Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» мен



Pdf көрінісі
бет2/61
Дата22.08.2020
өлшемі0,77 Mb.
#76466
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бағдарламаның  мақсаты:  орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  критериалды 

бағалау  құралдарын  әзірлеу  және  сараптама  жасау  саласында  педагогтердің  кәсіби 

шеберлігін арттыру. 

Бағдарламаның міндеттері

1) критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу

2)  критериалды  бағалау  үдерісінде  қолданылатын  тапсырмалардың  түрлері  мен 

сипатын ашып көрсету; 

3)  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмасын  әзірлеуді  және 

оларға дескрипторлар құрастыруды үйрету; 

4)  тоқсандық  жиынтық  бағалау  тапсырмасын  әзірлеуді  және  балл  қою  кестесін 

құрастыруды үйрету; 

5) критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау дағдысын қалыптастыру. 

Оқу нәтижесі: 

1)  мұғалімдер  критериалды  бағалау  құралдарын  әзірлеудің  негізгі  тәсілдері  туралы 

білімі мен түсінігін кеңейтеді; 

2) 


критериалды 

бағалауда 

қолданылатын 

тапсырмалардың 

типтері 

мен 


сипаттамаларын біледі және түсінеді; 

3)  бөлім/ортақ  тақырып  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмасын  әзірлеуді  және 

оларға дескрипторларды құрастыруды үйренеді; 

4)  тоқсандық  жиынтық  бағалау  тапсырмасын  әзірлеуді  және  балл  қою  кестесін 

құрастыруды үйренеді; 

5) критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау дағдысын қалыптастырады. 

Біліктілікті  арттыру  барысында  түрлі  тапсырмаларды  әзірлеуге,  оларды  көрсетудің 

әртүрлі тәсілдерін қолдануға, әзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық 

әдіс-тәсілдерін  жетілдіруге,  тест  сұрақтарының  дұрыс  жауабы  мен  дистракторларды 

құрастыра  білуге,  тапсырмалар  мен  тест  сұрақтарының  мазмұнын  талдай  білуге  және  пән 

бойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге назар аударылады. 

 







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет