" Абай жолы" романынан анықтауыштарға мысалдар
1.Кейбіреулері сәл тоқтап, Абайдың аузына қадалды.
2.Қазақта "шоң" деген кісі аты да бар.
3.Сүйіндік ішінен шыққан қос өркештей адамдар болған.
4. Жастардың жүзінде Абайдың бұл молаға тоқтағанына таңырқау бар.
5. Бұның селдір сұлу сақалы сақалына, енді сәл ғана ақ араласқан.
6. Жастар үріккендей боп түйілген қабақпен, шошынған жүзбен қарасады.
7. Ендеше, Еңлік, Кебек құраны мынау болсын, - дей салып, тамағын кенеп алып, шырқап тұрып, әсем қоңыр даусымен ән бастады.
8. Бүгін таңертең Абайға болыстың атшабары келіп бір топ хат, қағаз әкелді.
9. Бұның жас жігіт атшабары, ұзын бойлы, иір келген, жіңішке қара Бегдалы Абайға қағаздарды берумен қатар, болыс айтқан бір сәлем барында білдірді.
10. Дәрмен өзі болса жатақтарға келгенде Иіс кемпірдің үйіне түскен.
11. Дәрменнің жігіттері бірнеше рет Абайға хабар әкелген-ді.
12. Дәрмен, Мағаш, Кәкітай - үшеуі бір - біріне үнсіз қарасқанда,бәрінің көзінде де бұл сәтке, үлкен ырзалық бардай.
13. Ол өзі Ысқақтан туғанымен, Абайдың тəрбиесінде өсіп, туған баласындай боп кеткендіктен, Ысқақтың сөзі, ісі, мінезі болса, барлығында ең әуелі Абай көзімен қарап бағалайтын.
14. Келесі күні Оспанның үйінде бар туысқандардың жиыны болды.
15. Бұрын келген ақындар күндіз екіден, үштен оңашаланып, өзара өлеңдерін оқысқан.
16. Бірен-саран " Еңлік-Кебек ", "Медға-Қасым", "Қозы-Көрпеш" сияқты өлеңдерді Абай да күндіз тағы бір тыңдап өткен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. С. Аманжолов, Қазақ тілі грамматикасы, 1966 ж.
2. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997.
3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1992.
4. Сайрамбаев. Т. Синтаксис мәселелері. Алматы. 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |