Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы №2 модулі «Ғылым (салалар бойынша) және инновация»


- лекция. Авторлық баян және көркем әлем



бет41/50
Дата17.10.2023
өлшемі459,62 Kb.
#186277
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
korkem matin poetikas -keshen. kyal-21-1m,fil-21-1m

9- лекция. Авторлық баян және көркем әлем


Қарастырылатын мәселелер:
- баяндаушы образының табиғаты;
- әдеби шығармадағы баяндау түрлері;
- кейіпкер сөзінің қызметі;
- жаңа прозадағы баяндау үлгілері.


Автордың көркем мәтіндегі ақтарыла, егіле, төгіле сөйлеуіне көп нәрсе байланысты.
Суреткерлік - ұлт, қоғам, ұрпақтың тағдыр жайында ой бөліспей отыра алмайтын сыршылдықтан, сөзімнен тұратын өнер ретінде саналып келеді.
Адамдардың әсер-түйсігіне, ой-сезіміне, парасат-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету арқылы тіршілікке, айналаға өзгеріс енгізгісі келетіндер де осындай жандар. Сөз өнері тарихында осылай болған, бола да беретіндей. Ауыз әдебиеті үлгілеріндегі эпикалық баяндаудың тарихи оқиғаларға тәуелді болғаны белгілі, бұл үрдіс кейінірек хикаяттарға ауысты, бірақ мұнда гиперболалар мен литоталар, әсіре дәріптеушіліктің зая кеткені мәлім. Қоғамдық сананың дамуы әрбір ұрпаққа өз басынан кешкен тәлімді жайттар мен тағылымды істерін келесі буындарға жеткізуді мақсат етті. Ал бұл мақсат суреткерден болмысты мейлінше дәл баяндауды, орнықты кейіптеуді талап еткен. Авторлық баяндауда бұдал кейінгі романдық ойлау жүйесі әкелген өзгерістер мен жаңалықтар көп болды. Ең алдымен тарихи болмысты нанымды және әсерлі жеткізу жайында ізденістер қарқынды жүре бастады. Олар бұрынғы фабулалық баяндауды жеке адамның тағдырын, мінез-құлкын, әлеуметтік ортадағы орнын бейнелеумен байланыстырды. Бірте-бірте кейіпкердің ішкі жан дүниесіне, қуаныш-ренішіне, жан азабына көбірек назар аударыла бастағаны тиімді болды. Қарапайым тұрмыстық оқиғалар ерлік хикаяларындай тартымды баяндалғанымен, оларда бұрынғыдай әсірелеп әспеттеу, көтермелеп кейіптеуден гөрі адам бойы мен ойына шақ, көңілге қонымды, шындыққа жанасымды сипаттама баяндау көбейді. Таза хроникалық оқиғаларды тізбелейтін мәтіндермен қатар ақпа-төкпе қиялға құрылған шығармалар өмір сүре бастады. Көп тақырыптық, алуан кейіпкерлік тән болған эпостық бейнелеудің біршамада жазба әдебиетте әлсіреген тұстары бар, оның орнына бір адамның өміріне құралған оқиғаларды қаузайтын новеллистикалық баяндау келе бастады. Оқырманды таңқалдыратын осындай таңсық жайттарға құмарлық кейінірек басқа сапаға, бөтен сипатқа ауысты. Орта ғасырларда сөз өнерінде өмірді ежіктей зерделеу, қазымырлана кейіптеу, көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп нақтылай суреттеу мен баяндау бірауық қайта дамыды. Уақыт өте келе мұндай дәстүрдің орнына әжуалай баяндау, кекете отырып кейіптеу, сайқы-мазақ сараптау, оспақтай талдау келді. Трагикомедиялық «Дон-Кихот» сияқты шығармаларға ілесе жылпостық роман, одан соң тұрмыстық-әлеуметтік баяндар дами бастағаны әдебиет тарихынан белгілі.
Ұзақ уақыт аясында осылай жіліктелген сан-сипатты прозадан соң әрқилы психологиялық талдауға бет бұрған әлеуметтік-психологиялық роман баяндаудың жаңа үлгілерін ұсынды. Енді автор сөзіндегі салиқалылык пен сарыншылдық қуатталды. «Адамзат комедиясы» бірте-бірте трагедия мен драматизмге ауысты. Суреттеу мен кейіптеуді обьективтік сипатқа ауыстыру баяндауда субьективтік еркіндікке жол аша бастады. Оқиғаларды өзектестіре зерделеуге үңгіме психологизмді қолдануға енді қазбалама әлеуметтік талдаулар қосылып барып авторлық баяндау мен бейнелеуге өзгеріс енгізген. Сөз өнеріне етене тән дәстурлер мен байырғы түрлердің көбі адамзат ойы парасаты тудырған ғылыми жаңалықтарға сәйкес дамып, ілгерілеп отырған. Түйіп айтсақ, мәтіндеп автор образы, онын сезімі мен сырының әрқилы өзгеріске түсіп отырғаны, эмотивтік күй мен экспрессиялық қарымының мәтіндегі баяндауда әртүрлі деңгейде көрінгенінен кеп сыр аңғаруға болады екен. Оқиғаға оқырманды сендірудің бірте-бірте сездіру арқылы жүзеге асырылғанына назар аудару керек-ақ.
Әдеби шығарманың экспрессивтік қызметінің белсенділігі оның мазмұнын әлсіретеді деген пікірді қуаттайтындардың өз уәжі бар. Санадағы түбегейлі өзгерістер, ой жіттілігінің өткірленуі, үйреншіктік пен үрдісшілдікті қабылдамау да мазмұнға әсер етеді, автордың ұстанымын да өзгертеді. Зейінді оқырманның көбеюі мәтіннің репрезентативтік сипатына жаңа талаптар қойған болатын. Көзқарастар мен көңіл-күйдің өзгеруі көркем мәтінде ерекше көрінетініне «мәтіндегі автор» атты дәрісте тоқталғанбыз. Орыс ғалымы Б. Успенский «Композиция поэтикасы» (1996) еңбегінде баяндаудың идеологиялық жоспары, фразеологиялық құлқы, уақыт пен теңістіктік жоспары және психологиялық арнасы сияқты түрлері болатынын көрсете келіп, олардың кейде ыңғайласып, үйлесім табатынын, көбінесе бір-бірімен қайшылықта болып, баяндаушының көзқарасындағы күрделі құбылыстардан хабар береді екен.
Көркем әлемдегі оқиғалар ауқымы, ондағы бейнелердің кім екендігі, не істеп жүргендері, тірлігінің мақсат-мүддесі неде, уақыт пен кеңістікке қатысы қандай, міне, осының бәрі - автор ұсынған әдеби мазмұн деген анықтаманың жетістік-кемшілігі. Аталған компоненітердің әдеби материал ретінде ұйысуының әртүрлі амалдары талай оқулықтарда тізбектелгең. Осылардың ішінен америкалық ғалым У. Лабовтың «Табиғи нарратив моделі» еңбегі ерекше қызық пікірлер мен оқиғаларға жетелейді. Ел арасында бір кезде әрқилы пікір тудырған оқиғаиың біраз уақыт өткен соң қайтадан таралуының қалайша өтетінін бақылау ниетімен оның Нью-Йорк кварталдарындағы адамдар арасында ауызша таралуын, яғни адамдардың оқиғаны басқаларға баяндау барысын зерттеу үшін У. Лабов оқиғамен таныс рецепиенттерге сол оқиға жайлы сұрағын диалог үстінде беруге тырысқан. Сауалнамашы «Ол не?» «Кім?» «Қайда?» деген бағыттаушы сауалдардан бастап, «Не болды?» «Әрі қарай не болды?» тақылеттес күрделі сұрақтарға ауысып отырған, ең соңында «окиғаның ақыр аяғы немен бітті?» дегенге жауап сұраған. Ғалым фабулалық кеңістікті ауызекі ұйымдастыру үдерісінің бір-бірінен туындайтын мынадай біршама тұрақты жиі қайталанған типтік мәселелерін атап көрсеткен: 1) жағдай (оқиғаның мерзімі мен мекені); 2) қаузалдық (іс-әрекет себептері); 3) активациялық (агенстер қимылы); 4) атрибутивтік (іс-қимыл иелерінің мінез-құлқы); 5) агенсивтік (өзіне қажетті персонажды бөліп тандап алу). Сауалдарға берілген жауаптарды талдауда Н. Хомский ұсынған терминдер қолданылған. Баяндаушылардың дені сюжеттік түзілімді өзінше құрастыруды фабулалық оқиғаларды мақсатына сай трансформациялау арқылы жүзеге асырып отырған. Сауалға жауап бергендердің көбі мәтіндегі белгілі ақпаратқа жаңа түсініктеме беруге, өз көзқарасын қосып отырып баяндауға тырысқан, бірақ олардың баяндауларында ортақ сюжетік желіден ауытқулар көп байқалмаған. Ғалым көркем мәтіндегі баяндаушы бейнесі мен персонаждардың көп өзгеріске түспегеніне қарап, оларды - әдеби шығарманың тұрақты компоненттері, ал кеп өзгеріске түскен тілдік белгілерді — мәтіннің үстіңгі, толқымалы, өзгермелі қабаты деген ой айтқан. Мұнымен толық келісуге болмас. Тілдік құрылымдардың көркем ойлаудың икемділігін арттыруға қабілетті екендігіне баса назар аудару керек. Бұл жерде айыптасу емес, байыптасу керек. Өзгермелі тіршілікпен бірге өзгеруге тырысқан оқырманның өмірлік қоры мен әдеби дайындығының деңгейі бұл тәжірибеде ескерілмегені дұрыс болмаған. Біздің ортада да мұндай тәжірибелердің жүргізілгені орынды болар. Мәтін теориясының басты қағидаттарына сүйенсек, көркем әлем - мәтін мазмұны, ал баяндау мен персонаждар - мазмұнның пішіні. Кейіпкерлерді әдеби шығарманын мазмұнының пішіні деген пікір асығыс айтылғандай. Бір кездері Соссюр айтқан «бейнелеу жоспары» мен «мазмұн жоспары» деген ұғымдарды өзінше дамытуға немесе жарастыруға деген ұмтылыс бар бұл жерде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет