Бас ию.
Бұл қимыл разы болу,
құрмет көрсету, ізет білдіру, ілтипат
білдіру, кешірім сұрау мағыналарын береді.
Мысалы,
–
Қазір... Қазір кіреміз! –
деді Балқияға ізетпен
бас иіп
(С.
Елубаев).
Амандасу кезінде қол қимылынан кейінгі қолданылу жиілігі
жоғары
бас изеу, бас ию
қимылдары. Сәлем берушінің оң қолын сол
кеудесіне –
жүрегіне басып, басын июі –
ақ жүрегіммен сәлем етіп
тұрмын дегенді білдіреді.
Бас изеу.
Бұл қимыл баспен ишарат
жасап сәлемдесуден басқа
келісу, мақұлдау, құптау мағыналарын береді.
Біреудің сөзін қоштап
отырғанын, зейін қойып тыңдап отырғанын білдіру үшін тыңдаушы
әдетте бас изеп, мақұлдап отырады. Келісу мағынасы –
Әншейінде сөзуар, ауыз жаппайтын шофер жігіт те
Ұзақтың
қиналған түрін көріп көп сөйлеген жоқ. Тек бар сұрағаны:
–
Жаппастың ескі тамына кіресің бе? –
деді. Ұзақ
басын изеді
(С. Мұратбеков).
Басын изеңдету.
Бас изеу амалымен мағыналас, бірақ автор бас
изеу қимылын суреттегенде оқиғаға, амалды жасаушы кейіпкерге
деген оң бағасын көрсетке, бас изеңдетуді суреттегенде кейіпкердің
қылығына жағымсыз баға беріп отырады.
Мақұлдау, құптау, жағым
-
паздану мағынасы –
–
Ыммм... –
деп,
басын изеңдетті,
еңкейіп сөз тыңдап отырған
Шәріп.
Қайта
-
қайта
Достарыңызбен бөлісу: |