Қазақ тіліндегі анықтауыш және оның түрлері Жоспары: Кіріспе Анықтауыш туралы түсінік Негізгі бөлім Анықтауыш және оның түрлері



бет4/5
Дата09.12.2023
өлшемі23,65 Kb.
#196030
1   2   3   4   5
Байланысты:
Анықтауыш

Алмасы Алатаудың көпке мәлім,
Әркім де татқан шығар тәтті дәмін. (Ә. Сәрсенбаев).
Матаса байланысқан анықтауыш пен анықталатын сөздің ортасына басқа сөздер түсіп, бірінен - бірі қашық та тұра береді: Мұны миллиондаған ел жастарының өнеркәсіпте, транспортта, ауыл шаруашылығында қажырлы түрде еңбек етіп келе жатқандығынан көруімізге болады. Ілік септікті анықтауыштар анықтайтын сөздерімен қатар тұрғанда кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз жұмсалады. Ол екеуінің ортасында басқа сөздер болғанда және де төменде көрсетілген сөздер ілік септікті анықтауыш қызметінде жұмсалғанда, олар әр уақытта жалғаулы болады:
1. Есімдіктер ( өз дегеннен басқа): менің талабым, біздің сертіміз, сенің қарындасың, сіздің уәдеңіз, оның табысы, мынаның кесірі, осының айтқаны, кімнің қызы т.б.
2. Сын есімдер: жақсының шарапаты, жаманның кесапаты,ақылдың сөзі, кешегінің жалғасы т.б
3. Сан есімдер: екінің бірі, онның жартысы, үшіншінің қарқыны т.б
4. Есімшелер: білгеннің сөзі, айтқанның жазығы, т.б
5. Тәуелдік жалғаулы есімдер де ілік септікті анықтауыш қызметінде көбінесе жалғаулы болады: жолдасымның кітабы, қарындасының талабы, інісінің баласы т.б
6. Зат есімдерден болған ілік жалғаулы анықтауыш бірыңғай мүшелі бірнеше сөзге қатысты болса да, анықтауыш үнемі жалғаулы болады. Мысалы, үйдің есігі, терезелері ашық тұр екен. Ауылдың бау - бақшасы, электр станциясы, мектеп ғимараты бізге алыстан көрінеді.
Күрделі және үйірлі анықтауыштар
Анықтауыштар, басқа сөйлем мүшелері тәрізді әлденеше сөзден де құралады. Олар өзара берік байланыста тұрған сөз тіркестері болады: ұзын бойлы жігіт, ақ сақалды кісі, өңі сұр - сұр адам, жасы үлкен кісі.
1-топтағы анықтауыштар ұзын бойлы, ақ сақалды күрделі сын есімдерден және зат есімдерден құралған.
Ол анықтауыштардың құрамындағы сөздердің алдыңғылары соңғыларын анықтап барып, сол сөз тіркесі түйдекті тобымен басқа зат есімді анықтайды. Сондықтан мұндай күрделі анықтауыштарды өзара атрибуттық қатнастағы сөздерден құралған күрделі анықтауыштар деп қараймыз.
2-топтағы анықтауыштар (өңі сұп-сұр, жасы үлкен) зат есім мен сын есімнен құралған. Бұлар өзара анықтауыштық ыңғайда айтылмаған, бірі бастауыш, екіншісі оның баяндауышы ыңғайында айтылған. Сөйтіп тұрып олар сол тобымен басқа заттарға тікелей қатысты болып тұр. Ондай анықтауыштарды предикаттық қатнастағы сөздерден анықтауыштар құралған үйірлі анықтауыштар деп қараймыз. Атрибуттық қатнастағы күрделі анықтауыштар анықтайтын заттардың шоғырланған тіке сапасы ретінде жұмсалады: бойы ұзын кісі, ат жақты жігіт.
Предикаттық қатнастағы үйірлі анықтауыштар анықтайтын сөздерін басқа заттардың сапалары арқылы анықтайды: бойы ұзын кісі, малы көп ауыл, ұяты бар келіншек т.б
Қорыта келгенде, үйірлі және күрделі анықтауыштар өзара байланысқан бірнеше сөздерден құралып сол тұтас күйінде бір сөзді анықтайтын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет