Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Тақырып бойынша тест тапсырмалары



бет49/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:
1. Мына тұжырымдардың ішінен "семиозистің" мағынасын дұрыс түсіндірмейтінін табыңыз:
а) ол-референция үдерісі
ә) белгілердің арасындағы байланыс
б) адамды ақымақ қылу амалы
в) лингвистикалық таным түрі
2. Батыр Баян туралы деректердің ішінен көркем дерекке айналатынын көрсетіңіз:
а) балабарға арналған аңыз-әңгіме
ә) көркем образ
б) фольклорлық мәтін
в) көкейкесті фабула
3. Лакунадегеніміз:
а) мағыналық сәйкестік
ә) реалийлердің ұқсастығы
б) ақ таңдақтар
в) мәтіндегі қателіктер
4. Ф де Соссюрдің дүниетанымының негізі:
а) идеализм
ә) структурализим
б) сомепсизм
в) детерменизм
15-лекция Түпнұсқа және аударма поэтикасы

Қарастырылатын мәселелер
-көркем мәтінді аудару мәселелері;
-түпнұсқадағы ұлттық-мәдени ерекшеліктерді тәржімалау үрдісі;
-поэтикалық аударма талаптары;
-қаламгер мен аудармашының байланысы.

Алдыңғы дәрістерде көркем мәтін табиғаты, сипаты, қызметі туралы сөз қозғалған болатын. Онда әдеби шыарманы оқу, түсіну, тану, талдау, талқылау, бағалау жолдары қарастырылған еді. Енді әдеби шығарманы аудару мәселелеріне назар аударудың реті келді. Ең алдымен көркем туындыны басқа тілге тәржімалаудың қандай зәрулігі бар деген сауалға жауап беру керек болды. Аударманың мақсатын анықтау бір қарағанда жеңіл болғанымен, шынтуайтқа келгенде, ол – оңай шаруа емес екен. Мақсатына қарап мәтіннің қалай аударылатынын болжалдап болса да болады дейді зерттеушілер.


Жалпы теориялық тұрғыдан қарағанда, көркем мәтінді аударудың мынандай 3 негізгі мақсаты белгілі болып отыр: а) басқа тілде жазылған мәтінді өз бетімен оқи алмайтын, яғни ол тілді білмейтін оқырманға таныстыру, яғни адресатқа автордың мәнері мен стилі туралы көркем ақпарат беру; ә)көркем шығарманы аудару арқылы оқырмандарға басқа халықтың өмірі, өнері мен мәдениетінің ерекшеліктерін таныту; б)оқырманға түпнұсқа кітаптың жалпы мазмұны жайлы мағлұмат беру.
Бірінші мақсатты алдына қойған тәржіманға қойылатын талап өте жоғары. Ол өзі аударған мәтіннің бүгінгі оқырманға әсерінің түпнұсқаның кезінде өз оқырманына еткен әсерімен барабар болуына мүдделі. Сондықтан аудармашы кейбір ұлттық-мәдени айырмашылықтарды өз оқырманына икемдеп жеткізу үшін оларды өңдеп, бейімдеп, «жұмсартып» беруге мәжбүр. Өйткені оқырман назары аударма мәтіндегі өзіне таныс емес реалийлерге бөліне бермеуі қажет. Ал түпнұсқа оқырманы оларды табиғи түрде қабылдағандықтан арнайы көз тігіп, ынтасын бөле бермейді. Мұндай тәржіма қаламгердің шығармашылық әдісі туралы жеткілікті маұмат беруі тиіс, бірақ оқырман сол елдің мәдениеті туралы толық ақпарат ала алмайды.
Екінші мақсатты көздеген аудармашы көркем мәтіндегі әрбір реалийдің ұлттық-көркемдік сипатын толық сақтап, мүмкіндігінше оны басқа ұлт өкіліне жан-жақты түсіндіріп, сол мәдениет ерекшелігіне баса назар аударуға тиісті. Мақсаты осындай аударманың елтанушылық және ақпараттық сипаты басым болғанымен, мұндай аударма мәтіннің оқырманына автор ойлағандай әсер етуі екіталай.
Ал үшінші мақсатқа жету жолы қарапайым. Аудармашы ұлттық-мәдени ерекшеліктерді берудің түрлі амал-жолдарын іздеп, әуре бола бермейді. Негізгі назары шығарманың мазмұнына ауғандықтан пішінге жеткілікті мәне берілмейді. Басты нысана – фабуланың құрылымын сақтау болғандықтан, аудармашы сюжеттік желіні, оқиға ретін сақтауға, алдымен сөздің эксплициттік маынасын беруге тырысады. Әрине, тәжірибеде мұндай аудармалардың да болатыны түсінікті. Дегенмен оларды көркем аударма деп бағалаудың қисыны аздау. Соңғы кездерде әдеби шығарманы осылайша көркем емес етіп, асығыс аудару тәжірибесі Интернет жүйесінде жие байқалып жүр.
Әдеби шығарманы жазудағы шығармашылық үдерісінің барысын былайша белгілеу қалыптасқан: пішін – мазмұн – пішін. Ал аударма үдерісінде шығарма мазмұны мен пішінінің қатысын қалай өрнектеген орынды болмақ. Көркем аудармаға кірісуді түпнұсқаның пішіні мен мазмұнының қайысысынан бастау керек екендігін әрбір тәржіман өзінше шешкенімен, барлығына ортақ ережелер де бар. Аудармашы мәтінмен танысуды түпнұсқаның пішінінен бастап, содан кейін мазмұнына ауысады. Бұл – мәтіннің формасын ғана аудару деген сөз емес. Әдеби туындыда пішін – мазмұнды бейнелеудің амалы ғана емес, сонымен қатар оқырманға ықпал етудің өнімді жолы. Көркемшығармадаы зияткерлік, сезімдік, эстетикалық ақпаратты басқа мәтінде көрсетудің қиындығы көп, жолы да аз емес. Аударма үдерісін мақсатты әрекет есебінде былайша көрсету қисынды болар: пішін – мазмұн – мазмұн – пішін.
Көркем мәтінді бірнеше нұсқада аударудың, яғни инварианттарын жасаудың мүмкіндігі де, қажеттілігі де баршылық. Бұл мәселе алдымен поэтикалық аудармаға қатысты, шартты түрде мұндай тәржіманың қиыншылықтарын былайша бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – түпнұсқаның ұлттық көркемдік және танымдық негіздерін түсіну және автордың поэтикалық ойлау ерекшеліктерін сақтау. Екіншісі – халықтық өнердің дәстүрлі пішіндерін тілдің заңдылықтарын бұзбай бере білудің барлық жолдарын қарастыру. Осыған байланысты мынандай мәселелер туындайды: а) поэтикалық мәтіндегі образдар жүйесімен ассоциацияларды аударма тмәтінде жеткізу мүмкіндігі туралы талас жетерлік. Тіпті сақталан күннің өзінде олардың аударма мәтін оқушыларына әсері түпнұсқадағыдай бола ма екен? ә)поэзиялық туындының өзіндік өлшемдерін сақтай отырып тәржіма жасағанда оның мазмұны мен пішініне келетін нұқсандар қандай болмақ? б) ырақ пен ұйқасты сақтаудың тиімділігі аударма сапасына әсер ете ме?
Әр халықтың поэтика жөнінде өз пайымы бар, сондықтан өз ойымен сезімін поэтикалық түрде жеткізудің ұлттық дәстүрлері қалыптасқан. Екі ұлттың ойлауындағы осындай өзгешеліктер көркем аудармада қолбайлау болғанымен, қалауын тапса – шешілетін түйін. Өмірі мұхитпен етене байланысты немесе қалың орман арасында тіршілік кешкен халықтың өкілінің қазақтың сайын даласы, қыран құсы, жүйрік тұлпары туралы өлеңдерін қабылдауы оңай емес. Қазақ поэзиясына тән образдылық – әлеует пен айқындылықты аудармада сақтаудың қиындығы мен тауқыметін Абай өлеңдерінің орыс тіліне аудармасынан анық байқалғандығы жөнінде талай айтылған. Бірақ оның әлі күнге дейін оңтайлы шешімін таба алмай отырғаны ойлантады.
Поэзиялық мәтін белгілі бір дәстүрлі ұлттық қалыпқа сәйкес түзілгендіктен, аудармада оны сақтаудың қиыншылығы көп. Оған қоса түпнұсқа тіліндегі сөздердің семантикалық-стилистикалық өрісі де жалпылай белгілі болғанымен, оның басқа тілдегі образдылық пәрмені мен әлеуетін сақтау да оңай емес.
Ұлттық тілде жеке ұғымның, образдың дәстүрлі қолданысы қалыптасады, оларды басқа тілдерге аудару көптеген қиыншылықтар тудырады. «Көзі ботаның көзіндей екен» сияқты қазақы образды басқалардың оң қабылдауы, түсінуі, бағалауы былай тұрсын, жас ботаның көзін көрмеген солтүстік өңірдің қазақтарының көпшілігі көз алдына елестете алмас. Поэтикалық мәтіндердегі осындай бір сөздің дұрыс тәржімаланбауы бүкіл шығармаға кері әсерін тигізгеніне мысал көп. Аудармашы алдында мынадай таңдау тұратын кездер жиі болады. Мәтіндегі деректік ақпаратты жеткізуге басымдық беру керек пе, әлде ондағы көңіл-күй ауанына баса назар аудару қажет пе? Поэтикалық туындының оқырманның сезімдік әлеміне әсер етуі үшін түпнұсқадағы сөз-образдарға басқа тілдегі қызметі жағынан аналог ұғымдарды, адекват сөздерді тауып қолдану – аудармадағы басты мәселе деген пікір бар. Мұны да сол қалпында қабылдай салуға болмас. Аударма мәтін оқырманында түпнұсқадағыдай көркемдік әсер қалыптастыруға, көңіл-күй дарытуға тырысушылық та әрдайым сәтті бола бермейді. Нәтижесінде сөз көркем аударма жайында емес, көбіне-көп түпнұсқаның «желісімен» жазылған аудармашының өз туындысы туралы болмақ. Әрине, Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңіндегі сөздердің қыс болмайтын, қар көрмеген Африка тұрғындарына қандай әсер ететінін шамалап айтудың өзі қиын. Олар да аңға шығатын болар, бірақ қансонарда емес. Жаңа жауған аппақ қардың әсерін, сайын далаға сайран құруға шыққан қазақ ақынының көңіл күйін жеткізу үшін имплициттік, эксплициттік ақпарат аздық етеді. Сезімділік, образдылық, зияткерлік пайыммен қоса түсіндіру, қосу, жаңғырту шараларын жүзеге асыруға тура келеді. Демек, поэзиялық шығармаларды аударудағы басты мәселе әр халықтың поэтикасына тән, образдық жүйесіне етене болып кеткен айырмашылықтарды ескеріп отыруда екен. Әрине, бұл жайт аудармадағы өлең формасына қатысты түйткілдерге назар салмау керек деген пікір емес. Поэтикалық аударманың басқа мәтіндерді аударуға қарағандағы қиындығы туралы сөз аз айтылмаған. Мазмұнды сақтай отырып, ырғақ пен өлең өлшемдерін сәйкестендіру көбінесе мүмкін еместей көрінеді. Бір тілде ұйқасатын сөздердің басқа тілдегі оларға сәйкес сөздері ұйқаспауы мүмкін, тіпті ұйқаса қалған күнде екпіндік, буындық мәні қабыспауы ықтимал. Екі тілдің арасындағы дыбыстық өзгешеліктер, силлабикалық және тоникалық өлең жүйелерінің ортасындағы айырымдардың маңыздылығын ескермесе де болмайды. Осындай ерекшеліктер әр ұлттың өлең жүйесінің өзіндік сипатын қалыптастырады. Оған қоса қазақ поэзиясындағы шылау сөздердің, одаайлардың дәстүрлі қолданыстары да, өзгертіліп, дамытылған түрлері де кездеседі. Мұқағали ақын жиі қолданатын -ау, -ай сияқты қосымшаларының мағыналық реңкін де басқа тілде берудің мәдени-эстетикалық қиындылықтарын шешудің қилы жолдары бар, оған қоса өлең жолдарының соңында қойылатын бұл қосымшаларды эмоционалдық қабылдаудың ерекшелігін қайда қоясыз?
Айналып келгенде, көркем мәтінді аударудағы басты сұрақтың бұл жерде де басы қылтияды. Аударма мәтін оқырман үшін «өзінікі» «өзгенікі» немесе «бөтен» шығарма болғаны орынды ма?
Осы сауалға жауап болашақ аударманың ауанын айқындайды. И.Броцкий атты атақты орыс ақыны өз өлеңдерін ағылшын тіліне аударумен де айналысқан. Бір қызығы ағылшын оқырманы оның өз аудармаларына немқұрайлылық танытып, басқалардың аудармаларын мақұлдаған. Мұндай түсініксіз жағдайды байқаған зерттеушілер оның сырын кейін ашқан екен. И.Броцкий орыс тіліндегі өлеңдерінде қолданған дәл ұйқасты өз аудармасында да пайдаланған, ал ағылшын оқырманы үшін ұйқастың мұндай түрі балалар әдебиетінінің дәстүрлі өлшемі саналған. Орыс ақынының ересектерге арналған байыпты өлеңдерінің сайқымазақ балалар поэзиясының үлгісінде жазылуы түсініспеушілік туғызан. Абай өлеңдерінің орысша аудармаларында да осындай кемшіліктер жетерлік.
Поэтикалық аудармада өлшем менұйқастың сәйкестігін ғана сақтау ғана аздық етеді. Өлеңге әуенділік,саздылық сияқты қасиеттер тән болғандықтан мәтіннің фонсемантикалық, синтаксистік ерекшеліктеріне де назар аудару керек. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың үйлесімділігі, дыбыс еліктеушілік сияқты белгілер іәр ақында өзінше көрініп, оның стильдік ерешелігін анықтайды. Оған қоса әр халықтың жадында ғасырлар бойы қалыптасқан дыбыстық ақпарат бар. Әр дыбыстың белгілі бір түспен, ыстық суықпен байланысы туралы соңғы кезде ғалымдар көп айта бастады. Бір халық үшін дыбыстардың белгілі бір үйлесімі ұнамды болғанымен, ол басқалар үшін керісінше ісер етуі ықтимал. Қатардағы оқырмандар әуелі мұны байқай бермейді, бірақ мәтіннің бірі құлаққа жағымды болатынын, екіншісін тыңдаудан тез жалығатынын сезгеннен кейін ойланады. Ұлы ақындардың сөздерді «есту» қабілеттері ерекше болғандықтан олар сөздің ерекше қасиеттерін аңғарып, өз өлеңінің әсерін арттыруға орынды қолданылады.
Поэтикалық аударма автор қолданған бейнелеу мен суреттеудің амал-құралдарын қатаң есепке алуды талап етеді. Бұлардың барлығы мазмұнмен, пішінмен тығыз бірлікте қарастырылғаны жөн. Баяндау мен оқиғалар өрісін қадағалау да маңызды. Поэтикалық туынды – көркем жинақтау нәтижесі, сондықтан аудармашы ондағы ой, сезім, тәжірибе, пәлсапалық ұғым, образдың қайсысының жинақталып бейнеленгенін ажыратып алғаны дұрыс. Ал ұйқасты сақтау үшін сөздерді алып тастау, метафора мен эпитеттері ауыстыру сияқты мәселелерді аудармашы өзі шешеді, өйткені әр амалдың қолданылу мақсатын, автордың ұстанымын, өлеңнің эстетикалық жүйесіне сәйкестігін айқындап алған адамға бұл – орынды әрекет.
Қорыта келгенде, поэтикалық аударма мәселелері поэзиялық мәтіннің ерекшелігіне, оның мәдени-тілдік, образдылық қасиеттеріне байланысты. Мұндағы әдеби пішінге деген ерекше көзқарас, сөздің семантикалық-стилистикалық өрісінің сан алуандылығы аударма үдерісіне салмақ түсіреді.
Көне гректер poietike techne деп атаған, яғни шығармашылық өнер деп қазақшалауға келетін әдебиеттанудың ең көне салаларының бірі болып саналатын поэтика ұғымы туралы әрқилы көзқарастар бар. Поэтиканы әдебиет теориясымен теңестіру, оны теориялық поэтиканың бір саласы деп тану болған. Поэтиканы әдеби мәтіндегі тілдік белгілердің көркемдік қызметінің көрінісі деп қабылдаған мектептер бар. Тілдік белгілердің көркемдік тұрғыда қолданылуын зерттеуді де поэтикаға жатқызып жүргендер бар, олар әдеби тілді бөліп алып зерттеуге құмар.
Поэтиканың мақсаты сан алуан. Оның бірі – мәтіннің эстетикалық әсерін қалыптастыратын элементтерін табу және оларды жүйелеу. Ырғақ, лексика, синтаксис, тематика сияқты әдеби шығарманың белгілерінің көркемдік қызметін қарастыру поэтиканың еншісінде. Сонымен қатар әдеби шығармадағы дәстүрлі емес амал-тәсілдердің де эстетикалық әсері күшейіп кететіні бар.
Жалпы, поэтиканы мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттейтін үш бағытқа бөлу қалыптасқан. Шығарманың дыбыстық құрылымының фонетикасы, метрикасы мен строфикасы, буын, бунақ, шумақ сияқты өлеңтануға сәйкес ұғымдар зерттеледі. Ал сөздік құрылымда шығарманың лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері қарастырылып, оны жалпы түрде стилистика деп атау қолданылып жүр. Сөздің таңдап алынуы (лексика), олардың байланыстырылуы (синтаксис) стилистиканың ішінде фигура және троп түрінде зерттелсе, «поэзия грамматикасы» деп аталып жүрген морфология енді зерттеле бастады. Мәтіннің образдық құрылымын образдар (персонаждар, заттар), мотивтер(іс-әрекет, қимыл), сюжеттер (іс-әрекеттер байланысы) құрайды. Бұл саланың дәстүрлі атауы – топика.
Поэтиканың арнайы салалары әдеби шығарманы жоғарыда көрсетілген арнада зерттеп, оларға туындының эстетикалық белсенді қасиеттерін қосып, «модель» етіп құрайды. Поэтиканың басты зерттеу нысаны – компазиция «метрикалық, стилистикалық, образдық сюжеттік және жалпы). Поэтика мәиін элементтерінің арасындағы байланыстарды да зерттеуді қолға алған. Бейнелеу құралдарының көркем мәтіндегі басты нысаны «әлем образын» жасау болғандықтан ол көркем уақыт, әдеби кеңістік, «автор образы» сияқты мәселелерді зерттеумен шұғылдануда. Соңғы кезде микро және макропоэтика деген ұғымдар пайда болды. Микропоэтика жеке шығарманы зерттесе, макропоэтика тұтас әдеби кезеңді қарастыруға бағытталған. Көркем шығарманың ой-түрткісінен соңғы кезіне дейінгі шығармашылық үдеріс барысын генеративтік поэтика талдайды. Тарихи поэтика жекелеген поэтикалық әдіс-амалдардың қалыптасу, даму кезеңдерін зерделейді. Аудармашының поэтикаға қатысты осы ақпараттармен жақсы таныс болғаны тәржіма сапасын арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет