Жиынтық бағалау оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе жобаны өз
бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Оқушының кез келген жиынтық немесе
қорытынды жұмысы өзге біреулердің қатысуынсыз орындалады және белгіленген оқу
мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады.
Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі оқушылардың
жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік
береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қай мақсаттар
бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін бағалауы тиіс. Осы арқылы оқушыны
оқытудың дербес бағыт-бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады.
|