2
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2020
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық
құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға
тыйым салынады.
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ....................................................................................................................................... 4
1. Критериалды бағалау жүйесі ............................................................................................... 5
2. Бағалау қағидаттары .............................................................................................................. 6
3. Бағалау үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау ................................................................. 8
4. Бағалауға арналған тапсырма әзірлеу ................................................................................. 13
Пайдаланылған әдебиет ............................................................................................................. 35
Глоссарий .................................................................................................................................... 38
4
КІРІСПЕ
Жазғы мектеп аясында «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен «Қазақ
әдебиеті» пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» орта білім беру
ұйымдары педагог кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі –
ДББҰ) материалдары негізінде әзірленген «Мұғалімге арналған нұсқаулық» (бұдан әрі –
Нұсқаулық) мұғалімдердің біліктілікті арттыру барысында және одан кейін өзінің оқыту
тәжірибесінде пайдаланатын оқу құралдарының бірі болып табылады. Бағдарламаның
мақсаты мұғалімдердің пән бойынша бағалауға арналған құралдарды (бағалау критерийлері,
тапсырмалар, дескриптторлар мен балл қою кестесі) әзірлеуіне және сараптама жасауына
әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Нұсқаулық бағдарламаның мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерді, бағалау үдерісін
ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді, оқушылардың оқу жетістігін бағалау,
бағалау тәсілдері мен қағидаттары, бағалау үдерісі туралы ақпаратты қамтиды және
бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу мен оларға сараптама жасауды үйренуге
көмектеседі. Нұсқаулықта тапсырма әзірлеуге қатысты практикалық ұсыныстар мен
бағалауға арналған құралдарды құрастыру кезінде кездесетін әртүрлі мәселелерді шешуге
көмектесетін пайдалы кеңес берілген.
Нұсқаулық біліктілікті арттыру Бағдарламасымен қатар қолданылады.