Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»



бет36/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

1)персонаждар санасы:
2)авторлық сана:
3)оқырманның санасы:
4)заманның әлеуметтік санасы:
5)транс-персоналдық сана.
Әрине, адамның ішкі дүниесі өте күрделі, сондықтан жазушылар сана категориясымен бірге түпсана және санасыздық, бейсаналық құбылыстарынада шығармашылық барлау жасайтыны белгілі.
француз философы П. Рикердің Метофра теориясы атты (1990) әдеби талқылауында ол қаламгерлерді абстрак-тілік, яғни, көркемдік ойлаудың шығармадағы көріністеріне мұқият назар салуға шақырған.
Көркем мәтіннің танымдық сипаты мен әлеуеті көп нәрсеге байланысты. ОЛАР - автор дүниетанымы, замана келбеті, дәстүр сипаты, ақпараттар мен деректер мәні, сюжет барысы, оброздар әлемі.
Олардың арасындағы түрлі байланыстардың да танымдық қызметі бар. Сондықтан әдеби туындының танымдық сипатын айқындау үшін
мынадай мәселелерге назар аударғанды жөн.
1-ші, реалдылық ретіндегі танымдық қасиеттерін зерделеу;
2)авторлық тұрғының танымдық қызметтерін сараптау;
3)мәтін құрылымының элементтерінің танымдық функциясын ажырату;
4) ақпараттар мен деректердің көркемдік және танымдық сипатына үңілу;
5)танымның көркем мәтінді тұтастырудағы қызметін талдау.
Осындай жүйелі талдап-таразылау шығарманың мәні мен маңызын нақтылай түседі.
Бірақ мәтіндегі танымдф бағалай білу оқырман дайындығына да байланысты. Абайдың "сөз таныр кісісінің"кім екеніне жалпылама мінездеме берудің өзі оңай емес. Данышпан ой иесінің:
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас дерттпен тең
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар,-
деген шумағындағы сөзді ақылмен ойлап білу мен сөзді жүрекпен сезуді күрделі психологиялық құбылыстар деп қана қою аздық ететіндей.
"Көңілсіз құлақ-ойға олақ"дегенін де өмірді тану үшін тыңдай білу керек екен деп түсінген аз болар. Осыған байланысты М.Бахтиннің "әдебиет дегеніміз-тілдің көркем образын тану"дегені еске түседі.
Ендеше көркем әдебиеттің танымдық сипаты көп нәрсеге тәуелді екенін аз ғана мысалдардың өзі көрсетіп тұр. Сөз сыры, сиқыры, парқы-нарқы, асылы-жасығы туралы айтылған пікір көп. Түйіп айтқанда, әдеби мәтінді көркем әлемді құраудың бір түрі, коммуникативтік бірлік, тілдік амал-құралдардың динамикалық жүйесі деп қана тану көбінесе әдеби мәтін төңірегіндегі пікірлер мен тұжырымдардың субъективтілігі менимпрессиясына негіз болып отыр.Сонымен қатар көркем мәтіннің әр элементінен танымдық сипат іздей беру де ылғи нәтижелі бола бермейтіні есте ұстау керек. Көркемдік пен танымның арасындағы қарым-қатынас туралы пікірлерде екіұдайлық басым. Танымдығы жоғары шығарманың көркемдігі төмен болады,ал көркемдік сапасы биік туындылардың танымдық маңызы көркемдігіне сәйкес болмайды деген ұшқары ойлар жиі айтылып, жаттанды тезиске айнала бастағаны өкінішті. Өйткені танымның кейде әдеби шығарманың көркемдік деңгейін анықтайтын критерийлер қатарына қосылмауы да алаңдатарлық жағдай.
Көркемдік ұғымы әуелінде проза, поэзия, драматургияға қатысты қолданылса, кейінірек эссе, мем-уар, күнделіктер, жол жазбалар, сапар-намалар сапасымен байланыстырыла бастағаны мәлім. Соңғы кезде публицистикадағы көркемдік туралы тамсана жазып жүргендер көбейе бастады, бұған қарсылар да азаяр емес. Сонда көркемдік табиғаты туралы ғасырлар бойы жазылған том-том еңбектерде көркемдікті тап басып танытатын қағидалар мен тұжырымдар болмағаны ма? Әлде таңдайы таразы, көмейі безбен сыншылар көркемдікті жеке авторлар мен шығармаларға оңды-солды тарататын сыйлыққа айналдырып жүр ме екен. Осындайда "Көркемдік-туындыға мәңгіге берілетін құрметті титул емес "дейтіндерге де қосылғыңыз келіп тұрады. Көркемдік-мәтіндегі сан-салалы ерекше қасиет пен сипаттардың көрінісі деген пікірге бүйрегі бұрып тұратындар көп-ақ. Түптің түбінде, көркем және көркем емес мәтіндердің арасында оларды бөліп тұратын тас қамал жоқ екенін де көпшілік мойындаған. Бір шығарманың көркемдігі жөнінде қарама-қарсы пікіргелерге сүйеніп, бұған мәтіннің қандай белгілері негіз болды екен деген сауалға жауап таба қою қиын.
Деректілікпен көркемдік бір ыңғайдағы үғымдар емес, олардың танымдық потенциалы төмен дейтіндерге қосыла кету одан да қиын, екеуінің арасында бітпейтін тартыс бар екендігін айтып жүргендер жетерлік.
Өмірлік деректерді өз қалауына қарай танымдық тұрғыдан жеке пайдалануға ешбір мәтіннің монополиялық құқы мен әуелеті жоқ болар. Оларды ғылыми, публицистикалық, көркем шығармалар өз мүмкіндіктеріне сай қолдана беруге құқылы. Фабулалаық құрылым арқылы өмірді бейнелейтін мәтінді құрастырудың өзіндік қиынтығы жетерлік, бірақ тек деректер мен ақпараттар, оқиғалар ғана бірігіп өз алдына көрекем мәтін құрай алмайтыны тағы дау туғызбас. Сондықтан құжаттық мәтіндерді, тарихи хрониканы көркем шығарамалар қатарына қосу-қоспау туралы талас көп. Ал көркемдігі талас тудыра қоймайтын "Абай жолы" сиякты туындыларды нақты тарихи оқиғалармен қатар автор қиялынан туған персонждар мен сюжеттер де бар ғой. Қалай десек те, тарихшыны жазушы, ал жазушыны тарихшы дей салудың қисыны аз. Мұндай әдеби шығармаларды оқырман үшін "уақыты ашық мәтіндер"деп атауды ұсынған Д.Лихачев пікіріне құлақ қойған жөн болар. Өйткені Гомерден бергі әдеби мәтіндердің барлығында дерлік құрылымдардың функциясы көп өзгеріске түспеген. Өздерінің фабулалық оқиғалардың уақытын жаңаша "ашқан"белгілі шығармалар жаңа көркем әлемге де танымдық сипатымекн құнды, ендеше болашаққа сенімен қарауға негіз жасайды, ертедегі персон ждардың өмірін қазіргі мағыналарға толтырды. Шекспир бейнелген тарихи тұлғалар-римдіктер, италияндықтар мен немістер болғанымен, суреткердің әдеби шығармаларын оқып қарағанда, олардың көбінесе авторына ұқсап, ағылшындар сияқты әрекет ететіні туралы айтқан зерттеушілер сөзіне шындық бар, сонда оқырман кімді тануы керек деген сұраққа әркім өзінше жауап бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет