Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»



бет46/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Тақырып бойынша тест тапсырмасы:

1.Мәтінтану үшін басты құжат:


А)Авторлардың өмірбаяны
Ә) Жазушының өмірбаяны
Б) Авторлық қолжазба
В) Автордың куәлігі

2. Мәтінтанумен тығыз байланысты сала:


А) Поэтика
ә) әдебиет теориясы
б) Мәтін лингвистикасы
в) Синтаксис

3.Жалған авторды айқындайтын түсінік:


А) Атрибуция
Ә) Ататеза
Б) Эпентеза
В) Эмфатика


13-лекция. Көркем мәтіннің поэтикалық сипаты


Қарастырылатын мәселелер:

  • қазіргі әдеби дискурстағы мифтің поэтикалық сипаты;

  • архетиптің көркемдік қызметі;

  • миф пен метафораның байланыс.



Кеңістікте өмір сүріп жатқан персонаждардың ой-қиялы, әлеуметтік іс-әрекеттері, олардан туындайтын оқиғалар –мұның бәрі көркем мәтіннің «шикізаттары» ғана болып табылады.
Көркем әлемді толық түсіну үшін бұларды өзара не байланыстырып тұратынын білу аса маңызды. Осы негіздерді біріктіріп тұрған ортақ концепция анық байқалса, көркем мазмұны бар әдеби пішінге айналады. Мұндай реалдылық не фантастикалық, не кәдімгі өмірге ұқсас болады. Бұған бейнеленіп жатқан құбылыстарға автордың өзіндік бағасы қосылса, онда оқиға одан әрі күрделене түседі.
Оқиғалары мен образдары күнделікті тұрмыстан алынған шығарманың поэтикалық мифологиялық туындыға ұқсай беретіні тағы бар. Көркем әлемде болып жатқан оқиғалардың осындай әмбебап мағынасын Ю.Лотманның «мифологиялық» деп атаған. Мәтін теориясында мифопоэтика арнайы зерттеу нысанына айналған.
«Фабулалық-мифологиялық дуализм» әдеби ұғым ретінде жалпы әдебиетке тән сипат, бірақ кез келген шығармада мұндай қасиетті көрсету басты мақсат етіп қойылмайды. Мұның себебі бар, өйткені
ХІХ ғасырда «миф» ұғымына деген бұрынғы көзқарас түбегейлі өзгерген болатын. Осы тұста мифті ойдан шығарылған бос қиял деп санайтындар саны азайған еді. И.Гердердің алғашқы адамдардың символ, метафора, аллегориялық образдармен ойлағаны туралы гипотезасы алғашұы кезде кең қолдауға ие болған е ді. Ғалым бір кездегі «мифологиялық» ойлау тілінен қазіргі тілге дейінгі жүрілген адамзат жолын кері кетушілік деп есептеген. Поэзияны атавизм көрінісі деп санаған зерттеушінің өз уәжі бар, шабыт күйі кезінде ақынның бойында жабайы ата тегінің небір нашар, дөрекі агрессиялық қасиеттері оянады дегеніне қосылу қиындау, кейде қисынсыз.
Мифті және оның поэтикалық табиғатын жан-жақты зерттеген ғалымның бірегейі –А.Лосев еді. Ол алдымен мифтік сананың табиғатын қарастырып, оның –таным мен болмыстың аса қажетті категориясы екендігін дәйектеген.
Ғалым кез келген қоғамның өз мифі болатындығын бажайлап, өмірді мифтендіруге деген ықыластың негізінде әдетте қоғамдық тотолитарлық жүйе жататынын байқаған, оның жақтастары ғалымның жетекші идеяларын әрі қарай дамытты.
Миф тудыруға деген құлшыныстың адам санасының, қоғамның, әлеуметтік ортаның маңызды қасиеті екендігіне қазір көптеген ғалымдар ден қойған. К.Леви-Стросс бұл идеяны семиотикада қолданды, ол мифті мәдени жүйенің заңдылықтарының коды деп санаған. Қарапайым ғана құбылыстың миф тудырушылық қабілетінің идеологиялық негіздерін зерттеп, тарихи құндылықтардың, сенім-нанымдарға тәуелді әдеттердің мифке оңай айналатынын айта келіп, әлеуметтік отраның оларды шынайы, объективті, табиғи тұрғыдан қисынды етіп ұсынуға барын салатынын ескерткен. Қолдан жасалатын мұндай мифтердің адамның еркіндігіне қауіпті болатынын Р.Барт та арнайы айтып көрсеткен болатын. Осы ғалым енгізген «натуралдандыру» термині соңғы кезде өзінің қолданылу аясын кеңіте бастады. Миграцияның артуы, көшіп-қонушылардың таныс емес ортаға сіңуі, экзотикалық тағамдардың, компьютерлік бағдарламалардың адамдар санасында мықтап орнығуы туралы әңгіме осы сипатта өрби бастады. Мұндай жаңаға бейімделу үдерісі Дарвиннің теориясын еске салады, бірақ онда табиғи сұрыптау сияқты қатал сынақ жоқ. Мифтік наруралдандыру қызметін әрі қарай зерттеген Д.Локофф пен М.Джонсон деген ғалымдар мифтің өмірлік тәжірибені бағалаудың байыпты жолдарын көрсететінін, өмірді дәстүрлі қалыпқа салып отыруға септесетінін айтады. Оар мифті және метафораны жан-жақты салыстыру нәтижесінде адамдардың көбі метафораны –«қозғалыста жүретін ақиқат», ал мифті –ақиқаттың соңғы тұрағы ретінде санайды деген пікірге келген.
Кезінде К.Маркс адамзат өркениетінің негізі –экономика, ал қоғамның рухани өмірі –идеологиялық қондырма деген идея таратқан еді. Әдебиет те өнердің басқа түрлері сияқты қондырманың өте белсенді бөлігі ретінде адам с анасының қалыптасуына ықпал етеді деген көзқарастың жетістік-кемшілігі туралы талай сөз айтылған. Жаңа өмір идеяларын натуралдандыру үшін өнер мен әдебиетке қажет идеологияға сай жаңа мифтер туғыза бастайды. Өйткені олардың адам санасына дәстүрлі әсерін, қоғамдық ойдың қуатын күшейтуге деген ұмтылыс көбейді. Ғ.Мұстафиннің Шойын құлағын осылай талдауға негіз бар, бұл –бір ғана көрініс, сарыла іздегенге мысал табылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет