Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


Көркем мәтінді әдебиеттеу тұрғысынан зерттеудің үшінші бағытын шартты түрде формализм деп атау қалыптасқан



бет40/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

Көркем мәтінді әдебиеттеу тұрғысынан зерттеудің үшінші бағытын шартты түрде формализм деп атау қалыптасқан. 20 ғасырдың басында мысы басым болып тұрған әлеуметтік және прагматикалык көзқарастарға бастапқыда наразы болған біраз Ресей ғалымдары (Тыянов, Шкловский, Якобсон т.б.) көркем мәтіндегі форманы мазмұннан жоғары қойды. Олардың зерттеулерінде поэтикалық тіл, өлшем, ырғаққа ерекше мән беріліп, бұдан басқа да көркемдік амал-құралдардың мағына тудыру қабілетін, сөздің астарлы мағыналарын індете іздеу негізгі мақсат болған. Бұл бағыттың идеялары 1950 жылдары АҚШ ғалымдары К.Брукс, А.Тейт, Д.Рэнсом еңбектерінде жаңаша қолдау тапты, олар ғасыр басындағы «Прага үйірмесінің» идеяларына сүйеніп, әдеби шығармаларды талдаудың өзіндік әдістемесін ұсынды. «Close readinq» деген атаумен белгілі болған бұл талдау әдісін қазақша «бүге-шігесіне дейін талдау» немесе «мұқият талдау» деп аударып қолданса болар еді. Әрбір оқырманның көркем шығарма туралы өз пікірін қалыптастыруды және оны есепке алуды көздеген аталмыш әдіс көркем мәтінді талдауды демократияландырудың алғашқы қадамы болып, көркем мәтінді студенттер аудиторясында структуралистік, функционалдық, антропологиялық, герменевтикалық тұрғыдан жан-жақты қарастыруға негіз салды.
Әдеби туындыны семиотикалық тұрғыдан зерделеудің басты мақсаты - көркем мазмұнды, оған өнер сипатын дарытатын арнаулы көркем белгілер мен кодтарды (әлеуметтік, пәлсапалық, эстетикалық, т.б) анықтау. Лингвистикалық белгілердің (фонема, морфема, лексика, стилема) тұрақты мәтіндік структуралары бар екені мәлім, ал әдеби шығармадағы эстетикалық көркемдік мәні бар белгілерді тап басып анықтау оңай емес, себебі олар әрбір нақты мәтінде өзінше көрінеді, сол белгі келесі мәтінде басқа мағына беруі де әбден мүмкін. Ерекше маңызы бар сөздер мен тәркестердің статусы жеке мәтінде көбінесе жалқы мағынада болады, жалпы мәтіндік сипатқа ие болатындары сирек болса да кездеседі. Семиотикалық дәстүрлі көзқарас бойынша өнер туындысының структурасы ылғи жаңадан жасалады-мыс, жазушы өзінің ойы мен сезімін білдіру үшін таңдап алған сөздері мен ұғымдары мағыналарының шекарасын ізденіс үстінде авторлық бағдарына сай жаңаша айқындайды.Семиотиканы көркем мәтіндегі белгілердің конвенциалдығы, рефереттілігі, концептуалдығы қызықтыратыны мәлім. Сонымен қатар, бұл бағыт өкілдері көкейкөзге, ішкі дауысқа, ішкі айтылымға назар аударады.Соңғы кезде әбеби мәтінді эстетикалық нысан деп танитын семиоэстетикалық ғылыми бағыт жиі көріне бастады. Семиотиктер мен лингвистер арасында көркем мәтінді талдап, бағалауда өзара келіспеушіліктер баршылық. Тілтанушылар болса, мәтін - жабық құрылым, оның құрамындағы бар нәрсені - бар, ал жоқты - жоқ деу керек деген ұстанымнан таяр емес. Ал семиотиктер мәтінді ашық жүйе деп санайды, бұл туралы олардың өзіндік уәжі бар ; көокем мәтін- тек монолог немесе диалогтан тұрмайды, бұл әңгімеге оқырман араласса ғана оның мағынасы толық анықталады-мыс.Демек, «автор – мәтін - оқырман» сияқты үштіктің басы қосылғанда көркем мазмұн толық ашылады екен. Өнер туындыларындағы жасырын симиотикалық код пен құпия әдебибелгіні нақтылы анықтаудың түрлі жолдарын іздеген ғылыми бағыттардың бірі –структурализм. 1920 жылдары В.Я.Пропптың қиял-ғажайып ертегісінің морфологиясы туралы атақты еңбектері жарық көрген болатын. Сол кезде әр түрлі себептерге байланысты ғылыми қолдауға ие болмаған оның идеялары 1960-70 жылдары әмбебап құрылымдық-мағыналық сұлба ретінде француз семиотиктерінің зерттеулерінде кеңінен қолданыла бастаған еді. В.Пропптың ертегілерде тапқан жанрлық мағыналық кодтары мен мазмұндық белгілері басқа әдеби мәтіндерді зерттеуге қолданыла бастауына Леви-Стросстың, Р.Барттың, Греймастың еңбектері мұрындық болды.Негізгі бағыты аналитикалық құрылым болғандықтан, бұл әдіс мәтінің мазмұндық сапасын бағалауға құлықсыздау болды, басында идеологиялық талдау да олар үшін онша маңызды емес еді. Біраз уақыт өткен соң структуралық элементтердің тұрақты функцияларын жаңа мәтіндерден індетіп іздей беру қызық болмай қалады. Өнерде идеологияның өзіндік маңызы мен орны бар екенін кеш те болса мойындаған соң, структуралистер енді мәтіндегі мәдени-тарихи негіздерді оң бағалай бастады,олардың қоғам өмірін дамытуға қосатын үлесін Леви-Стросс та,Р.Барт та мойындады. Ал Ж.Деррида, Ю.Кристева сияқты ғалымдар әдеби мәтіннің әлеуметтік өмірді «бақылаушылық» қасиетіне және қоғамды тәртіпке шақыра алатын күшіне ептеп құрметпен қарағанмен, онвң тұлғаның жеке басының бостандығын шектейтін кейбір ықпалды қасиеттеріне жіті назар аударған. Аталмыш ғалымдар өнер мен әдебиеттегі шынайылық пен жалғандықтың аражігін анықтауда структуралық тәсілдерді қолдануды ұсынды.Мәтіннің сыртқы пішінінен гөрі оның оқырманның психологиясын зерттеуге ден қойған Мэн, Блюм,Хартман, Пол де Ман сияқты ғалымдар мәтінді талдаудың деконструктивтік әдісін ұсынды. Оның негізінде жүйелі аналитикалық көзқарас жатыр.Француз поструктурализмнің белді өкілі профессор Пол де Ман - көптеген әдеби теорияларды «қайта өңдеумен» атағы шыққан ғалым. «Иель ғылыми мектебінің» идеясын дамытумен айналысқан бұл зерттеуші Ж.Дерриданың көзқарастарын көбірек қолданады. Ол Хайдеггердің «деструкциясына», Ницшенің «авван» ұғымына, Батыс Еуропалық «демонтажға» сүйене отырып, Ж.Дерриданың көзқарастарының солармен байланыстарын қарастырған. Ғалым декрнструкцияны – мәтінді жік-жігімен қопара бұзып, оны қайта құрау кезінде назарға ілікпей жоғалып қалатын нәрселерді түгендеу жолы деп анықтаған. Әдістің міндетттері көркем туындының әлеуметтік мағыналарын, пәлсапалық, әдеби-көркем, этикалық маңызын тану, талқылау, түсіндіру емес екеніне баса назар аударған. Оның ойынша, деконструкциялық әрекет – әдеби мәтінді өзін тудырған ортаға, айналаға шашып жіберу арқылы қайта сіңіру, әдеби ортаны тыңайту, сөйтіп оның қайта өнуін қамтамасыз еткен аймақты, оған ерекеше қуат берген құнарлы қабаттарды анықтау. Мәтіннің дамуына аса қолайлы, ыңғайлы ортаны айқындап алу үшін осындай амал-тәсілдерді қолдануды жөн көретін Пол де Манның көзқарасы шартты түрде «синтездік мәтін» деп аталып жүр. Ол мәтінді қайта тарқатудың әмбебап сферасын мына ұғымдармен белгілеген: дүниетаным, қисынды пәлсаплық рефлексия, адамның ішкі жан-дүниесі, оның сыртқы дүниеге эмоциялық қарым-қатынасы. Ғалым философия мен әдебиет арасындағы риторикалық қайшылықтарды қарастыра отырып, нәтижесінде грамматикалық э лементтерді риторикаға қарсы қойған. Де Мане әдеби сынды оқырманның көкейкөзін ашатын күш деп есептеп, оған ерекше мән бергенінің себебі мынадай . Оның ойына бойласақ, мәтін құрамында дұрыс қағидалармен бірге оны қате оқуға мүмкіндік беретін міндетті шарттар бірге өмір сүре береді екен. Әрбір мәтін болмыс жайындағы ойдан шығарылған оқиғалардан тұрады, ал оқырман оны шынай өмірлік дерек ретінде қабылдайды, сыншы болса, ол деректі автор қиялының жемісі деп қарайды. Сөйтіп, осындай қисынсыздық пен қателік бірте-бірте мәтіннің жетістігіне айналып кетеді-дүр. Осыған сүйенген сыншы әрі қарай қолынан келгенше өзінің субъективтік бағасын растауға тырысады-мыс. Әдеби мәтін мен сыни мәтінді салыстыра тексеру бұдан басқа да қайшылықтарды көрсетеді екен. Көркем шығарманы жай оқу мен сыни көзбен қараудың арасында да тайталастың тууы әбден мүмкін. Оған қоса, автордың ой-идеясының ауаны адресатқа ұнамаса немесе оның оқырманға әсер-ықпалы екі түрлі сипатта болса, ол екі арада іштей егес, текетеріс басталып, ол тартысқа ұласуы бек мүмкін дейді Пол де Ман. Оқырманның мәтінді ирониямен қабылдауы әр қилы рефлекцияға негіз болып, деконструкциялық әрекетке қиындық келтіреді. Өмірде болып жатқан әр түрлі эмпирикалық құбылыстар десирукцияға, демормацияға апарыпсоғады деген ғалым пікірі орнықты, барынша дәйектелген. Пол де Ман әдебиет теориясының онымен бәсекелес деп саналған пәндер эстетика және әдеби сынмен қарым-қатынасына көп назар аударған. Нәтижесінде үнемі қимыл-қозғалыс үстіндегі сын мен эстетика, көбінесе шабандау қозғалатын әдебиет теориясына шабуыл жасап, оны қорғануға мәжбүрлейді деген тоқтам жасаған.
Семиотикалық көзқарастардың ішінен қазіргі кездегі ғылыми зерттеулерде өнімді қолданылып отырғаны – когнитивтік бағыт. Оның негізгі мақсаты - мәтіннің пайда болуы және оны қабылдау механизмдерін зерттеу арқылы жасанды интеллект табиғатына үңілу, сондай ителлектіні қолдан жасаудың жолдарын қарастыру.
Р.С.Шенк, Н.Джонсон сияқты ғалымдар тапсырыс берілген кез келген тақырыпқа сәйкес әдеби мәтін құрай алатын компьютерлік бағдарламалар жасаудың семиотикалық модельдерін дайындаумен айналысты. Бірақ олар ұсынған дайын синтаксистік парадигмалар көркем мәтіннің ерекшеліктерін ескермей жасалған болатын. Сондықтан олар алғашында тек белгілі бір тақырып төңірегіне схема құрылған дайын «сценарийлер» жасауға ғана қабілетті болды. Р.С.Шенк қарпайым іс-әрекеттерді суреттейтін, бір-бірімен қисындылық байланысы бар сөйлемдерден тұратын мәтін ойлап табуға мүмкіндігі бар семиотикалық модель жасаған. Ал 1980 жылдары жасанды интеллектіге деген қызығушылық тіпті өршіп кетті, өйткені бұл кезде нарративтік грамматиканың бұрынғы кемшіліктері ескеріліп, икемді жаңа іс-әрекеттер ойлап табылған еді. Бұлардың қатарында У.Г.Ленердтің «аффективті сюжеттік бірліктер» теориясы, Р.Бограндтың мәтінді құрай алатын және оны талдауға қабілеті бар компьтерлік бағдарламаларын атауға болады, қазіргі кездегі шетелдік БАҚ-тарда олар пәрменді қолданылуда, дайын сценарийлерді өзінше өңдеуден, қазіргі көрерменге бейісдеуден қазақстандық телеарналар да қалысар емес. Қаптаған телесериалдардың өрістеуіне де олардың қатысы бар.
Көркем мәтінді металингвистикалық тұрғыдан зерттеу жедел дамып келе жатыр, бұл бағыттың мақсаты – мәтіннің мазмұнын лингвистикалық белгілер арқылы көп деңгейлі жүйе ретінде қарастыру. Мәтіннің негізгі өлшем бірлігі деген түсінік тілшілер арасында қазір берік орныққан, оның антропологиялық , функционалдық, когнитивтік парадигмалардың сұраныстарына сәйкестігі ғалымдардың қызығушылығын арттырып отыр. Мәтіндегі әдеби тілдің автордың ойлау жүйесімен, психикалық құбылыстармен, әлеуметтік ортамен, мәдени көзқарастармен, ұлттық ділмен тығыз байланыста болатынын мойындау лингвистикалық зерттеу ауаны тіпті кеңейтіп жіберді. Мәтінді этнолингвистикалық талдау бағыты мәтіннен-мағынаға, типтік мәннен – жекешеге, табиғи тілдің жалпы қасиеттерінен ұлттың тілдік ерекшеліктерін зерделеуге қарай ұйымдастырылатыны көп айтылып жүр. Мәтінді талдауда оның негізгі белгілері мен жетекші қасиеттерін айқындап алу өте маңызды. Тілтануда шығарманың лексикалық, логикалық, грамматикалық байланыстары, тұтастығы, бас-аяғы бүтіндігі, жүйелілігі, обьективтілігі, ашықтығы, уақыт пен кеңістікте өрістеуі, мазмұндылығы, функционалдығы, мақсаттылығы, т.б. сияқты қасиеттері анықталған. Бұл белгілерді мәтіннің барлық түрлеріне ортақ деп айту орынсыздау болғандықтан, кейбір ғалымдар жалпыға ортақ бергілерді когнитивті тұрғыдан былайша негіздеуді ұсынып жүр: мәтіннің антропоцентристік негізі, ақпараттық қарымы, адрестілігі, прагматикалық бағыты, мақсаттылығы, интенциялық қуаты. Бірақ бұл ұғымдардың ұолданылу аясы, мағыналық шекарасыәлі күнге дейін нақтыланбағанын айтып өткен орынды.
Әдеби шығарманы тілдік тұрғыдан қарастырудың тағы бір ерекшелігі мынада: онда мәтін мазмұнын айқындау негізінен оны құрап тұрған лингвистикалық белгілердің көп деңгейлі жүйесіарқылы жүргізіледі. Фонема-морфема-лексема-стилема сияқты тілдік құрылымдардың төменнен жоғары қарай бірігіп, қосылып, тұтас жүйеге айналу барысын жіті бақылайтын лингвистер үшін ХХ ғасыр осы жүйенің ең жоғарға деңгейі – мәтінді зерттеудің қажеттілігі күмәнді бола бастады. Өйткені Ф.Соссюрдің «тіл» мен «айтылымды» бөліп қарастыруды ұсынуы көркем мәтінді лингвистикалық зерттеу нысандарының қатарынан шеттете бастаған болатын.
Мәтінді «айтылымның» жазбаша түрі деп санау оған деген лингвистикалық қызығушылықты біршама бәсеңдетті, себебі бұл жағдайда нағыз лингвистикаға тән емес дискурс төңірегін қазбалап қарастыру қажет болды. Осындай көзқарасқа алғаш болып структурализм қарсы шықты. «Мәтін» мен «сөйлем» арасында айта қоярлықтай айырмашылық жоқ екенін байқаған олар тілдік деңгейлерге енді жоғарыдан төмен қарай қарап көруді ұсынды. Осы пікір төңірегінде қалыптасқан жаңа бағыт «мәтін лингвистикасы» деп аталады, бұл пән мәтінді өте ұзын, ұзақ сөйлем деп қарастыра бастады. Олардың ойынша, ұзақ сөйлем(super long sentence) «кіші ядролық сөйлемдерден» құралып, мәтіндегі «байланыс бөлімш. иересі» қызметін атқаратын бөліктер оларды өзара қосып тұруға қызмет істейді екен. Бірақ сырттай қарағанда қарбайырлау болып көрінетін осындай көзқарасты бұл бағытта ұзақ уақыт ізденіп жүрген көптеген лингвистер қолдамай отыр. Олар сөйлемдегі тілдік бірліктер жеке тұрып басым қызмет атқарамаса да, жалпы мәтінді басқаша қасиетімен ерекшеленуі мүмкін екенін алға тартады Нәтижесінде лингвистердің дені тілдік иерархияның ең жоғарғы деңгейі ретінде мәтінді тануға келіскенлдей болды. Орыс ғалымы А.А.Леонтов 1969 жылы ұсынған «текстема» ұғымының төңірегіндегі мәселелер қазір кеңінен зерттеліп жатыр, онда көркем мәтінді суперсегменттік, синтездік тұрғыдан талдаудың оңтайлы әдістемесі жасалып, дамытылуда.
«Мәтін лингвистикасы» парадигмасы өте ауқымды үдерістерді жан-жақты қарастыруды көдеп отыр. Стилистика көркем мәтіннің стилистикалық бірліктері мен компоненттернің құрамын қарастырып, фонетикалық және лексикалық бейнелеу құралдарының қызметін сараптайды.
Психопоэтика деп аталып жүрген бағыт әдеби шығарманың тууын, қабылдануын, герменевтикасын зерттеу нысаны етіп жүр. Мәтіннің ассоциативтік-мағыналық қызметін сөз қылу да осы бағытқа тиесілі. Поэтология болса, шығармашылық әрекет, ынта, мінез-құлықтың антропологиялық негіздерін қарастырады. Ол шығармашылықтың эстетикалық қыр-сырын, эстетикалық сценарий және оны құрайтын эстетикалық қатар, фон және орталықтың бірлескен қызметінен іздейді. Мәтін фоносемантикасы шығармадағы поэтикалық мағыналарды іздеп, олардың парадигмасын анықтаумен айналысады. Соңғы кезде поэтикалық идеография атты ғылыми бағыт жедел дами бастағаны тегін емес, өйткені мәтінді концептологиялық тұрғыдан зерттеудің мақсат-мүддесі осындай талаптар қойып отыр.
Басында структуралистік көзқарастардың негізінде пайда болған, кейін өз алдына зерттеу нысаны бар дербес ғылыми пән болып қалыптасқан мәтін лингвистикасы структуралық семиотиканың бұрыннан белгілі кейбір қағидаларын қабылдамады. Әдеби-мәдени құьылыстарды жалпы бағалауда біршама жетістіктерге жеткен структуралық семиотика енді күрделі көркем туындыларды, яғни поэтикалық мәтіндерді нақты талдауға келгенде, өзініңосал тұстарын байқатақан болатын. «Структурализм» «за» и «против» (М.1975) атты жинақта мәтіндегі мағыналар арасындағы оппозиция мен эквиваленттілікті фонологиялық, синтаксистік, семантикалық деңгейлерде қарастыру мәселелері кеңінен сөз етілген болатын. Дегенмен, осыдан соң структуралық семиотикалық зерттеу ауаны енді басқа бағытқа ауып кетіп, М.Риффатер сияқты ғалымдар поэзияны структуралық тұрғыдан талдаудың қисындылығына күмәнмен қарады. Қазір де оның жақтастары аз емес. Олардың өз уәжі бар. Структуралистер атап көрсеткен көптеген құрылымдық қасиеттердің мәтінді өте мұқият оқыған кездің өзінде де анық байқалмайтындығының себебін іздей отырып, оған өздерінше жауап та тапқан сияқты болды. Структуралық талдау көркем мәтінді ол өмір сүретін кеңістікпен синхронды байланыста ғана құрауға мүдделі болды. Мәтінді қабылдаудың көбінесе белгілі бір ұзақ уақыт арасында жүзеге асатыны мәлім болғандықтан, структуралық белгілер дәл осы кезде анық көрінбесе, оларды кейін анықтау үшін қайта-қайта мәтінге оралудың, қайтара оқудың қисынсыздығына мән берілді. Көркем мәтінді талдаудағы структуралық көзқарастың кемшілігі оның әдеби шығарманың диалогтық табиғатын ескермеуінен туған деген Т.Иглтонның пікірін қолдау керек. Ал мәтін лингвистикасының бұл ыңғайдағы жетістігі анық, өйткені ол айтылымның коммуникативтік қызметіне ерекше мән беріп, оның терең мағыналық қабаттарын ашу үшін лингвистикалық кодтар мен белгілерге сүйенуді қуаттайды.
Мәтін мәселелерін зерттеумен функционалдық және коммуникативтік лингвистика, номинация теориясы сияқты ғылыми салалар өз мақсаттарына сай шұғылдануда. Олар мәтіннің семантикалы, семиотикалық, когнитивтік, номинативті және нақты мазмұндық деңгейлерін, диктумдық, модустық, прагматикалық, менталдық, перцептивтік мағыналарын зерттеу нысанына айналдырған. Мәтіндік концепт, оны логикалық және сублогикалық қабылдау барысы да лингвистер үшін аса зерттеу тақырыптарына айнала бастаған.
Мәтін лингвистикасында оқырманды «адресат» деп атау қалыптасқан. Сол арқылы көркем туындының стиль тұрғысынан аса маңызды әрі автордың тереңге жасырған мағыналарын лингвистикалық белгілерге сүйене отырып ашуға ден қойып отырған «Кодты шешу лингвистикасы» деген ғылыми бағыт кеңінен дамуда.
Аударматануда мәтін поэтикасымен өте көп шұғылданған ғалым – Ю.Найда еді. Ол аударма теориясы мен интерпретациясы назар аударатын мынадай мәтіндік компоненттер мен қасиеттерді зерттеу нысаны ретінде бөліп көрсетті: мәтіннің басы мен соңы анықтап тұратын құрылымдар, мәтін ішіндегі өзара ауысулар, ырғақтық байланыстар, уақыттық-кеңістіктік қатынастар, қисындылық, дискурске қатысуларды даралау, эмфатикалық элементтер.
Қазақ ғалымдары да мәтін лингвистикасын дамытуға ат салысып келеді. Тіл көркемдігін сипаттайтын дәстүрлі стилистикадан бастап, адам танымына жетелейтін когнитивтік лингвистика, философияға дейінгі аралықты қамтиды. Мәтін стилистикасы, мәтін прагматикасы бойынша зерттеулерден Р.Сыздық, Б.Шалабай, Б.Момынова, Г.Абикенова сияқты ғалымдардың көркем ерекшеліктерін саралаған еңбектерінен мәтінтүзуші мағыналық-құрылымдық бірліктер туралы көптеген ақпарат алуға болады.
Қорыта келгенде, көркем мәтінді әдебиеттануғ лингвистика, семиотика сияқты ғылыми бағыттардың жан-жақты зерттеуінің дидактикалық тұрғыдан құндылығы жетерлік. Лингвистикалық және семиотикалық талдау барысында көркем мәтіннің эстетикалық, экспрессивтік, эмотивтік қырларына назар аударылғаны құба-құп. Ал әдебиеттанушыларға мәтін лингвистикасының негіздерімен жақсы таныс болғаны артық емес. Оны көзқарастардың интегративтік бірлігі көркем мәтіндегі коммуникациясының сан түрін айқындауға септігін тигізетінін тәжірибе дәлелдеп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет