43
Астапыралда!
Ой!
Ойбай!
Япырмай!
Көтек!
одағайлары көп мәнді
одағайлар болып табылады, олар жағымды эмоцияны білдіру үшін де,
жағымсыз эмоцияны білдіру үшін де қолданылады. Олардың эмоция
-
ның қай түрін білдіріп тұрғандығын ең алдымен контекске, одан кейін
сөйлеу жағдаяты мен интонацияға қарап ажыратамыз, себебі көп
мәнділік одағайдың өзінен шығып тұрған жоқ; тек көңіл
-
күй одағай
-
лары ғана емес, императивтік ишара одағайларының ішінде де эмоция
-
ның жағымды, жағымсыз реңкін білдіру қызметін атқаратындары бар;
сөздің ауыспалы мағынада қолданылуы да эмоцияның жағымды,
жағымсыз түрлерін білдірудің, бояуын қоюлатудың бір жолы; эмоция
-
ның түрлерін, әсіресе жағымсыз эмоцияны білдіруде тұрмыстық
-
қарапайым лексика өте жиі қолданылады; жағымды немесе жағымсыз
эмоцияның күші алғыс және қарғыс мағынасындағы тілдік бірліктер
арқылы да көрінеді; қарғыс ерекше реніш пен наразылықтан туады,
көбінесе адам қатты ашуланғанда, әбден күйінгенде, ызаланып не
істерін білмейтін күйге түскенде айтылады; алғыс –
біреудің екінші
адамға немесе адамдар тобына жағымды іс
-
әрекеті, ниеті, жақсылығы,
жанашырлығы, қамқорлығы, көмегі, қолдауы, ықыласы, ақ ниеті,
ілтипатты қарым
-
қатынасы, ақыл
-
кеңесі т.б. үшін ризашылық сезімін,
яғни жағымды эмоциясын білдіруі; жағымсыз эмоция сөйлеу тіліндегі
боқтық сөздер, ал жағымды эмоция этикет сөздер арқылы да көрініс
табады.
Адам эмоциясына қатысты қолданылатын одағайлардың, тұрмыс
-
тық
-
қарапайым лексиканың, этикет сөздердің құрамы, түрленуі, басқа
сөздермен тіркесуі т.б. да ерекшеліктері жұмыстың басқа тарауларын
-
да да айтылады, бұл параграфта эмоцияның жағымды және жағымсыз
түрлерін сипаттауға қатысты қысқаша сөз болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: