Тәуелдік жалғау – үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.
Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.
2) Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы: Біздің досымыз, олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.
3)
ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ
|
ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ
|
Менің анам, кітаптарым
Сенің анаң, кітаптарың
Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз
Оның анасы, кітаптары
|
Біздің ініміз, кітаптарымыз
Сендердің інің, кітаптарың
Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз
Олардың інісі, кітаптары
|
Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сөз табына да жалғанады. Мысалы, біз бесеуміз, көзінің ағы мен қарасы, т.б.
Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі, Тілектікі, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |