Қазақ тілін өзге тілде оқытатын мектептің 6- сыныбына арналған


тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңдар



бет19/46
Дата08.09.2017
өлшемі11,41 Mb.
#30154
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
тапсырма.Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Ұлттық валюта
Әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін белгілердің бірі- ұлттық ақша. Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін өз ақшасын шығарды.

1993 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің өкімі шықты. 1993 жылғы 15 қарашадан теңге айналымға енді.

Бірінші шыққан ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою- өрнектерімен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген.

Екінші бетінде ою- өрнектер, табиғат көріністері бейнеленген, елтаңбамыз салынған.

2006 жылы шыққан 200 теңгенің бір бетінде Қазақстанның елтаңбасы, туы, астана қаласының «Бәйтерек» кешені, елбасының қолтаңбасы бейнеленген. Екінші бетінде Қазақстан картасының бейнесінде жаңа архитектуралық ғимараттар, мүсіндер берілген.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Мысалы: Ұлттық валюта күні қашан?


4-тапсырма.Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді тауып, сөз құрамына талдаңдар.

Мысалы: Қарашадан қараша түбір, дан – жалғау, жатыс септік.


5-тапсырма. «Ұлттық валюта туралы менің көзқарасым мынадай: ...» өз ойларыңды айтыңдар.
9 сабақ

Ақша тарихы





1- тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңдар.

Ақша тарихынан

Ақша адамдар натуральды шаруашылық жүргізген кезден белгілі. Еңбектің бөлуіне және өндіргіш күштің дамуына байланысты қоғамда еңбек өнімдерін айырбастау орын алды. Ол қазір «бартер» деп аталады.

Айырбастау операциясының дамуымен қатар алғашқы ақша деген қажеттілік те өсе бастады. Осы кезде «тауар» ақшасы кеңінен тарады. Кейінірек алтын,мыс, қола, күміс ақшалары соғылды. Алғашқы қағаз ретінде «вексель» пайдаланылды. Францияда кредит ақша банк билеті түрінде 1776жылы шыға бастады. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы «теңге» 1993 жылы пайда болды. Содан бері ол өзінің қызметін айтарлықтай тұрақтылықпен орындай келді.
2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Ақша қай кезде пайда болды?

2. «Бартер» деген ұғымды қалай түсінесің?

3. Бұрынғы заманда ақшаның орнына не пайдаланған?

4. 1776 жылы Францияда ең бірінші не басылып шықты?

5. ҚР-ның ұлттық валютасы қашан енгізілді?


3- тапсырма. Берілген жұрнақтарды пайдаланып, туынды етістік жасаңдар.

Үлгі: майла, күлімде, әндет.

-ла, ле,да, де, та,те.

-лан,лен,дан,ден,тан,тен.

-а,е.


-ар, ер,р.

-ық,ік.
4- тапсырма. Берілген сөздерді септеңдер.



Ақша,еңбек,кредит.


  1. тапсырма. Фонетикалық талдау жасаңдар.

Шаруашылық,сауда, ақшалай, қажет,ұлтым.
10 сабақ

Банк тарихынан




1 - тапсырма.Мәтінді түсініп оқып, мазмұндаңдар.

Банк тарихы

Банктер ертеден пайда болған. «Банк» деген сөз неміс тілінен шыққан. Оның мағынасы – «тақ» дегенді білдіреді. Итальян тілінде де «Банко» деген сөз бар, оның мағынасы да «тақ». Басында банктер айырбас жұмыстарын атқарған, кейіннен оған несие беру жұмысы қосылған. Ертеде банктер Вавилонда дамыған. Біздің заманымызға дейінгі дәуірде Элладада, Эффеск, Делосск, Дельфийск деген храмдарда банктер болған. Египет пен Римде де банктер болған. Бірінші қоғамдық банктер Гандейск қаласында ашылған. 1694 жылы Петерсон деген ағылшын Ұлыбританияда банк ашқан, кейіннен ол орталық мемлекеттік банкке айналған. Ол сауда, несие, ломбард, қарыз жұмыстарын атқарған. Мемлекеттік банктер Францияда 1800 жылы, Австралияда 1816 жылы, Бельгияда 1825 жылы, Ресейде 1860 жылы ашылған.

Банктер экономикада басты роль атқарады. Олардың ішінде орталық банк бірінші деңгейдегі банк саналады. Ресейде орталық банк – мемлекеттік, Швейцарияда, Қазақстанда – коммерциялық. Орталық банк коммерциялық банктердің жұмысын тексереді және басқарады. Ол ақша және басқа банкноттарды шығарады.

Қазақстанның ең ірі банктері – Казкоммерцбанк, Халық банк. 1993 жылы Қазақстанда 200-дей банк болса, қазір олардың саны 60 дейін азайды.


2- тапсырма..Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Алғашқы банктер қашан және қайда пайда болған?

2. Мемлекеттік банктер қашан ашылған?

3. Олар қандай жұмыс атқарған?

4. Орталық банк не істейді?

5. Орталық банктің басқармасында кімдер кірді?




  1. тапсырма. Естеріңде болсын!

UZD- америкалық доллар

DEM-неміс маркасы

JPY-жапон иені

GBP-ұлыбритан фунтстерлингі

FRF-француз франкі

ATS-австрия шиллингі

KZT- қазақстан теңгесі
ITL-итальян лирасы
UAK- украйн карбованцы нидерланд гульдені
NLQ- нидерланд гульдені

RUR- орыс рублі


4- тапсырма Оқыңдар, қызық!

Әлемде ең қымбат сауда «Кока -кола» маркасы. 1997 жылы оның бағасы 48 млрд-қа тең болған. «Кока-кола» компаниясының акциялары 48 млрд-тан 150 млрд. долларға жетті.

11 сабақ

Ақша – төлем құралы



1- тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

-Құнды қағаз деп нені айтамыз?

- Ақша не үшін керек?

- Төлем құралы деп неліктен аталады?



-

2- тапсырма.Сызбаны толтырыңдар.



3- тапсырма.Сөздерді пайдаланып сөз тіркесін құрап жазыңдар.

Ақша, қағаз, ашық, қымбат, пайдалы.


4- тапсырма.Жаңылттпашты оқыңдар. Сөз тіркесін табыңдар.

Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

Ай тайлақ па?

Қара тайлақ па?
5- тапсырма.Сөз тіркестерін қолданып сөйлем құраңдар.

Банкке бару, ақша айырбастау, төлем құралы.


6- тапсырма.Төмендегі зат есімдерді септеп жазыңдар.

Ақша, адам, құрал



ІV модуль.

Менің туған күнім

12 сабақ

Апта күндері






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет