Қазақ тіліндегі анықтауыш және оның түрлері Жоспары: Кіріспе Анықтауыш туралы түсінік Негізгі бөлім Анықтауыш және оның түрлері


Бұл баланы анам жаспен суарған, Бұл



бет3/5
Дата09.12.2023
өлшемі23,65 Kb.
#196030
1   2   3   4   5
Байланысты:
Анықтауыш

Бұл баланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл дала да өскен жанда жоқ арман (Қ. Аманжолов)
Құдай ау қайда сол жолдар,
Махаббат қызық мол жылдар.
Есімшелерден болған анықтауыштар
Есімшелер, сын есімдер сияқты, анықтауыш қызметінде де жұмсалады. Ол заттың қимылдық сапасы ретінде анықтауыш болады. Есімшеден болған анықтауыштар анықталатын заттың өз қимылы, іс болуы да не басқа заттың қимылы, іс-әрекеті болуы да мүмкін. Басқаша айтқанда, қимыл анықтауыштардың анықтайтын сөз онымен субьектілік қатнаста болады. Мысалы, оқыған кісі дегендегі есімше кісінің өз іс-қимылы болып ұғынылса, оқыған кітап ( мен оқыған кітап), оқылған кітап дегендегі оқыған, оқылған деген есімшелер субьектінің ісі болып ұғынылады. Келетін адам, келетін жер дегендерді салыстырсақ, алдыңғыда келетін анықталып тұрған заттың (адамның) өз қимылы болса, соңғыда басқа біреудің келетін жері мағынасында ұғынылады. Есімшелердің барлық түрінің анықтауыш болу қызметі бірдей емес. Олардың ішінде анықтауыш болып жиі кездесетіндері - өткен шақтық есімшелер.
Зат есімдерден болған анықтауыштар.
Зат есімдердің түрлі заттық анықтауыштары болуы мүмкін.
1. Екі зат есім атау күйінде қатар айтылып, алдыңғысы соңғысына анықтауыш болады: қол сағат, темір күрек, мал қора, қап - қара астық.
2. Екі зат есімнің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тәуелдік жалғаудың бірінде тұрып, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Изафеттік құрылыстың III түрінде айтылатын сөз тіркестері өзара матаса байланысады. Ілік жалғаулы сөз анықтауыш, тәуелдеулі сөз анықталушы болады. Мысалы: Оралмай кеткен ақ құсым менің, бағың баянды болсын! Ардақты ана, сенің аялы алақаның бәрінен ыстық емес пе?! " Апамның астауы" - Оралхан әңгімелерінің ең озығы.
Ілік жалғаулы анықтауыштар, жоғарғы мысалдардағыдай, көбінесе анықтайтын сөзінен бұрын тұрады. Кейбір өлеңді және диалогты сөйлемдерде олардың орны ауысып келуі де мүмкін.
Кең даласы қазақтың
Құлпырады гүл жайнап (Жамбыл)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет