2. БАҒАЛАУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Критериалды бағалау келесі қағидаттарға негізделеді:
• Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы
мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі
болып табылады.
Оқыту барысында мұғалім пәннің оқу бағдарламасында белгіленген оқу мақсаттарын
басшылыққа алады. Оқу мақсаттары сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер тұрғысында
анықталған: білік немесе дағды, білу немесе түсіну. Оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі
бойынша бірізділікті сақтай отырып құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында
оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді, олар мұғалімнің өз жұмысын
жоспарлауына және оқушыларды бағалап, оларға оқудың келесі кезеңі туралы ақпарат
беруіне мүмкіндік береді.
• Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты
ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін
нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы
бағалаудың сапасын анықтайды.
Шынайылыққа «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағатанғысыз» деп
бағалануы мүмкін, жұмыстың деңгейін көрсететін нақты бағалау критерийлерін мұқият
әзірлеу арқылы қол жеткізіледі.
Оқушылар бағалауда қарастырылатын тақырыптар мен сұрақтарға ерекше көңіл бөледі,
сондықтан бағаланатын оқу мақсаттарын іріктеуге айрықша мән берген жөн.
Валидтілік бағалау үдерісінің нақты әрекетін көрсетеді. Күтілетін нәтижеге жету үшін
бағалау әдісінің дұрыс таңдалғанына қалай көз жеткізуге болады? Ол үшін оқушының
қажетті білім, білік-дағдылар мен құндылықтарды меңгергенін көрсете алатын дәл/жеткілікті
бағалау құралын, яғни бағалауға арналған тапсырманы немесе жаттығуды таңдау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |