85
бар, осылардың көмегімен адам өз эмоциясын (сезім
-
күйін) білдіреді»,
–
деп жазады [5
2
, 462]. Тарауда сөздің эмоционалды реңкке
ие
болуындағы сөз мағынасының қызметі, қазақ тілінде эмоционалды
лексика қатарында қарастырылып жүрген бірліктердің денотаттық
және конотаттық деңгейлердегі мағынасы, эмоцияның және эмоция
-
лық құбылыстың атауыштық мәні, бір эмоцияның түріне байланысты
әр түрлі реңкте қолданылатын синоним сөздердегі мағынаның доми
-
нанттығы т.б. мәселелер сөз болады.
Сөздің мағынасы оның қолданысы кезінде барынша анық көріне
-
тіндіктен, түрлі реңкке жұмсалым үстінде ие болатындықтан және әр
тілдегі сөздердің лексикалық, фразеологиялық бірлік болу сипаты сол
тілдің фонетикалық, семантикалық, грамматикалық белгілеріне байла
-
нысты анықталатындықтан тараудағы лексикалық және фразеология
-
лық бірліктерге қатысты семантикалық талдаулардың көпшілігі сөздің
сөйлем, микромәтін ішіндегі
қолданысы тұрғысынан талданады. Тіл
элементтері бір
-
бірімен парадигматикалық
-
синтагматикалық қатынас
-
тар арқылы байланысады. Осы қатынастар арқылы тілдің жүйелілігі
және ішкі деңгейлерінің жүйелік байланысы айқындалады. Қазіргі тіл
білімінің алдында тұрған міндеттердің негізгі бағыттары –
тілдің
коммуникативтік, когнитивтік, прагматикалық қызметтерін ашу.
Достарыңызбен бөлісу: