8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Күй», «Күйші» поэмаларын сұрау
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Бейімбет Майлин өлеңдері «Мырқымбай», «Ыбыраймын, Ыбыраймыз»
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жы лы бүрынғы Торғай облысы, Қоста най уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин атьшдағы ауылда) туған. Екі жасында өкеден жетім калған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының кольшда төрбиеленеді. Жетіге жеткен соң, өзі де сол байдың крзысын бағып, кейін атының делбесін ұстайды. Жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала көрі өжесінің жылы кұшағьшда бұйыға тербеліп отьфьш, оның:
Өмірімде көргенім — күңдік, қүлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық? —
деген гөй-гөйінің сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақьш-жанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайьшан өнерге құмартьш, өлеңге өуестенеді.
Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімнен дөріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеншң медресесіне түсіп, екі жыл (1910—1912) оқиды. ("Шүғаның белгісіндегі" бас кейіпкердің учитель болуы жөне Әбдірахман атануы тегін емес-ті). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді; қалаға барып, білімін одан әрі көтеруге талаптанады.
1913—1914 жылдарда Майлин Троицкідегі "Уазифа" мектебінде, одан кейін Уфа қаласындағы Медресе—Ғалияда оқиды. Сол жылдары медресе шөкірттерінің әдеби үшрмесіне қатысьш, ©зі секілді талапкер жастармен бірге "Садақ" атты қолжазба журнал шығарысады. 1914жыл-ғы үш санында өзінің тырнақалды прозалық туындысы "Шұғаньң белгісін" жариялайды. Бұл "Ғалия" шәкірттері мен ұстаздарының арасында авторының атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын. Б.Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары Мөжит Ғафуримен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы, медреседе өзімен бірге оқитын башқүрт ақыны Сайфи Қүдашпен достьны осы кезден басталады. Ол Бейімбет екі жылдай орыс тілін үйренуге көп күш салып, Гоголь, Толстой, Чехов, Горький шығармаларымен танысады.
Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе— Ғалияның оқуын аяқтай алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек боп Троицк қаласьша қайтып оралады да, осы түста "Айқап" журналында қызметте жүрген С. Торайғыровпен, М.Сералинмен танысады. Журналда бірнеше елеңдер жариялайды. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік қызметімен қатар ауыл жастарына үстаздық етеді. Бүл бір орасан қиын, ойлы-қырлы, бүралаң жолдары көп күрделі кезең еді. 1916 жылғы маусым жарлығы кезінде елдің ер-азаматтары қыльпптарын кекке қайрап, екі жақты езгіге — патша жендеттерінің талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы үлт-азаттық көтерілісіне аттанғанда, Бейімбет оларға сәт-сапар тілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа, берік сапқа түруға шақырды ("Қанды тұман")
С. Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі-жиі әңгіме-очерктер жариялап, "Қызыл Қазақстан" журналында "Шүғаның белгісін" жаңадан жөндеп бастырады, "Кітап" баспасынан өлеңдер жинағын шығарады.
1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, "Ауыл" деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі "Раушан — коммунист" хикаяты осы газет бетінде жарық көреді. 1925 жылы Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол кездегі астанасы Қызыл-ордаға келіп, қайтадан баспасөз жөне баспа орьшдарында өр алуан қызметтер атқарады. 1934—1937 жылдары "Қазақ өдебиеті" газетінің бас редакторы болып істейді.
Осылармен қатар ұйымдасқан күнінен бастап, Қазақстан Жазушылар үйымының құрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр өдеби еңбекті үйымдастыру, үйым жүмысын басқару, жас әдебиетшілерді төрбиелеу ісіне үнемі ат салысып отырады.
Бүл жылдарда Майлин-суреткердің мерзімді газет-журнал беттерінде үздіксіз жарияланып жататын өдеби шығармалары жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы ауыл өміршің түзу айнасы әрі көркем шежіресі іспетті.
Б.Майлин 1938 жылы жазықсыз атылды.
Ақындығы. Бейімбет Майлин — ақын. Ол әдебиеттегі алғашқы адымьш өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуьтаа өзіне лайық үлес қосты.
Майлин поэзиясьшың қадір-қасиеті—жырлаған тақыры-бы мен бейнелеген образында: біріннгіден, Бейімбет қазақ кедейінің түрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясыңца өзіне дейін болмаған аумақта, кең, терең жөне жан-жақты суреттедь Екіннгіден, Бейімбет қазақ кедейішң мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты өрбу, өсу үстінде сомдады. Осыларға Беігімбет өлендері мен поэмаларының түла бойына күн шуағындай тарап, үшқын атып, сөуле шашып жатқан жылы әрі шымыр юморын (әзіл-ажуаны) қоссақ, жалпы ақынның өзгелерден оқшау, тек өзіне ғана төн ерекшелігі белгіленеді де, оның қазақ поэзиясьшьщ дамуьша қосқан үлесі аньщталады.
Суреткердің өнері өмірімен, яки өз басынан кешкен ғүмьго-тірнгітгімен тьныз байланысты. Ол өмірде нені жете таныса, өнері арқылы жүртқа да соны танытады.
Бейімбеттегі дала кейпі—ауыл кескіні баскалардан мүлде басқа: ол дала тіршілігіне, даладағы ауыл түрмысына айқын таптық түрғыдан, өзінің шыққан тегі кедейдің көзімен қарайды. Бейімбет шығармаларының идеяльгқ мазмүнында қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтар, адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік желі тартып жатады.
Майлин жьфлаған қазак ауылы екеу: революпияға дейінгі ескі ауыл, революциядан кейінгі жаңа ауьш. Екеуінің де сыр-сипатын ақьш тек қана кедей дүрбісімен көреді — көрсетеді, таниды — танытады.
Мырқымбай бейнесі. Ақын өз талантының осы ерекшелігін сүйіне сомдаған кейіпкері — Мырқымбай бейнесін, болмыс-бітімін суреттегенде молынан пайдаланады. Мырқымбай образының сәттілігі, тартымдылығы көп жағынан ақынның нақ осы мейірбан әзіл-мысқылына байланысты.
Жазушы бұрын табан астында жаншылған қараңғы ауыл кедейінің замана үрдесіне ілесіп, еркіндікті сезініп, ел қатарына қосылу барысын шынайы, нанымды, тартымды бейнелейді. Оның атының өзінде жинақталған ұғым, астарлы мағына бар. Қазақтар елеусіз, ескерусіз біреуді Мырқымбай ғой, Мырқымбайлардың бірі ғой дейді. Мына Мырқымбай — сол жүздеген, мыңдаған Мырқымбайлардың 20-жылдардағы қат-қабат өзгерістер барысындағы тағдыр-талайының мәнді белгілері іріктеліп жасалған ортақ бейнесі. Лауға ат сұраған ауылнайға тіл тигізіп, ожарлық көрсеткен Мырқымбайға әкесі:
Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!..
Бай, бай, бай, бай!
Жарым ес-ай!
Құның ба еді
Бір шолақ тай! — дейді. Ал Мырқымбай бұған:
Әке-ау, мұның не? Ауылнай құдай ма еді? Әкімді құдай деп, шұлғимыз да отырамыз ба? — деп жауап береді.
Реалист жазушы шындық шеңберінен шығып отырған жоқ. Бұл кездегі, яғни 1922 жылғы Мырқымбай одан бес жыл бұрынғы байға бағынышты, болыстың сөзі, қылығы болатын Мырқымбай емес, өмірдегі жаңа өзгерістің өзіне қатысты жақсы жағын сезініп, еті тіріле бастаған. Алдына қойған мақсаты үшін күресу сезімі оянған, бірақ ол күресуді қарсы келгенмен жағаласа кету, қисық сөйлеп, қыңырлын көрсету, бет бақтырмау деп біледі. Одан арғыға білігі жетпейді.
Ал әкесі баласының әлгіндей қылығына күйіп-піседі:
Бар, шақырып кел!
Сары атты бар!
Қол қусырып, аяғына жығылсаң,
Ашуын тастадым дер! — дейді. Бірақ тоң мойын бала әке ақылын алмайды:
— Бара алмаймын.
Оған пенде бола алмаймын!
Тентіретіп жіберсең де,
Бұл тіліңді ала алмаймын! — деп, алған бетінен қайтпайды.
Бейімбеттің әр кезде Мырқымбайға арналған жиырма шақты өлеңі арқылы Мырқымбайдың өсу, өзгеру жолы, мінез-құлқының әр қыры дәл, нанымды, өзінше өзгеше суреттеледі. Сөйтіп, Мырқымбай бейнесі сомдалып, типтік, барша Мырқымбайларға ортақ бейнеге айналады.
Әкесі болса, әйтеуір, атқамінерлердің ашуына тап болып, бір пәлеге ұшырап қалмасақ екен дейді. Сорлы әкенің, әйтеуір, атқамінер атаулыға құлдық ұрып, қорғалаудан басқа қолынан келері жоқ, одан басқа білері жоқ.
Боқтауын да есітті, Шауып алудан тайынбас, — Түріп қойын есікті. "Малын жасырды" деп, "Егіні басылды" деп, "Налок" дей ме, "мәлок" дей ме, Әй, қатырды ғой басымды кеп, деген сөздерінен оның өрісі мен ересі, өзіндік болмысы көрініп тұрған жоқ па?!
Дүниені асты-үстіне келтіріп, "жаңа қоғам" құрамыз деп, жоғарыдан бір жарлық болса, оның мәнісіне түсінбей тұрьш, момын елдің басына әңгір таяқ ойнатуға құмар, пәтуасыз ауылнайлар бейнесі де көрінбей қалмайды. Жазушы оларды ашық алаңға шығарайын десе, заманнан аса алмағаны да байқалмай қалмайды. Олар турасында сөз арасыңда, "реті келгенде" айтып қалғандарының өзінен ауыл белсенділерінің жазушының ызасын келтіретін, тап басып айтылған сипаттары білінбей қалмайды.
Ауылда болып жатқан өзгерістер Мырқымбайды айналып өтпейді, оның мінезінен де, түснігінен де көрініс табады.
Мынандай қызық штрихқа назар аударайықшы. Еңбекті бейнет деп қана ұғатын жалқау кедейдің ескі әдетіне бағып, Мырқымбай көктемгі егіс науқанына селт ете қоймайды, жаңадан қосылған жас келіншегін айналсоқтап, үйінде қалады да, жер жыртуға әкесі кетеді. Соқаға көк шолақ ат пен көк сиырды парлап жеккен олақ та күйгелек шал үйреншікті бай-байына басып:
Айт!.. Боразда!.. Бауыздалғыр көк шолақ.
Өй! Мырқымбай... Жүгендемей, ноқталап...
Өк!.. өк.. өк.. ек!.. Арам қатқыр көк сиыр...
Әй, құдай-ай, көрсеттің-ау көрімді!..
Бүгін үйде жататұғын екенмін,
Мырқымбай мен жіберіп-ақ келінді! — дейді ісінің берекесі болмай.
Алайда ауылды үйіріп, өз арнасына тартып әкетіп бара жатқан өзгеріс-жаңалыктар Мырқымбайдың ойы мен бойын билеп, жаңа іс-әрекеттерге бастайды. Шаруаға қолайлы басқа бір өңірге отбасымен бет алған Мырқымбай мынау:
Майлаусыз сықырлаған ағаш арба,
Көк шолақ мықшыңдайды тартып зорға.
Шаңырағын таңып алып жүк үстіне,
Мырқымбай көсемсініп барады алда.
Өмірден өз орнын тауьш, тұрмыс-тіршілігі оңданып, біраз жұртқа үлгі де болатын қасиет тапқан кейіпкері Мырқымбаймен ақын:
Жидың білем қоңыңды,
Көрдің бе енді жолыңды;
Ілгері көшке жетейік,
Бер, Мырқымбай, қолыңды! — деп көңілді қоштасады.
Мұнда ақынның тап болған бейтаныс өмір соқпағымен талап талқыдан өтіп, бір белеңге көтерілген ауылдың болашағына деген үміті, тілегі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |