сәл сескеніп қалды
да, қырындап маяға таяды (С.
Мұратбеков).
–
Әлгі кімнен... сонымен кездесіп қалудан
қорқады,
–
деп ойлады
Едіге
(М. Мағауин).
Қыз
үрейі ұшып
қалшылдап, көзі шарасынан шығып, екінші
қолымен кабинаның есігін қармай берді (С. Мұратбеков).
Әйелдер жағы
зәрелері ұшып,
шектерін тартты (С.
Мұратбеков).
Эмоцияның туу себебі, қарқындылығы өмірдегі түрлі ситуацияға,
оны адамның қабылдауына, сезінуіне байланысты әр түрлі болады.
Кейбір эмоциялар адам оны сана сүзгісінен өткізгеннен кейін туын
-
даса, кейбір эмоциялар ситуацияға байланысты аяқ
-
астынан туындай
-
ды. Мысалы өкіну, сағыну, азғыру, арбау сияқты эмоциялар аяқ
астынан туындамайды, көп жағдайда болған оқиғаны ой елегінен
өткізгеннен кейін барып пайда болады. Ал бірқатар эмоция аяқ
астынан туындайды. Төмендегі мысалдардан ортақ мағынасы
ұрсу
болғанымен
зеку, ақыру, бұлқан
-
талқан болу, жер
-
көкті жұлу, жеті
қабат жердің астына батыру
сияқты түрлі лексико
-
фразеологиялық
бірліктермен, түрлі реңкте берілген эмоцияның барлығының аяқ
астынан туындағанын аңғаруға болады. Мысалы,
Апам шошып кетті:
–
Тәйт әрі, осы жеті түнде шанасы не
-
ей, мынаның. Бірдеңе
көрінер мынаған, елден ерекше, –
деп
ұрсып берді
(С. Мұратбеков).
Не істерін білмей қипақтай бастаған Танаға:
–
Бол тез, киін, –
деп
Достарыңызбен бөлісу: |