Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Әрбір ірі суреткердің шығармашылығы өз алдына бөлек көркем әлем десек, ол әлемнәі негізгі және туынды өз мифтері болатыны да түсінікті



бет47/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Әрбір ірі суреткердің шығармашылығы өз алдына бөлек көркем әлем десек, ол әлемнәі негізгі және туынды өз мифтері болатыны да түсінікті. М.Әуезов шығармашылығын осы ыңғайда тексерудің зәрулігі сөзсіз.
Мифтік және поэтикалық бейнелеудің өзара ұқсастығы да бар, айырмашылығы да жеткілікті. Ең бастысы – олардың әрқайсысының адамға эмоционалдық әсері әртүрлі. Миф пен поэзия адам ойы мен бойында дерек пен ақпаратқа сәйкес сезім тудырмайды, көбіне адами сезімге олардың туынды мағыналарының әсер ететіні белгілі. А.Лосев миф пен поэзияға деген көзқарастағы осындай екіұдайылықты –жатсынудың бір түрі деп санап, мифтің өмірден мағынасы – алшақ, ал поэзиядан дерегі – бөлек деген. Мифтегі заттардың көрінісі өмірдегімен ұқсас болғанымен, олардың қызметі мен мағынасы өзгереді. Ертегідегі ұшатын кілемнің жай кілемнен айырмашылығы тек ұша алатындығында ғой.
Миф пен поэзияның бір-бірінен бөлектенетін кезі – оларды оқырманның қабылдау мен түсіну барысы. Көркем әдебиет пен мифтің арасындағы өзгешеліктерді азайтуға, ұқсастықтарын көбейтуге мүдделі күштердің бірі – әдеби сын. Кейбір шығармалар арқылы әдеби үдерісті мифтендіруге сынның қосатын үлесі мол, осы арқылы оқырмандардың назарын басқа мәселелерге аудару да жиі кездесіп отырады. Жеке көркем шығарманы талдау барысында оны «қараңғы әлем» ретінде таныстыру, ұнамды кейіпкерлерді «күн сәулесі», ұнамсыз бейнелерді әр түрлі қорқынышты мифтік бейнелермен салыстыру арқылы мағына айқындауға деген құмарлық бұрында болған, қазіргі әдебиетте де баршылық.
Көркем әлем реалды дүниеден өзінің мифтік сипатымен ерекшеленетіні мәлім. Адам санасы кейде күнделікті құбылыстарға мифтік қасиет дарытуа аса құмар. Күн ұясынан шықты, тас төбеде тұр, ұясына батты деген тілдік суреттер тереңдеп үңілгенде мифтік болса да түсінікті, әрі көңілге қонымды. Ал осы құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіретін астрономия оқулығындағы ақпаратты дәл осылай қабылдау қиындау. Қалыпты қолдануда жансыз құбылыстарға осылай жан бітіре бейнелеп айту қабылдауға икемді, ақылға сыйымды, көңілге қонымды, түсінікті. Көктем туды, жаз шықты, күз түсті, қыс келді деген ұлттық мифтік ұғымдарды басқа тілдерге аударудың қиындықтары көп.
Көркем әдебиет қарапайым сананың мифопоэтикалық үрдісін , әдеби әлемнің кеңістік,уақыт, қозғалыс сияқты компоненттерін құрылымдық қағидаттар ретінде пайдаланады. Мұның бастауы қайта өрлеу заманы шығарған гомоцентристік концепцияда жатыр. Аллаһ адамды дүниенің кіндігі етіп жаратқандықтан ол өз алдына «кіші әлем» бола алады-мыс. Ендеше осы түйіннен тартылып өз алдына бөлек кезкелген әдеби туынды әдеби әлемнің кіндік орталығы бола алады екен деген пікір туады. Автор «ішінен» шыққан әдеби дүниені оқырманның «сыртынан» оқып-игеру барысын А.Фрайдың «центрге ұмтылғыш үдеріс» деп атағаны белгілі.
Мифтік сананың әлемді жоғары, орта, төмен деп үшке бөлгені мәлім. Жоғары әлемде – жақсылық , жұмақ, ал –төменде, тамұқ жер асты өлім мекені. Ал екеуінің ортасында – адам. Бұл бөліс әдеби жанрларды жүйелеуде де қолданылған. Трагедия – биік жанр, драма – ортада, комедия – төменгі сатыда. Кеңістікте осылай тігінен бөлуге қосыла отырып, әдеби талдауда Ю.Лотман тағы да горизанталды екі кеңістікті пайдалануды ұсынды. Оның біреуі –тұйық кеңістік, онда кейіпкердің сырттай қорғаны бар, өйткені ол өзіне жақын туыс адамдардың ортасында. Екіншісі – ашық-тесік кеңістік, кейіпкер ол жерде бөтен, яғни қорғансыз. Кейіпкер неге өз атамекенін , жұртын, үйін тастап, өзіне қорғансыз бөтен кеңістікке баруға үйір деген сұрақты көптеген шығармаларға қоюға болар, бірақ жарытымды жауап табу оңай емес. Сонымен қатар шектеулі және шексіз кеңістіктер туралы да сөз қозғалып жүр. М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» әңгімесінің мағыналарын жаңаша пайымдауға бұл пікірдің қажеттілігі бар. О. Бөкеевтің «Қар қызы», «Сайтан көпір» повестерінде де осы тақылеттес көріністер кездеседі.
Әдеби уақыттың парадоксы туралы сөз айтылмаған, дегенмен ол көркем әлемді тұтас күйде қабылдауға бөгет емес, өйткені әдебиет болмыстың көркем моделі ғой. Егер объективті болмыстың басталуы да, соңы да белгісі болса, онда көркем әлемнің мәтінде басы мен аяғы бар. Сюжеттегі оқиғаның басталуы –себеп, аяқталуы –салдар болады деп жүргендердің сөзіне құлақ салу керек, сондықтан сюжеттің аяқталатын тұсы – мәтіннің күшті позициясы деп саналады. Әдеби шығармадағы бас кейіпкердің трагедиялық өлімі өмірдің баянсызыдығын көрсетсе, шығармада оқиғаның жақсылықпен аяқталуы – өмірдің , жалпы алғанда, тұрақты дамып келе жатқандығының белгісі дген мифтік ой туюге негіз бар.
Әдебиетте де, өмірде де уақытты – «бақытты», «өтпелі», «қиын» деп бағалау жиі кездеседі. Бір қызығы – бұл уақыттың бағасы емес, сол уақыттағы өмір сүрген адамның ішкі күйінің көріісі. Уақыт категорияларын қабылдаудың субъективтілігін байқаған психологтар перспективтік уақыт деген ұғымды айналымға енгізді. Астрономиялық уақыт пен оны қабылдаудағы айырмашылықты М.Пруст , У.Фолкнер сияқты қаламгерлер көркем әлемді бейнелеудің конструктивтік қағидатына айналдырған. Әр кейіпкер уақытты өзінше тұспалдайды, өз уаұытының ішінде өмір сүреді. Бұл өзгертілген уақыт шамасы болғандықтан диалогтар мен монологтар өмірі – уақытына ғана парапар мерзім, яғни оның мифтік сипаты бар.
Әдеби сюжетті белгілі бір тарихи уақытқа сай бейімдеу, ыңғайластыру әрекеті көбінесе сол к езеңнің белгілі тарихи тұлғаларын персонаждар құрамына енгізуге мүдделі және сол кезеңге тән тарихи деректерді, оқиғаларды қоса пайдалану арқылы жүреді. Д.Лихачевтің қаламгер нақты уақытты өз мүддесі мен мақсатына сәйкес өзгертіп, көркем уақыт жасайды деген пікірінің жаны бар. Тарихи уақыт белгісі мәтіндегі бейнеленген этнографиялық заттарда, тұрмыстық құралдарда, ұлттық рәсімдерде сақталатыны белгілі. Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға қазіргі кездегі киім-кешек кигізіп, бүгінгі тілмен сөйлетуге тырысқан театрлық қойылымдардың дәстүрлі классикалық шығармамен етене таныс көрерменнің ықыласына бөленбегенінің бір себебі осында жатқандай. Қазіргі кезде осындай ремейк қойылымдардың мәтінді дұрыс талдамай, асығыс көркемдік шешімдерге баратыны, басқа өнер тіліне ауысқанда поэтикалық компоненттердің әдеби мағынаның өзгеріске түсетінін біле бермейтіні байқалып отыр. Әрине, бұл қойылмның махаббаттың мәңгілік сезім екендігін басұа материал арқылы айғақтауға тырысудың өзінше бір жолы болар. Бірақ мұндай қойылымда мәтіннің референцианалдық функциясы күшейіп, мифопоэтикалық әлеуеті әлсірейтінін есте ұстаған жөн.
Миф көбінесе тылсым күштердің құдіретінен туады деп саналады, сондықтан олардың әсерін негізінен циелдық деп айтуға болады. Тылсым күштер табиғатын авторлар да өз қажетіне қарай кейіпкерлерін жазалауға, қорқытуға, құтқаруға, оқиғаны басұаша құбылтуға пайдаланып отыратыны тәжірибеде жиі кездеседі, бұл құбылыстың астарына үңілудің зәрулігі бар. Реалистік туындыларда ол басқаша шешімін табады, жазушы бір оқиғаны не қайғылы, не драмалық, кейде күлкілі етіп бейнелей отырып, әртүрлі пропозицияны өзі ұсынады.
Өмірлік құбылыстарды қазіргі прозада әдейі мифтендіруге тырысу жиі бақалады, бұл әрекет оларды кейде қауым үшін маңызды оқиға дәрежесіне дейін көтеруге деген пиғылға тәуелді болар, ал мұндай құбылыс болмаған жерде өмірдің мағынасы аз дегенді қайталаған ойшылдар пікіріне құлақ асқан дұрыс шығар. Оқиға –мәтінді жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін категория ретінде өте маңызды. Әдеби сюжеттегі іс-әрекет жүйесі әрқилы оқиғаға жетелейтіні бар. Әрине, біреуге қызық болып көрінген оқиға, енді біреу үшін мүлдем қарапайым болып көрінуі де мүмкін. Ғажайып оқиға, тосын әрекет, шешуі белгісіз жұмбақ сөз әр уақытта жалпы қызығушылық тудырады, ынтасын арттырады. Оқырман мен көрерменнің осындай мифтік шешімдерге психологиялық тәуелділігінің құпияларын жақсы меңгерген кейбір жазушылардың оқырмандарды таң қалдыру үшін неше түрлі қитұрқыларға бару да өзін ылғи ақтай бермейді. Бір қарағанда кездейсоқ, қисыны жоқ болып көрінетін оқиғалардың көркем материалдарға айналғанда кейде оқырман ықыласын ерекше аударғандары туралы мәлімет көп. Э.Рязановтың атақты фильміндегі бір кейіпкердің екіншісінің орнына самолетпен Ленинградқа ұшып кетуі, дәл Мәскеудегі өз үйіндей нөмірлі пәтерге кілті дәл келіп, кіруі, өзінің тәңірі қосқан жарымен сол жерде кездесуі сияқты, сондықтан оқырман қалауы – осындай – олар ғажайыппен тағы бір қауышу үшін киноны талай мәрте көруге дайын.
Оқиғаны поэтикалық деңгейде мифтендірудің тағы бір өнімді жолы –оған симвоникалық мағына үстеу. Кейбір шығарма кейіпкерлері өзін мифтік бейне ретінде сезінеді, соған сай әрекет етуге тырысады. М.Қабанбайдың «Кентавр» шығармасында, А.Алтайдың «Кентавр» әңгімесінде, А.Кемелбаеваның « Қоңыр қаз» туындысында осындай мағыналық қабаттар бар. Мифтік астарлы мағына архетиптер арқылы беріледі. К.Юнг теориясына сәйкес бұл когнитивтік құрылымдық «ұжымдық түпсана» ретінде көркем мәтінге ерекше мағына үстейді екен. Әдебиеттануда архетипті –қайталанатын образ деп бағалау қалыптасқан, бұл образдар дами отырып, сюжеттік желілер құрап, бір шығармадан екіншісіне ауысып, өзгеріп отырған. Бұл заңдылықты байқаған когнитивтік психологтар 1980-жылдары әртүрлі гипотезалар ұсынған. Адам санасындағы мәдени импланттар туралы сөз қозғалды. Шартты түрде «мем» деп аталған мәдени мұраның адам санасындағы құпия бірліктері жайында пікірлер айтылды. Тіпті «вирус тәріздес мәтіндердің» адамзаттың талай ұрпағына белгілі бір дерт деп тарататын инфекция тәрізді әсер ететінін зерттегендер бар(Hofstaolter, 1985). Ал Я.Голосовкер «Миф логикасы» зерттеуінде (1987) тарихи мифтердің қалыптасуын , дамуын қарастырған. Ғылым жеке адамдар әрекетінен, оқиғалар барысынан көрінетін тұрақты образдардың басқаларға ықпалын иллюзияға теңейді. Адамзат тарихында Көсем, Дұшпан, «Қаһарман дәуір», «Тоқырау кезеңі». Ал «Әлемдік дағдарыс» сияқты мифтік константалар қайталанып отырады екен. «Әлемдік дағдарысты» да қазіргі кезде бүкіл дүниені қаусырып ала алатын, өз дегеніне көндіретін тылсым күшке, мифтік ұғымға немесе образға айналдырудың өзіндік себептері бар. Қажет шешімдерге көпшілікті көндіруге керек нәтижелерге жету үшін белгілі топтардың осындй құбыжықтарды ойлап табуы тарихта талай мәрте қайталанған , мұндайдан өнер мен әдебиетте тыс қалмағандай.
Л.Фиддер әдеби шығарманың негізгі күшін оның мифопоэтикалық қасиетімен байланыстырған болатын, бірақ туындының көркемдігіне оның қатысы шамалы екендігін де өзі айтқан. Ғалым архетиптердің уақыт өте келе өз құнын жоғалтып, стереотиптерге айналатынын көптеген мысалдармен дәлелдеуге тырысқан. Қазіргі кездегі комикстердің негізінде ежелгі архетиптер жататындығына назар аударып, адамзаттың балалық шағын осылайша аңсайтынын айтқан. Атақты орыс жазушысының адамзат өзінің өткенімен күліп қоштасады дегенінде де осындай мағына жатса керек.
Әдеби туындыдағы мифтік поэтика туралы әңгіме көп, мәтіндегі әрбір сөзден, іс-әрекеттен мифтік астарлы мән іздеу де азаяр емес. А.Чеховтың пьесаның алғашқы көрінісінде қабырғада мылтық ілулі тұрса, ол соңғы көрінісіне дейін атылуы керек деген ойын біржақты қабылдау басым. Ал мылтық коллекциялық зат ретінде немесе әшекейленген үй бұйымы есебінде де ілулі тұруы мүмкін ғой, ендеше оның бұл жағдайда атылуы неғайбыл. Демек барлық астарлы мағынадан мифтік сипат іздей берудің реті жоқ.
Әдеби мәтінді талқылауда әрбір компоненттің көркемдік мәні мен маңызын айқындап алудың жөні бар, мұндайда олардың әр қайсысының мәнмәтіндегі орнын, яғни мәтін ішіндегі мағынасын жан-жақты қарастырудың берері мол. Тіпті мифтің өзінде де әрбір сөздің астарлы мағынасы бола бермейді. Осындай мәтінді аударып-төңкеріп миф іздеушілерге қарсы айтылған А.Лосевтің мына бір пікіріне ойлану керек: «Аиллдың ашуы Ахиллдың ашуынан басқа ештеңе емес».
Сөз өнері –тұтас мәдени кеіәстік құрап тұратын толып жатқан «көркем әлемдер» жиынтығы. Әдеби кейіпкердің іс – әрекетін өмірге жанасатындай етіп бейнелеу немесе оларды қарапайым өмірден жоғары көтере отырып әсірелеп суреттеу арқылы әрқилы мағына тудыруға құмар жазушылар шыармаларында оқиғаны шұғыл өзгеруге, тез дамытуға, шалт құбылтуға мәжбүр болады. Әр әдеби туындының өз «шындығы» бар, бірақ ол өзіне дейінгі көркем шындықтарды жоққа шығармайды, өйткені көркем шындықты поэтика күшімен дәлелдеудің оның шінде, миф арқылы дәлелдеудің қажеттілігі шамалы. Оған қоса әдеби шығармадағы мифке қатысты бар «өтірікті» де ақтап алудың ұисыны аздау. Фабулалық материалдың өмірдің объективті бейнесін әрдайым бере алмайтынын есте ұстаған орынды, сондықтан азды-көпті кейіптеуге әрқашан орын бар.
Ю.Лотманның әдебиетті «екінші жүйе» дегеніне сүйенсек, онда көркем мәтінді «үшінші жүйе» деп атауға тура келеді, яғни бұл моделб – реалды және мифтік элементтердің өзара тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді.
Әдеби шығарманың мифопоэтикалық құрылымын талдау үшін алдымен ондағы мифтік композициясының сипатын түзіп алған тиімді. Әдебиеттің мифтік ой-санамен байланысының өте күрделілігі өз алдына, сөз өнерінің әрқилы даму кезеңдерінде оның мифопоэтикаға деген көзқарасы да өзгеріп отырған. Қазіргі кездегі әдеби-сыни дискурсқа да, көркем ойлауға да мифтің тікелей, жанама, ашық, жасырын ыөпалы бар екендігін филолог мамандардың ескеріп отырғаны орынды болар.
Әдеби шығармадағы поэтиканы жалпы, макропоэтика (жүйелі), микропоэтика (суреттеуші) және тарихи деп нақтылап алып зерттеу қалыптасқан. Жалпы поэтика көркем мәтіннің дыбыстық, сөздік, образдық құрамын зерттесе, жеке поэтика шығарманың эстетикалық тұрғыдан белсенді қасиеттерін қарастырады (сюжет, композиция, образ). Автор образының да поэтикалық қызметі арнайы зерттеуге әдеби лайық нысан. Әдеби шығарманың поэтикалық өрісі мен сипатын жан-жақты зерттеудің , түбегейлі талқылаудың зәрулігі, ғылыми құндылығы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет