Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


-лекция Көркем мәтінді зерттеудің жалпы филологиялық бағыттары



бет39/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

8-лекция
Көркем мәтінді зерттеудің жалпы филологиялық бағыттары


Қарастырылатын мәселелер:

  • әдеби мәтінді психолингвистикалық тұрғыдан зерттеу барысы;

  • мәтінді семиотикалық тұрғыдан талдау жолдары;

  • әдебиеттанудағы мәтін туралы көзқарастар ауқымы;

  • аударматану және мәтін поэтикасы.

Адамзат тарихының әр түрлі кезеңдерінде жекелеген әдеби шығармалардың замани-гуманитарлық ойлаудың өзегіне айналып отырғаны, қоғамдық пікірге белсенді қозғау салғаны тарихтан мәлім. Сондықтан әрбір гуманитарлық ғылымның көркем әдебиетпен байланысқа ұмтылғаны туралы пікірін айғақтайтын зерттеулер көп, әлі де жалғаса бермек. Әдебиетті көбінесе ең алдымен сөз өнері ретінде тану белең болып отырғандықтан, өнертанудың әдеби мәтінге ерекше қызығушылығы түсінікті. Тілтанудың да толғауы тоқсан қызыл тілі бар әдеби мәтінді үнем зерттеулерінің негізгі нысаны етуі де заңды. Түйіп айтсақ, көркем мәтінді жүйелі қарастыруға деген тұрақты ықылас, өскелең талап бүгінгі күні мындай төрт ірі ғылыми салаға тиесілі екен: әдебиеттану, лингвистика, өнер семиотикасы, аударматану. Бұл салалардың өзі іштей мәтінтанушылық арнайы мақсаты бар іріл-ұсақты бағыттарға бөлінеді. Сонымен бірге қазіргі кезде филологияда салааралық пәндер де жедел дамып келеді, оларды көркем мәтннің мазмұндық, прагматикалық, пішіндік жақтары қызықтыруда. Енді әр саланың басты сипаттарына, мақсат-міндеттеріне назар аударайық. Әдебиеттанудың көркем мәтінде жан-жақты қарастыруға ұмтылысы тек «әдеби» аспектілерге ғана байланысты емес. Ғылыми ойға өзінше үлес қосқан тарихи-әлеуметтк бағыттың өкілдері көркем мәтіннен ондағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың қалайша бейнеленуін іздеді. Оның үстіне көркем ойдың оқырман арқылы қоғамдық санаға ықпалы мен әсерін мұқият қадағалауда мақсат еткендер аз болған жоқ. Бұл ізденістердің нәтижесі зая да кеткен жоқ. Орыс сыншысы В.Г.Белинский, кейінірек оның жақтастары әдебиеттің даму барысы мен қоғамдық-әлеуметтік өмірді түсіну қаламгердің саяси-әлеуметтік көзқарастарын жететану арқылы ғана, яғни социологиялық сипат негізінде көркем мәтіннің мазмұнын дұрыс немесе басқаша түсінуге болатынын негіздеген. Қазақ зерттеушілерінің ішінен ХХ ғасырда осынау тұғырға құлай жығылғаны да, кейінірек оны аямай сынағаны да бар.


Батыс Еуропада осыған ұқсас көзқарастарды жалпы түрде рефлективтік деп атаған. Оның құрамында әдебиетті қоғамдағы әлеуметтік топтардың күресін көрсетудің басты құралы деп білген қоғамдық ойдың «сәулелену теориясы» атты идеясы болғаны белгілі, оның да көркем дамуға өзіндік үлесі бар екені рас, бірақ зияны да жетерлік болған. Бұл көзқарастар дами келп, көркем мәтінді әлеуметтік өмірдің көшірмесі деп санаған, ал оның авторын әдеби регистратор деп есептеген кездері де болған. Бір қызығы, ХХ ғасырдың 80-жылдары Калифорния университетінің ғалымдары С.Грейнблат пен Ф.Джеймсонның маркстік әдебиеттану сабақтарын өздерінше қайтадан жаңғыртуға тырысқаны белгілі, олар өз бағыттарын «жаңа тарихилық» деп атағандары тегін емес, оның бұрынғыдан бір айырмашылығы – мұнда «таптық тартысқа» соцреализмдегідей жетекші мән берлмеді. «Жаңа тарихшылар» структуралистік және деконструктивтік талдауды басшылыққа алып, бір елдегі нақты тарихи кезеңдегі әдебиетте бейнеленген барлық мәдени және әлеуметтік байланыстарды тұтас көрініс ретінде бағалауды ұсынып, сол арқылы жаңа «мәдениет поэтикасын» жасауға ден қойды. Аталмыш бағыттың әлеуметтік топ немесе бірлестіктердің өмірін ғана бейнелейтін көркем мәтіндер (қылмыстық хроника, феминистер әдебиеті) және қоғамдық өмірді бірер әлеуметтік топ өкілдерінің (қылмыскерлер, нашақорлар, кезбелер) көзімен бағалайтын туындылардың көбейіп келе жатқанына ойлана қарау керек. Бұл үдерістер біздің әдебиетімізде де көрініс бере бастағаны жасырын емес, мұндай құбылыстардың ғылыми назардан тыс қалмағаны абзал.
Әдебиеттануда өзіндік орны бар мәдени-психологиялық бағыттың басқалардан басты ерекшелігі – жазушының шығармашылық, әлеуметтік тәжірибесінен гөрі оның жеке басының қасиеттеріне көбірек назар аударатындығында жатыр. Қаламгердің мінез-құлқы, өмірлік тәжірибесі, білім-білігі, мәдени дәстүрге қатысы, қоршаған әдеби-мәдени ортасының ахуалы да мәтінде өзінше көрініс табатындығына және солардың әдеби ізденісте басты қызмет атқаратындығына ерекше мән берген бұл бағыт 1920 жылдары Кембриджде ғылыми мектеп болып қалыптасқан. Оның құрамында Р.Френк, А.Айвор, У.Эмпсон сияқты белгілі зерттеушілер болған. Ал 1960-1980 жылдары Н.Фидлер, Хирш, Холанд сияқты ғалымдардың еңбектерінде мәдени-психологиялық бағыттың қағидаттары әрі қарай дамытылды, поэтикалық тіл теориясының өзгеше негізі қаланды, онда көркем мәтінді авторлық ракурс тұрғысынан қарастыру ниеті басым болып отыр. Қазақ әдебиетінде көп сөз болмаған ақындық прозаны, яғни М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев сияқты қаламгерлердің әңгме, повестерін осы тұрғыдан талдау олардың ерекшеліктерін тап басып көрсетуге себі тиетіндей. Жалпы алғанда, көркем мәтнді автор көзімен көріп барып танып-талдауға шақыратын жаңа герменевтикалық талдаудың әдеби шығарманың соны мағыналық қабаттарын, тосын сырларын ашуға мүмкіндік беретінін есте ұстап, ұлттық әдебиеттануда аталмыш бағыттың өрістеуін қуаттау керек.
Мәдени-психологиялық бағыттың өнімді ғылыми тармақтарының бірі – мәтінді «оқырманның көзімен» таразылайтын әдеби герменевтика. Әдеби үдерст зерттеуде көп уақыт бойы оқырман рөлне жеткілікті мән берілмегені рас. Абайдың «Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел» деген терең мазмұнды ойына кезінде сәйкес дәрежеде бізде де мән берілмеді. Әрбір кітаптың басылып шыққаннан кейінгі қай сөредегі болсын өмірі туралы жарытымды көп нәрсе айта қою қиындау, өйткені оқырманның оны қабылдауы, тануы, талдауы мен бағалауының барысы мен нәтижесі нақты зерттеліп, арнайы түрде көп сөз бола бермейді. Оқырманның шығарманы терең түсінуі, өзінше айқын бағалауы ғана көркем мәтінге жаңа мағыналы өмір сыйлайды депті білетіндер. Бір кездері осы құбылысты зерттеуге байланысты библиопсихология термині пайда болған еді. Н.А.Рубакиннің бұл идеясын кейінірек Богин, Белянин, Сорокин сияқты Мәскеу психологиялық мектебінің өкілдері 70-жылдардан бастап белсенді дамытты. Әдеби шығармаға деген оқырмандық ерекше ынта-ықыластың, тіпті құмарлықтың түп-төркінін тап басу тану қиын. Оған қоса көркем мәтіндерді кейде жаппай жатсыну да кездесіп отыр, мұндай ерекше мысалдарды арнайы қарастырудың қисыны бар, осы арқылы әдеби туындының мазмұнын нақтылауға мүмкндік бар.
Герменевтикалық көзқарастарға Германияда ертеден бері ерекше қызығушылық туғаны белгілі, бұл елде ХХ ғасырда ол рецептивтік теория деп аталған. Оның басында В.Изер, Г.Яусс сияқты белгл ғалымдар тұрды. Олар мәтіннің ең әуелі автор ойында көптеген сұлба, түрл нобайлардан құралатындығын алға тартып, соларды оқырманның мәтінді түсінудегі жетекші жолбасшысы ету туралы ойларын дамытумен болды. Осыған байланысты оқырманның бұл байланыстар мен түйісулерді жіті бақылауы қажет екен. Ол үшін мәтінді «герменевтикалық шеңберде» оңды-солды, ілгерінді-кейінді, қайта-қайта талдау арқылы жаңа мағыналарды анықтау басты мақсат болды. Олардың әрқайсысының маңызы туралы жеке ой-пікрлерін жан-жақты қорытып барып қана тұтас тексеруден өткізетін қарекетіне ерекше орын берілді. Осындай үздксіз жұмыстың нәтижесінде мәтін туралы әртүрлі ақпараттар молая түседі-мыс, нәтижесінде әрбір жаңа пкір мәтіннің мазмұндық ауқымын кеңейтеді екен. Ал оның өзі кейінгі пікірлермен не түзетіледі «не түзетіледі, не жоққа шығарылады. Қандай мәтін болсын, негізінен «алға», яғни солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан-төменге қарай оқылатыны белгілі, бірақ кейбір жеке сөздің әсер ықпалын, мағынасын нақтылау үшін «кейін» қарай жиі қайталап оқып отырудың түрлі механизміне назар аударылды. 1980 жылдардан бастап рецептивтік теория қағидаттары В.А.Задорнова, И.Гюббенет, Л.В.Чернец сияқты Мәскеу университетінің ғалымдарының еңбектерінде жалғасын тапты. «Филологиялық герменевтика» деп аталып жүрген бұл бағыт мәтінді талдап-талқылауды ұлттық психология, «басқа әлемдер теориясы» оқырмандардың «тілдік әлемі» сияқты негіздерге сүйене отырып жүзеге асырудың жолдарын анықтауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет