор көз-қарасы» деген ұғымдар бір біріне синоним емес. Әрқайсысын өз қызметіне сай қолдану мәтінді түсінудің сапасын арттыратыны даусыз.
Әдеби амал ретінде бірінші жақтан баяндаудың жетістіктерімен бірге олқылықтары да баршылық. Әрине, ол алдымен оқырманға көбінесе сыршылдығымен, сенімділігімен, шынайылығымен жақын. Бірақ уақыты мен кеңістігінің ауқымы мол оқиғаларды жіті бейнелеуге, күрделі әлеуметтік-саяси мәселелерді бір мәтінде жан-жақты талдауға кез келген жеке адамның қабілеті жете бермейтіні белгілі ғой, сондықтан көлемі үлкен, оқиғасы көп, қою эпопеяларда баяндаушы өзінің бет-бейнесін бірінші жақтан ашық көрсете бермейді, мұндайда автордың оқиғалар мен адамдарға, қоғам мен заманға атаусыз адамның атынан бага беріп отыратыны жайдан-жай болмаса керек. «Абай жолы» эпопеясының оқиғалары ақынның өзінің атынан баяндалса, ол қандай шығарма боляр еді деген сұраққа әзірге жауап жоқ. Абайды көркем мәтінде автор атынан сөйлету мен баяндаушы етудің мәні мен маңызы бірдей еместігіне Д. Досжан мен К. Оразалиннің Абай ақын туралы шығармалары дәлел. Десек те М. Әуезов эпопеясында мәтін бірінші жақтан баяндалса, шығарманың біраз өзгеріске түсетіні даусыз болар.
Бірінші жақтан баяндаушыға қойылатын талап - көп, бұл әсіресе интеллектуалдық прозаға тікелей қатысты, онда өзіндік талап бар: ол - көргені көп, оқығаны мен тоқығаны мол адам болмаса, оның мұндай зиялы шығармада баяндаушылық қызметін қажет деңгейде атқаруға дәрменсіз екендігін оқырман сезіп отырады. Қазақ жазушысының 70-жылдары жазылған бір әңгімесінде орта мектеп бітірген, әскерден оралып, қой бағып жүрген жігіт айдалада Спиноза, Декарт сияқты пәлсапашылармен өзінше айтыстартысқа түсіп, әңгіме үстінде, диалог барысында оларды білімімен тұқыртып та қояды. Көзі қарақты, білімді оқырманды сыйлау да керек шығар, XX ғасырда аталған ойшылдардың еңбек-тері Кеңес Одағындағы орта мектепте оқылған жоқ, тіпті аттары да аталмаған еді, әскерде де оларды қатардағы солдатқа оқуға тауып бергендер бар дегенге сену қиын. Автордың қой бағып жүргендер арасында ой бағып жүргендер де бар екенін көрсеткісі келгеніне қалай қарсы боласыз, бірақ осы тектес шығармаларда баяндаушы тұлғасына, кейіпкердің білімі мен білігінің шамасыиа қойылатын тадаптар ескерілмеген. Мұңдай мысалдарды іздей берсеңіз, көптел табатыныңызға дау жоқ. Үшінші жақтан баяндауда мұндай жағдайларға оқырман назары ауа бермейді.
Әйел болмысы мен психологиясының тылсым сырларына үңілген, кейіпкерінің ішкі жан дүниесінің ер адам біліп болмас иірімдерін оқырман алдына жайып салгам Флоберге таңданған оқырман сұрақтарынан мезі болған жазушы олардан «Бовари - менің өзім» деп құлылған деседі. М. Әуезовтің «Қаралы сүлу», М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», «Күнікейдің жазығы» сияқты туындыларына да қойылатын осындай сауалдар бар, қойылып та жур. Егер «Шолпанның күнәсі» мен «Қаралы сұлуды» әйел адам жазса, шығармалар қалай аяқталар еді деген сауалдың басы ашық, бірақ оқырман пропозициясына тандау көп. Әйел баяндаушының ер адамдар өмірінің бүге-шігесіне дейін суреттеген шығармалардан «Бөгелек» романын, А. Кристи шығармаларын атауға болар.
Қарт өмірін - баланың атынан, жастың өмірін қарияның көзімен көріп, бағалап, баяндау жиі кездеседі. Демек, баяндаушының жасы, жынысы, әлеуметтік статусының әдеби шығармадағы өзіндік орнының маңызы бар екен. Қазіргі кездегі прозада мәтінді феминистік, гендерлік тұрғыдан баяндаушылар өздерін модернистік әдебиет әкіліміз деп жүр. Мәтіннің тілдік структурасының ұйымдастырылу сипаты екі жақты (баяндаушы сөзімен, персонаждар көзімен) болатыны баяғыдан бері айтылып жүрген «стереоскопиялық көру» сияқты ұғымға байланысты. Баяндаушы өзіне өз сөзімен және басқа көлденең адамдар аузымен мінездеме береді. Персонаждың авторлык бағасы, оның сюжеттік іс-әрекеті, ой-арманы арқылы жасалған бейнесі кейде оқырман кеңілінде әлдеқандай қарсылық тудырады. Мұндай құбылыс «Шолпанның күнәсі» әңгімесін талқылау кезінде жиі байқалып жүр. «Мал орнына сатылып, жаны сүймеген жанға жар болатын қазақтың сапсыз қыздарының ішінен әлдеқалай өзінің сүйгеніне тиген Шолпан шынында алғашқы жылы бала керек қылмады», - деген сөйлем мәтінде екінші тұр. Ал біріншісінде автор кейіпкерді сөйлетіп алған: «Шолпан Сәрсенбайға шыққан алғашқы жылы өзіндей жас келіншектермен аулақта кездескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», деп аузымен айтушы еді (Б. 94). Екі фокусты осындай баяндаудың мәтінде көп кездесетін мысалдары оның күрделі көркемдік қызметімен онша таныс емес оқырманды әңгімеден әртүрлі мағыналарды көруге жетелейтінін екшеп түсіндіру қажет.
Өмердің - болмысты қабылдау мен танудың, өзгеге түсіндірудің субьективтік түрі екендігіне ешкім дау айта қоймас, сондықтан көркем мәтіндегі персонаждар баяны ең әріден келе жатқан жанрлар лирика мен драмада басты қызмет атқарады. Ал эпикалық туындылардағы баяндаушыларды объективтік сипатта көрсетуге деген ынталы көзкарас дамып отырған. Алдаркөсе, Жиренше шешенге байланысты аңыз-әпсаналарда олардың іс-әрекеттеріне түсініктеме берілмейді, ашық бағалау да жоққа тән, дегенмен оқырманның көбінің мәтін мағынасы жайындағы түсінігі ұқсас. Мұндай мәтіндерде төл сөздің аз, төлеу сөздің басым болатынының себебі осында жатқандай. Кейбір эпостарда «бөтен адамның» жанама баяны кездесетіні де баяндаушының рөлін күшейтуге, оқиғаны басқа тұрғыдан бағалауға бағытталғаны даусыз.
Ғалымдар төл сөзді әдеби тілге айналдырудың монолог, диалог, полилог сияқты үш түрі бар екенш айтқан, бірақ олардың адамның табиғи сөз саптасына ұқсай бермейтініне алдымен тілші-ғалымдар назар аударған. Олар мұны тел сөздің коммуникативтік қызметінің өзгеруімен байланыстырған. Көркем шығармадағы диалог пен монолог табиғи тілдің көркем стилизациясы екендігін айтып кеткендердің пікіріне ден қою керек шығар. Демек, автордың кейіпкерлерге «сөз беруін» оның өз көзқарасының жанама көрінісі деп жургендердің пікірлері ойланарлық. Осынау әдеби көзқарасты функционалдық теориясы өзінше түсіндіреді екен. Көркем мәтіндегі авторлық баяндау мен персонаждар сөзінің қатарласа жүруін экспрессивтік және репрезентативтік функциялардың көрінісі деп қабылдаудың қисыны бар сияқты. Қазіргі замандағы модернистік прозада автордаи гөрі кейілкерлер көп сөйлейтін (Д. Лоуренс, О. Хаксли, т.б.), шығармалармен қатар персонаждарға тікелей сөз берілмейтін туындылар да кездеседі.
Адамдардың кәдімгі табиғи сөйлеуі мен көркем персонаждардың тілінің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы әртүрлі пікірлер бар. Олардың ішінде М. Лотманның көзқарасы назар аударарлық. Ғалымның пікіріне ой жүгіртсек, бұл екеуі қаламгерге өмір шындығы мен көркемдік шындықты астастыруға керек екен. Зерттеушінің айткан осы пікірін жалғастырғандар да бар. Орыс ғалымы В. Кухаренко персонаждар сөзін «идиолект» деп атап, оған өзінше анықтама беріп, анык байқалатын үш турін көрсеткен:
1) айтылымға сенімділік, ойнақылық дарытатын қалыпты сөйлеу,
2) кейіпкердің әлеуметтік жағдайын анықтайтын лексика,
3) кейіп-керді даралап тұратын сөз.
XX ғасыр басындағы ұлттық прозада бірінші түрдегі идиолект басым болса, 20-60 жылдары екінші түрдегі идиолект, ал 60-90 жылдардағы шығармаларда үшінші түрдегі идиолект көп көріне бастады. Әр кезеңнің, әртүрлі ортаның өз идиолектісі қалыптасып, олар сол кезеңнің әдеби тілімен, табиғи сөйлеу тілімен ұқсастық-айырмашылығын айқындауға тырысып отырады. Арго, жаргон, нормативтік емес лексика, боғауыз сөздерге қоса XX ғасыр прозасында табу (цензурадан өтпейтін) сөздердің эвфемизмдермен ауыстырылып отырғаны белгілі. Қазіргі модернистік, жаңамодернистік прозада авторлар сөз қолдануда өте еркін. Орыс жазушылары В. Сорокин, А. Волос шығармаларында ағылшын, қытай, орыс сөздерін бұзып қолдану, автордың лингвистикалық тұрғыдан өзін жетілдіру үшін жаңа сөз ойлап табудағы жаттығулары көп болғаны соншалық, мәтінді дұрыс ұғыну үшін оқырманға үш тілдік сөздікті сәт сайын қолдану керек. Ал авторлардың ойдан құраған кейбір сөздерін олардан да таба алмайсыз. Бәзбір жазушылардың мәтін соңында кейбір сөзге түсініктеме беруге тырысқаны көрінгенімен, ол мәселені толық шеше бермейді. Д. Амантай және басқа да жастардың прозасында осындай көзқарастың ұшқындары байқалуда.
Кейіпкердің табиғи сөзін, өзгелік төл сөзді қалпына келтіру үшін жазушы оны телеу сөзбен айтып беруге мәжбүр. Оның төл сөзден айырмашылығы - тырнақшаға алынбайтыны. Әрине автор төл сөздің мағынасын, грамматикалық құрылымын, жақ, шақ категорияларын, уақыт барысын өзгертеді. Оған қоса төлеу сөздің авторлық стильге сай өндеуге көнетіні бар.
Көркем мәтінде төлеу сөздің төл сөзге айналуы, кейбір ойлардың төлеу сөзден басталып, төл сөзбен аяқталуы XX ғасырдағы прозада көп байқала бастағанымен, жекелеген зерттеушілер өдерінің мұндай үрдісті У. Теккерей, Н. Гоголь шығармаларынан байқағаны туралы жазған. Осындай тауқыметтер көркем аудармашылар тәжірибесінде көп кездеседі, оларды шешуге аударманың интерпретациялық теориясының қағидаттарын қолдануға тура келеді.
Қазіргі заман прозасында сюжет құрылымы мен фабуланың өлсіреп, мәтіндегі оқиғалардың авторлық әрқилы баяндалуы, яғни сөз арқылы бейнеленуінің дамытылуы байқалады. Автор сөзі мен кейіпкерлер сөзі кірігіп, бірігіп, тұтасып кету үрдісін байқаған М. Бахтии мәтіннің мұндай құрылымын полифониялық деп атағаны белгілі.
Психолог У. Джеймстің «психикалық құбылыстардың ағыны» деп аталған теориясының көркем әдебиеттегі көрінісі «сана ағыны» деп аталып жүр. Баяндау тұрғысынан келсек, мұндай әдіс қолданылған шығармаларда дәстүрлі авторлық баяндауды шығармадан ысырып шығару үрдісі анық көрінеді, оның қызметін персонаждардың әрқилы баяндаулары атқарады. .
Әдеби шығарманы филологиялық талдауда мәтіннің композициялық-тілдік жүйесіне, яғни баяндау структурасына ерекше назар аударылады. Баяндау структурасы «көру ауаны», «дауыс», «айтылым субъектісі», «суреттеу типі» сияқты ұғымдармен байланыстырылады. Авторлық айтылым (речь) тура, суретті, өнделген, өзгенікі, ішкі сияқты айтылым тұрлерімен араласа отырып, мәтінге дара құрылымдық сипат дарытады. Баяндаушының образы, түрі, сипаты, қызметі арқылы «мәтіндегі авторды» анықтау оңай емес. Баяндауды персоналдық, акториалдық, аукториалдық, гетеродиогетикалық, гомодиагетикалық, авторлық, фабулалық, эксплициттік деп жіктеудің астарында баяндаудың өте күрделі, көп комлонентті құрылым екендігі жатқандай.
Қорыта келгенде, көркем мәтінде баяндаушының сөзінің эмо-ционалдығын азайту немесе күшейту персонаждардың төл және төлеу сөздерін, идиолектілерді қолдану, лингвистикалық құбылтулар арқылы жүзеге асады екен. Авторлық баянның түрлері, құрамы, амал-тәсілдері сан алуан, әрбір қаламгер өз таңдауымен ерекшеленеді. Оны автордың ойын жүзеге асырушы, керкем әлем мен оқырман арасындағы дәнекер, көркем мәтінді тұтастырып тұратын фрагменттер жиынтығы деп бағалау кездеседі. Демек, баяндау үдерісі тұтас жүйе ретінде қарастырылып, әр тетіктің қызметі жіті зерттелгені мәтінді тереңірек түсінуге жәрдемдесетіні анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет