Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Тақырып бойынша тест тапсырмалары



бет48/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

  1. Мифтің мәтін поэтикасы үшін маңызды емес анықтамасын көрсетіңіз:

А. Ол – әлеуметтік салт-дәстүр
Ә. Әдеби деректерге әмбебап мағына беру
Б. Бос қиял
В. Адам санасының жоғалмайтын сұранысы



  1. Архетиптің орнықты анықтамасын атаңыз:

А. Когнитивті құрылым
Ә. Ділдің бірлігі
Б. Қайталанатын образ
В. Мәдени имплантант

  1. Мифопоэтиканың уақытты өзінше бейнелей алудың себебі:

А. Нақты уақыт пен перцептивтік уақыттың үйлеспеуі
Ә. Нақты уақыттың шексіздігі және персонаждар өмірінің шектеулілігі
Б. Уақыттың көркем мәтіндегі шарттылығы
В. Уақыттың объективтілігі және оны қабылдаудың субъективтілігі

  1. Мифтік ойлаудың ерекшеліктерін алғашқы болып зерттеген ғалым:

А. А.Лосев
Ә. Леви-Стросс
Б. И.Гердер
В. К.Юнг
14-лекция. Көркем мәтіндегі дерек пен дәйек
Қарастырылатын мәселелер:
-болмыс және көркем әдебиет;
-құбылыс және тіл арасындағы қарым-қатынас түрлері.


Көркем әдебиет болмыстың барлық қырларын тізе бермейді, тек өз табиғатына, мүмкіндігіне сәйкес, қолайына сайларын таңдап алып, өз қажетіне жаратады.Сондықтан көркем шығармашылыққа қойылатын талап пен тілек те осы ыңғайда болғаны жөн. Көркем мәтінді болмыстың тұтас көшірмесі немесе өмірдің барлық құбылыстарын қамтитын энциклопедиялық бейнелеу деп те қабылдауға болмас. Өйткені көркем бейнелеудің негізгі ұстанымы- таңдау еркіндігі, жалқылық және даралық екені белгілі. Әрине, шығармашылық еркіндікті қаламгердің ойы мен қиялының шектеусіз мүмкіндігімен өлшемес болар. Оған қоса еркіндік көріністерінің барлығын ақиқатқа телігеніміз жараспас. Көркем мәтінде бейнеленген барлық құбылыстардың нақты өмірлік негізі болу болмауы екіталай. Баяндалған оқиғаның анық тарихын, суреттелген өмірдің шындығын білмей, танымай тұрып, әдеби шығарманы түсінудің мүмкін екендігіне күмән келтіргендер болған. XX ғасыр ортасында "Сэпир Уорф теориясы" деп шартты түрде коммуникативтік байланыс жүрмейтіндігі туралы ой жатты. Қазіргі тілмен айтсақ, өмірлік реалийлерді білмей тұрып, олар жайындағы сөзбен айтылған хабарды түсініп қабылдау, көзге елестету мүмкін емес екен.Басқаша сөйлейтін, өзге ғаламшарда өмір сүріп жатқан өркениет өкілдерімен тілдік байланыс жасау мүмкін бе деген сұрақ қойып алып, сол сауалға жауап іздеумен айналысқан ғылыми салалар бар. Әртүрлі тілдер арасындағы, әрқилы болмыстар төңірегіндегі айырмашылықтарды, ерекшеліктерді, ашық дасырын бөгеттерді жеңу үшін референциалдық (refer) қарым-қатынасты дамыту керек екендігі -мойындалған тұжырым. Болмыстың әрбір құбылыс реалий түрде өмір сүреді, сондықтан оның мазмұндық, мағыналық қасиеттері тілдік белгілермен толық анықталады дегенді мойындамайтындар бар. Болмыс табиғаты жөнінде идеалистер мен материалистік көзқарас иелері сонау ерте заманнан бері таласып келеді. Материалистер объективтік Ал идеалистік негізге сүйенетіндер рухани әлемді өз заңдылығы бар ерекше болмыс деп санап, оның адамдар арасындағы түрлі байланыстың басты құралы екендігін дәлелдеп жүр. Қазақ тілі қазақ болмысын қазақша бейнелеуге, суреттеуге, көрсетуге бейімделген деегенге ден қойсақ, тағдыр жазуымен Түркияда, Қытайда, Ресейде туып - өскен қазақтардың тіліндегі ерекшеліктерді олар өмір сүріп жатқан қазақтардың бір-бірін жақсы түсінетін тұстары да аз емес. Бір ескертетінжайт бар. Бірде-бір халықтың ешкіммен араласпай, томаға-тұйық ұзақ уақыт өмір сүрген кезі жоқ. Мәдени , рухани, діни экономикалық коммуникация ұлт өміріне әлі келгенше өз септігін тигізеді. ендеше әдебиеті, өнері мен мәдениетінің жүз пайызы бірдей тек өзінік ғана болатын ел жоқ. Әдеби мәтіндер арасындағы екі ұлттың сөз өнеріндегі ұқсастықтарды-эквиваленттілік, ал айырмашылықтарды - лакуна (латыншаадан аударғанда бос жер) деп атау қалыптасқан. Мәтіндегі көркем шындық пен өмір шындығының арсасындағы түсініксіз тұстарды оқырман бірден байқайды, әрі қарай ұқсастықтарды көбірек табуғаа тырысады, бірақ ол мәтінді түсінудің өнімді жолы емес. Мұндайда Д.Свифттің атақты романында суреттелген бір оқиға еске түседі. Гулливер тағдыр айдап Лапута аралына барып қалады да ондағы мынадай қызық жағдайларға назар аударады. Аралда өмір сүріп жатқан ғалымдар сөз - адам өкпесін тоздырады және оны тез қартайтады деген ойғаа келіп, бір-бірін сөзбен жеңу үшін айтыса-айтыса шаршап, ақыры сөздерді мүлдем жоқ қылу туралы ортақ шешім шығарады. Олар енді өзара түсінісуге керек нәпсенің бәрін қапқа салып бірге алып жүретін болған. Бір нәрсе айту керек бол,анда , сол затты алып көрсетіп, бір-бірімен ишара меңзеу арқылы пікір алысқан. Ең қызығы, - сол елдің академиктері ғылыми мәселелерді осылайша талқылаған, олардың шын нәтижелері қандай болғаны түсінікті ғой. Заттарды көрсеткенде, оның сөзбен өрнектелген бұрынғы мағынасын еске түсіріп отырған. Тек атау сөздерден құралған референттердің нақты болмыстағы мәні санауулы. Бұл көркем мәтінді тек сөздіктердегі бар атаулардың көмегімен аудару дегенмен бірдей, ондай тәржіманың сапасы туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз болар.
Болмыс пен тілдің арасындағы күрделі мәселелерді шешуге де Соссюрдің теориясы оңтайлы жағдай жасады. Ғалым тіл теориясын белгілер жүйесі тұрғысынан қарастырғаны мәлім. әрбір тілдік белгіні siqnifiant(анықтаушы, яғни көрінетін , естілетін белгі)және siqnifie (анықтаушы немесе болмыстың ассоциативтік образына сәйкес белгі) сияқты екі психологиялық реалийдің бірлігінен тұрады деген Соссюр аталмыш терминдің енгізілуіне мынадай түсініктеме берген: олар бір қағаздың екі бетіндей бір-бірінен ажырамай ды, , сонымен қатар әрқайсысының ұғымдық айырмашылығы бар. Енді біреулер референттің жақшаның сыртына шығарылмағандығымен келіспейді. Бірақ Соссюрдің "объектіні" құбылыстың өзі емес, тек ділдік образ деп танығанын ұмытпау керек. Десек те ғалымның пікірінің суреткер болмысты қалай көрсетсе, біз де солай көреміз деген тезиске жақындағаны байқалып тұр. Адам санасында болмыстың бейнесі объектіні өзі тудырады дегендермен толық келісу қиын. Оған - Ч.Пирстің зерттеулері куә, Америкалық ғалым Соссюрдіің атақты "егізінің" орнына мынандай үш ұғым қойды: the resresentamen-an intertant-an object7 Бұл жүйеде болмысқа тағы да орын жоқ екені айқын болды.,мұндағы белгіден тыс тұрған атауы белгісіз құбылыс. Интерпретатордың рөлі делі де мұнда нақты анықталғандықтан, А.Ричардс олардың мағынасын айқындау үшін "Пирстің үштігін" символ-мағына-референт сияқты ұғымдармен алмастырған болатын. Бұл үшбұрыштың төбесінде қандай сөз тұруы қажеттігі жөніндегі таластан нәтиже болмады. Кейбір зерттеушілер бқл үшбұрышты төртбұрышқа немесе трапецияға айналдыруды ұсынды. Осы үш ұғымның арасындағы байланыстар семиозис деп аталады. Мұнда интерпретатордың тілдік белгіден тапқан мағынасы тағы да белгі болады. Ендеше ол қайтадан жаңа үштік түзеді, сөйтіп шегі жоқ семиозис басталады. Бұл үдеріс постмодердернистерді қатты қызықтырады. Егер Ч.Пирс семиозисті - болмысты танудың шарты десе, Ж.Деррида тілдік белгінің объективтік болмыста референті жоқ екендігін айтқан. Постмодернистер сөздің мағынасын оның басқа сөздерден қандай да бір болсын айырмашалағы құрайды деген Соосюрдің пікірін өз ыңғайына сәйкес құрып алды. Сөздің өзіне керек мағынасын табу үшін оны екінші, үшінші ұғыммен теңшеу саны тағы солай өсіп кете беретін сөздермен салыстыра берсе, онда оның нақты мағынасын айқындайу мүмкін болмай қалады. Яғни анықталушы сөз өзінің анықтаушысын іздеп, оны үнемі қуып жүретіндей болады. Осындай реалдылықты олар мәтін деп атайды.Әрине Ж.Дерриданың "мәтіннен тыс ештеңе жоқ" деген бұл пікірін біржақтты түсінген жараспас. Мынадай үш сөйлемді салыстырып көру көп мәселенің байыбына баруға жетелейцді., осындағы ақпараттың амалына , сезім ауанына назар аудару керек:
а) ханша жүрек талмасынан қайтыс болды;
ә) ханша көп ұйықтағаннан қайтыс болды;
б) ханша жеті қат аспанға ұшып кетті;
Жүрек талмасы мен қайғы - адам өмірі үшін қауәпті құбылыстар. Қуаныштың адам өмірі үшін мәні басқа. Енді үш сөйлемдегі мағыналық маркер мен мәндік верификацияға талдау жасап көрейік. Алғашқы сөйлемнің шын сияқты болып қабылдануы үшін дерек нақтылығы жетіспейді.
Әдебиетте ханшалардың жүрек талмасынан қайтыс болуы көп кездесе бермейді, көркем мәтінде олардың қайғыдан қаза болуы жиірек. Осыған байланыстыД.Хосперстің бір кездегі айтқан ойларына назар аудару қажет болады, ғалым "жер-дөңгелек", "ай-күннің серігі" сияқты эмпиририкалық шындықтар мәнінде болуы мүмкін, бірақ олар оны көркем айналдыра алмайды деген. Осындайдан соң көп жағдайда объективтік болмыс пен көркем мәтін арасында белгілі бір қарсылық туындайды. Сондықтан әдебиеттте пайдаланылатын деректік ақпараттар таза деректік ақпаратты фабулалықпен алмастырады. Сөйтіп әдеби туындыда кейбір аномалиялық жағдайлар туындайды.
Көркем мәтінде тілдік белгілер олардан тыс тұрған болмысты бейнелей алатын әдеби образдың пішіні ғана бола алады, сондықтан сөздердің мағыналық ұабаттарының артуы көб жағдайда әбеби образдар табиғатына тығыз байланысты болады екен.
Әдеби талдаудың кейде мәтіндегі көркем айшықтау және ажарлаудың мысадарын арнайы тіркеуге, жүйелеуге, мәтіннен бқліп алып бұтарлап зерттеуге ғана назар аударатыны қынжылтады. Әсілі, мұндайда негізгі нысана - әдеби образдың мәтіндегі "өмірі" және оның болмыспен байланысы болса керек. Көркем бейненің әдеби шығармадағы нақты жағдаймен байланысын сараптауға мынадай басты мәселелерді есепке алу керек:
1. Бейнеленген болмыс-әдеби троп тудырудың негізгі көзі ғана емес, ол сюжеттік сәт, бейнелеу нысаны, тақырып, реалий мотив пен оқиғаға қатысты. Тірек ұғым, бейнелі сөз, көсем түсініктің өмірлік реалий ретіндегі маңызын айқындаудың орн ерекше. Д.Исабековтің "Дермене" атты шығармадағы адамдар арасындағы бейнеленген оқиғалар автордың дермене туралы имплициттік, эксплициттік ойларымен салыстырса, повестегі осы ұқсастықтар, үндестіктердің мазмұндық, мағыналық қызметі өзгергені байқалады. О.Бөкеевтің "Кербұғы", С.Мұратбековтің "Қылауында" да осындай суреттер бар.
2. Көркем мәтінде сөзбен салынған сурет-образдар болмыстың басқа қырларын қамтуға бағытталып, автор ойына сәйкес өзгереді., оқырманның қабылдауын жаңғыртады. Адам сезімінің дыбыстық, бейнелік, одоративтік сипаты күшейіп, баяндауды жанды суретке жақындатады. Көркем болмыс деректері сан түрлі бояуымен оқырманға басқаша әсер ете бастайды. Сылдырлаған үн келістілігі, лұғат тереңдігі, болмыс көріктілігі, зейнет шарпуы қоса өрілген Мағжанның "Батыр Баяняндағы" мына жолдар болмысты қалай нақыштағаны таң қаларлық: "Сиқырлы гүлге оранған жібек майда, Сылдырлап сылқ-сылқ күлген терең сайда".
Осындағы "сиқырлы гүл", "сылдырлап сылқ-сылқ күлу" - албырт жас Ноян мен қалмақ қызының кездескен жері мен сәтінің бейнелеуі. "Сиқырлы гүл" мен "сылқ-сылқ күлкі" - Абай айтатын "буынсыз тіл" мен "буулы сөз".
Көркем мәтіндегі образдар қатары көрнекі және сезімдік образдармен шектелмейді. Олар Адам, Уақыт, Кеңістік, Өлім, Өмір атты тақырыптармен тығыз байланыста. Абстрактілік ұғымдар, геометриялық фигуралар, шартты белгілер, фауна мен флора сияқты әлемдердің қым-қуыт байланысуы, араласуы, қиылысуыкөркккем образдар тудырады, бірақ олардың танымдық қызметін естен шығармаған жөн. Болмыс жайындағы авторлық ақпаратты оқыман үшін кһкейкесті мәселеге айналдыру көбіне әдеби образ арқылы жүзеге асады.
3. Әдеби туындының образдық құрылымы болмысты бейнелеуге ғана емес, мәтіндегі өзіне сәйкес мынадай құрылымдарды көрсетуге де бағытталған: а)образдарға сәйкес оқиғалар мен деректер қатарын; ә) бір образды жаңғырта қайталау арқылы оны теңеу, метафора, эпитетке айналдыру; б) әр түрлі реалиийлерді жүйелі әдеби образдарға ұластыруда мәтіндегі образдар қатары бейберекет емес, автор интенциясына сәйкес тәртіппен орналасады, әдеби шығармадағы образдар жүйесінің құрылымы мынадай адамдарға сүйеніп қалыптасады: қайталау, көнтраст, монтаж, егіздеу,
4. Бір мәтіннің образдары екінші көркем шығарманың мәтінін еске түсіре алады немесе ұқсас ассоциативтік ой-сезімге жетелеуі мүмкін, нәтижесінде мағына байып, жаңа мәндер қалыптасады. Болмыстың үзігі, өмірлік оқиға, тарихи деректің көркем мәтінге негіз болуының жөн-жосығы өте күрделі үдеріс. Сондықтан қаламгер үшін алдымен бейнеленетін өмірлік ақпаратты, қоғамдық фонды оқырман үшін зәру мәселеге айналдыру міндеті тұрмақ. 20 ғ. басындағы қиын-қыстау кезеңдерде еліне рухани дем берер ерлерді еске алу керек болды. Батыр Баян жайлы елаузындағы аңңыз-әңгімелер, Шоқан жазбаларындағы деректер М.Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасында көкекесті тақырыпқа айналды. "Қызыл тіл қолым емес кісендеулі" дегенде кісенді бұзар батыр қажеттігін меңзегендей. Деректік негіздер поэмадағы фабулаға, ал фабула метафоралық деңгейдегі көркемдік сипатқа ие болған ғасырлар қатпарында , болмыстың иірімдерінде бұғып жатқан шығармашылық қуат көзі рухани әлемге барар жол іздейді.Асыл асқар, айнымас арман, ақиқат иланым қатары бар көркем мәтінге тұтас образдық жүйе деп қараған орынды. "Абай жолы" эпопеясында негізгі оқиғалар өтетін орта, уақыт, кеңістіктің әдеби образдарға айналып кеткендері бар. Шыңғыстау, Семейтау, Доғалаң сияқты биіктер, Шаған, Ащысу, Қарауыл, Бақанас, Ертіс тәріздес сулар күзеу, көктеу, жайлау, қыстау сияқты жайылымдық жерлер, шатқал, сай, аңғар, үңгір сияқты суреттер - ел жайлаған ортаны, қазақ тіршілігін, көшпелі тұрмыс көріністерін түгел көрсетіп беруге пайдаланған. Бет-әлпеті, қас-қабақ, ым-жым, ишараемеурін, сөз саптау, билік айту, шешендік айыс, мәмілегерлік - осының бәрі эпопеяда шығармашылық тілейтін , жаңғыртуға бейімсалт-дәстүр болып келетін кезеді бар. Сонымен қатар тапжылмайтын, әбден орныққан, санаға сіңісті тұстары тағы жоқ емес. Эпопеяның референциалдық мүмкіндігі мол, метафоралық қуаты - күшті, мәтіндік ішкі сыртқы энергиясының кернеуі - өте жоғары. Халық өмірінің, ел тарихының құнарлы қабаттарын қопарған, биік нысананы мұрат тұтқан, дерек пен дәйекке аса маңызды көркем материал да қараған. Сюжет пен фабула түзудің сан алуан үлгісін қолданған, мыңға жуық образ жасаған аса бай әдеби игілік қажырлы еңбек, шабытты әрекет арққылыдүниеге келген. Түйіп айтсақ, әдеби шығармадағы дерек түрлері өте көп болады екен, оларды жеке-жеке де біріктіріп тежүйелеп талдау мәтінді толығырақ тануға мүмкіндік береді. Әдеби образ бен мәтіндегі дерек арасында өте тығыз байланыс болатындығына мысал жетерлік.
Автор өмір құбылыстарын, тарихи деректерді, өзі ойдан шығарған оқиғаларын шығармасында көркем дәйек ретінде пайдаланады, қайсысына басымдық беретінін өзі шешеді.Мұндайда оның өмірді, ортаны, табиғатты бақылайтын, көретін өз бұрышы, бақылау нүктесі, көзқарас көкжиегі, көңіл дүрбісі аса маңызды қызмет атқаратыны айтылып жүр. Деректің фабулалық материалға айналуының себебі мен мотивтерін талдау арқылыбақылауға болар, ал оның метафоралық маңызы бар құбылысқа айналуы көп жағдайда авторлық құпия болып қалады, бірақ зерттеушілердің бұл жасырын сырға қызығушылығының астары терең. Өмірлік дерек қаламгер үшін туындысының перспективасын анықтайтын негіз екенін көп жазушылар мойындаған, бірақ керек деректі тап басып тани алмай қалғанына өкінгендері аз емес.. Деректік, фабулалық, метафоралықсипаттағы әдеби материалдарды ойдың дәйегіне айналдыруды арнайы зерттеу шығармашылық еңбектің қыр-сырына бойлауға, мәтінді тереңірек түсінуге өнімді жағдай жасайтыны анық. Сырттай деректік болып көрінетін құрылымның фабулалық астары терең болуы әлбетте жиі кездеседі. Алдар Көсенің өміріне қатысты деректер көркем мәтін болу үшін оларды сол кезеңнің, ортаның нақты оқиғаларымен, фондық біліммен байланыстыру керек болады. Ал осының бәрін оқырман үшін көкейкесті ұғымға, зәру мәселе деңгейіне жеткізу автор еншісінде, оның шығармашылық әлуеті мен шеберлігін анықтайтын дерек пен дәйек екенін ұмытпаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет