«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде)



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата10.10.2022
өлшемі0,82 Mb.
#152448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
osh sor aza-tili 11 ogn
stud.kz 12320, Aubakirov Et jane Et onimderi, 33 сабақ «Функцияның нүктедегі шегі. Функцияның үзіліссіздігі», 35 сабақ «Туындыны табу ережелері», Wild & Endangered Animals in Kazakhstan, 20181203-world-mapгегорафия, статистика 4 такырып
 


 

«
Жастар мәдениеті және мәселесі. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
 
Оқу мақсаты 
11.2.4.1 
11.3.5.1 
11.4.1.1 
Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс қағаздар, 
публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет 
стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, 
тілдік ерекшелігін салыстыра талдау 
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша 
түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын 
меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу
Мәнмәтін 
бойынша 
тілдік 
бірліктерді 
орфографиялық нормаға сай жазу 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 
Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, 
мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік 
ерекшелігін талдайды 
Мәтіндердегі негізгі ақпараттарды іріктеп, конспект жазады 
Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға 
сай жазады 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары 
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқылым, жазылым 
Орындау уақыты 
15-20 минут 
Тапсырма 
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. 
1-мәтін 
Бүгінгі жастардың тіл мәдениеті соңғы жылдарда әр қырынан талданып, зерделенуде. 
Сөйлеу мәдениетіне үлкен мән берген халқымыз «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді» 
дейді. 
Кез келген халықтың тарихына үңілсеңіз де, өнер алды саналатын қызыл тілге, шешендік 
өнерге байланысты небір керемет асыл сөздерді табасыз. Шешендік өнерге биік парасат, 
жоғары мәдениеттілік керек. Ал мәдениеттілік тілмен тығыз байланысты. 
Мәселен, бүгінгі таңдағы жастарымыз мүлдем батыстанып бара жатқан тәрізді. Олар 
қазақ халқының сөз кестелерін бұрмалап, елден ерекше көрінгілері келе ме, шетелдің жаргон 
сөздерімен сөйлеуді күнделікті әдетке айналдырып алған. Қазақ халқы қашан да сөзге шешен, 
суырыпсалма, дұшпанын бір ауыз сөзбен тойтарып отырған емес пе?! Бүгінгі жастардың 
сөйлеу мәдениеті мүлде өзгеше дәрежеде, жастарымыздың бір ауыз сөздің өзін кібіртіктеп, 
тұтығып барып әрең жеткізетініне бәріміз де куә болып жүрміз. Сөйлеу барысында жалпы 
қолданыстағы сөздерге орысша жалғау жалғап, өз тілімізде баламасы бола тұра кірме сөздерді 
шектен тыс көп пайдаланып, оның үстіне қазақша қосымша жалғап, тіпті тарихи қалыптасқан 
сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері бар. 
Кейбір жастарымыз үйде, көшеде, қоғамдық орындарда бір-бірімен қарым-қатынас 
жасағанда қалай болса, солай сөйлейтіні, қазақ тілінің қадір-қасиетін түсінбейтіні байқалады. 
Тіл ерекшелігі, сөйлей білу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, 
жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз – ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол 
көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай 
екен» деп дәріптейді. Ал Ж.Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деген. 
Ендеше, түкке тұрғысыз сөздерді түбімен жоймасақ та, аз да болса дұрысырақ сөйлеп 
үйренейік. 


 

2-мәтін 
Өзім үшін ұялдым… 
Газеттен хабарлама оқыдым. «Требуется наборщица». Қоңырау шалдым.
– Сәлеметсіз бе? Мен хабарлама бойынша хабарласып тұр едім…
– По-русски знаете?
– Бір кісідей білемін.
– А по-английски?
– Білмеймін…
– Стыдно! Компьютер знаете?
– Білемін. Тарсылдатып тере аламын.
– Раньше работали наборщицей?
– Иә, істедім.
– Стаж работы сколько лет?
– 20 жасымнан бері «наборщица» болып істеп келем. 23 жыл болды.
– Сколько вам лет?
– 43 жастамын.
– Нам, желательно, молодые нужны. Вы казашка да?
– Иә. Қазақша сөйлеп тұрмын ғой.
– Если бы вы были другой национальности и знали бы казахский, то… можно было. А вы 
«новый казах?»
– Жоқ. Бұрыннан қазақпын…
– Извините, нам молодые нужны. Желательно другой национальности или хотя бы «новые 
казахи» не помешали бы… До свидания!
«Гук-гук-гук-гук-гук...»
Ұят-ай, не ағылшын тілін білмеймін, не «молодой» емеспін, не «жаңа қазақ» 
емеспін…«Стыдно!..»
 
1. Екі үзіндінің ұқсастығы мен айырмашылығын (мәтіннің түрін, мақсатын, мазмұнын, стилі 
мен тілін, аудиториясын) салыстырып, жазыңыз.
1-мәтін 
2-мәтін 
Мәтіндердің стилі 
Мәтіндердің тақырыбы 
Автор көзқарасы 
Мақсатты аудиториясы және мәтіннің мақсатты аудиторияға қатысты мақсаты 
Құрылымы 
Стильдік ерекшеліктерге сәйкес тілдік қолданыстардан мысал келтіріңіз және себебін 
түсіндіріңіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет