40
Адамның өз қарғысы өзіне жүрмейді дегенді желеу етіп қазақ
ашуланған кезде өзгені ғана емес өз балаларын да қарғыстай береді
.
Балаларға әдетте
Желкең үзілгір! Жүйкең үзілгір! Жер жастанғыр!
Жаның шыққыр! Қағынды келгір! Қырғын келгір! Көзің аққыр!
т.б.
қарғыстар айтылады. Мысалы,
–
Ай, Балжан! Наржан! Қалжан! Айжан! Гүлжан! Уай,
жандарың шықсын!
Ел көшкенде сендердікі бұ не отырыс?! Ой,
кіспұрыштың қыздары
-
ой! –
дей бергенде шөгеріп қойған бақырауық
жарбайы селтең етіп тұрды да кетті (С. Елубаев).
Ашу қатты қысып, ызаланған кезде адам малды да, затты да, тіпті
құдайды қарғайды. Малға
Жау жегір! Жау алғыр!
(жылқыға),
Ақшелек келгір!
(түйеге),
Қарасан келгір! Мәлік келгір!
(сиырға),
Арам
қатқыр!
(түйеге, сиырға),
Топалаң келгір!
(қойға),
Кебенек келгір!
(ешкіге) қарғыстары айтылады. Мысалы,
–
Достарыңызбен бөлісу: