87
таңдану, таң қалу, шаттану, қуану т.б. да жағымды эмоцияларға қатыс
-
ты қолданылатын сөз ретінде эмоционалды лексиканың құрамында
қарастырылады.
Пай
-
пай
–
сүйсіну, таңдану, таңырқау сияқты жағым
-
ды эмоция кезінде, сондай
-
ақ, ренжу,
наразы болу сияқты жағымсыз
эмоция кезінде де, аталған эмоциялар әсерінен туған, тіпті
сол эмоция
-
лардың әсерінен сыртқа шыққан
дыбыстың тілдік таңбасы. Енді осы
талданып отырған тілдік бірліктердің семантикасына назар аударайық.
Жоғарыда аталған
қорқыныш
–
эмоцияның атауы,
қорқу
–
эмоционал
-
ды процестің атауы,
қуаныш
–
эмоцияның атауы,
қуану
–
эмоционалды
процестің атауы.
Сүйінші, ғажап
сөздері
эмоцияға қатысы бар тілдік
бірліктер болғанымен, алдыңғы сөздердегідей сөз семасында эмоция
-
ның тікелей атауы я болмаса эмоциялық процестің көрінісі жоқ.
П
ай
-
пай,
алақай, әттең, әттеген
-
ай, бәрекелді, оһо, қап, піш
т.б.
да
одағай сөздер сөйлемде адамның әр түрлі көңіл
-
күйін білдіру
мақсатымен қолданылғанымен, жеке
-
дара тұрғанда бұлардың нақты
ұғымдық мәні жоқ. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл сөздер адам баласы
-
ның
табиғаттағы, қоршаған ортадағы түрлі жағдайларға байланысты
туған эмоциясын дыбыстау аппараты арқылы сыртқа шығаруы. Қазір
көңіл
-
күй одағайы ретінде қарастырылып жүрген бұл тілдік бірліктер
адам эмоциясының нәтижесінде шыққан дыбыстардың лингвисти
-
калық белгілермен таңбалануы. Яғни адамның қорыққан, қуанған,
ренжіген т.б. кездерде шығаратын дыбысы немесе дыбыстар шоғыры
күнделікті қайталана келе сөйленімнен тілге өтіп, тілдік бірлік ретінде
қалыптасып лексикалық қордан өзіндік орын алған. Сөйлеу актісі
кезінде адам эмоциясын білдіру үшін қолданылатын ең тиімді тілдік
құралдар одағай сөздер екендігі тіл зерттеушілері
тарапынан мойын
-
далған, талассыз мәселе. Бұл сөздер сол одағайларды қолданушы
тілдік ортаға ғана түсінікті эмоциялық мән беріп, сөйлеуші ойын дәл
жеткізе алады. Яғни, әр одағайдың бойында сол ұлттың тілін қолдану
-
шылар үшін ғана түсінікті, өзге тілге аударылмайтын өзіндік мән мен
мағына бар. Одағайлардың негізгі қызметі эмоцияны атау, бейнелеу
емес, білдіру. Ол эмоционалды лексикаға кіретін басқа эмотивтерден
осы ерекшелігімен айрықшаланады.
Жоғарыда номинатив эмотивтер
деп топтастырылған сөздерден басты айырмашылығы эмоционалды
реңкі болғанымен ол сөздер сияқты
эмосемаға ие болып тұрған жоқ,
атауыштық қызметі де жоқ. Ал ортақ белгілері: эмоционалды лексика
құрамында қарастырылады; эмоционалдылықты білдіру үшін қолда
-
нылады.
Т.А. Трипольскаяның пікірінше тілдегі эмоционалды сөздердің
семантикалық ерекшеліктерін анықтау денотативті және коннотативті
аспектіде жүзеге асырылуы тиіс [5
3
, 51]. И.А. Стернин: «Денотат
88
дегеніміз белгілі бір сөзді айтқанда ойымызға келетін зат не оның
белгілері», –
деп жазады
[54
, 45]. В.Г. Варинаның пікірінше: «денотат
дегеніміз сана арқылы сөз мағынасында бекітілген сыртқы дүниенің
(заттардың, құбылыстардың, қасиеттердің, қатынастардың) бейнесі»
[55, 74].
Қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстар адам санасында бейне
-
леніп содан соң дыбыстық жамылғышты жамылып, сөзге, яғни тілдік
таңбаға ие болады. Қазақ тілі энциклопедиясында: «Денотат (лат.
denotatum
–
белгілеу) –
заттың, белгілі бір нәрсенің атауы. 2)
...сөйлеушінің түсінік қабілетіне байланысты тілден тыс белгілері
бойынша атау болып келеді. Денотат –
белгілі бір топтағы заттардың,
қасиеттердің, қатынастардың,
жағдайлардың, процестердің, қимыл
-
әрекеттердің ұқсастықтарына қарай ортақ атауы немесе солардың
әрқайсысының атауы»,
–
[
7
, 93] деген анықтама берілгенімен, дено
-
татты атаудан гөрі, санадағы бейне дегеніміз дұрыс болатын шығар.
Реалды заттар мен құбылыстардың сөзбен байланысы денотаттық
фактор деп аталады.
«Коннотация (лат. konnotatio, konnoto –
қосымша мағынасы бар) –
тіл бірлігінің эмоциялық, бағамды немесе стилистикалық рең білдіруі.
Кең мағынасында: тіл бірлігінің грамматикалық және заттық
-
ұғымдық
мағынасын толықтырып, оған экспрессивті сапа беретін, бөлігі. Конно
-
тация сөйлеушінің тәжірбиелік, тарихи, мәдени, танымдық біліміне,
олардың сөз болып отырған нәрсені ұнатуы не, ұнатпауына, баға
-
лауына, стильдік деңгейге, тіл қызметінің саласына, олардың әлеумет
-
тік қатынасына және т.б. байланысты болатын құбылыс» [7, 176].
Яғни, коннотация денотативті семантикаға қосымша компонент ретін
-
де қарастырылады. Лексикалық мағына
құрылымының негізгі бөлігі
денотаттық компонент болып табылады.
Эмотивті лексиканың лингвистикалық сипатын талдау үшін,
нақтылай айтсақ, денотаттық және коннотаттық аспектідегі көрінісіне
талдау жасау үшін эмоционалды лексика деп танитын сөздер тобына
жататын тілдік бірліктердің бірнешеуін мысал ретінде келтірейік.
Ыржаңдау
сөзінің денотаттық компоненті –
күлу, ал коннотаттық
компоненті –
жағымсыз эмоция (жақтырмау, ұнатпау, қостамау).
Шапылдау
сөзінің
денотаттық компоненті –
ұрсу, ал қосымша үсте
-
летін коннотаттық компоненті –
жағымсыз эмоция (жақтырмау,
ұнатпау, жек көру). Бұл келтірілген мысалдардан эмотивті мәннің
денотаттық мағынада да, коннотаттық мағынада да берілетіндігін
байқауға болады.
Ыржаңдау, шапылдау
тілдік бірліктерінің жоғарыда
мысалға келтірілген мысалдардан айырмашылығы
эмоцияны немесе
эмоциялық процесті атау, я болмаса білдіру емес, оларды бейнелеу.
89
Арсалаңдау
сөзінің денотаттық компоненті –
жүру, ал коннотаттық
компоненті –
жағымды эмоция (ұнату, сүйсіну).
Ит
сөзінің денотат
-
тық мағынасы –
үй хайуаны, ал осы тілдік бірлікті адамның мінезіне
байланысты қолданатын болсақ, ол мағынаның үстіне қосымша
жағымсыз реңк үстеледі. Мысалы,
–
Апыр
-
ай, бұл
итке
басқа ат жетпегендей менің мініп жүрген
атымда несі бар
-
ей!
(С. Мұратбеков).
Бұл қолданыстағы
ит
сөзінің
денотаттық компоненті –
үй хайуаны, ал коннотаттық компоненті –
жағымсыз эмоция (істеген ісін жақтырмау, ренжу, ұрсу). Коннотация
-
ның бойында денотаттық мағынаға қосымша белгіні білдіретін қасиет
те бар. Келтірілген мысалда сөйлеуші
ит
сөзінің
номинативті негізгі
қасиеттерін (денотатты) негізге ала отырып, оны адамға қатысты
қолданып, оған өзінің эмоциясын үстеп, жағымсыз реңк беріп тұр.
Қорыта келгенде, жоғарыда талданған тілдік бірліктерді эмоцио
-
налды лексика құрамында қарастыра отырып,
ол лексиканы іштей үш
топқа топтастыруға болады:
Эмоцияны атайтын лексикалық бірліктер:
қорқыныш
,
қуаныш,
сағыныш, қайғы, мұң, таңданыс, ашу, әжуа, үрей, қорқу, қынжылу,
елегізу, таңдану, сүйсіну, мазасыздану, мақтану
т.б.
Эмоцияны білдіретін лексикалық бірліктер:
тамаша, ғажап,
әттең, әттеген
-
ай, алақай, бәрекелді, оһо, қап, піш
т.б.
Эмоцияны бейнелейтін лексикалық бірліктер:
ыржалаңдау,
шапылдау, арсалаңдау
т.б.
Эмоционалдылық денотаттық мағынада да, конотаттық мағынада
да кездеседі. Эмоциялық мән кейбір сөздерде денотаттық, ал кейбірін
-
де коннотаттық деңгейде көрінуі мүмкін. Коннотаттық мағына –
эмо
-
циялық, экспрессивтілік, бағалауыштық,
эприкалық компоненттердің
жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: