Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Буын 1-жаттығу



бет24/26
Дата30.11.2022
өлшемі86,69 Kb.
#160472
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
учебное пособие

8-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазыңдар.

Тау мұнартады. Өсімдік көктейді. Жел тұрды. Шық түсті. Бұлт қаптады.

9-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқыңдар. Оларды сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Депутат сайлаушылармен кездесті. 2. Ар алтынмен өлшенбейді. 3. Күзгі суық өңменінен өтті. 4. Дулат ертең ауылға жүрмекші. 5. Аңшы қақпан құрды. 6. Құсбегі бүркіт салды.



10-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Хабарлы сөйлемдерді бір бөлек, сұраулы сөйлемді бір бөлек жазып, тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.

Сен бізді күт (пе). Үйде нан бар (ма). Ертайда мұндай өшіргіш жоқ (па). Сен бүгінгі кезектен қал (ма). Жолыңнан қал (ма). Оларға осының бәрі керек (пе). Күн бүгін кешегіден суық (па).



Құрмалас сөйлем.

1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айтыңдар.

Есіл өзені Астананың оңтүстік-шығыс жағында. Ол Аюлы-Нияз тауынан басталады. Есіл әуелі батысқа қарай ағады, содан кейін солтүстікке қарай бұрылыды.



2-жаттығу. Өлеңде неше құрмалас сөйлем бар екенін табыңдар. Өлеңнің бір шумағын жатқа жазыңдар.

Түн
Төсегіне түн жатты, Орман күңгірт, күңгірт көк,
Жердің бетін түн жапты. Құстар қалды жым-жырт боп.
Маужырады шың-құздар, Бергенен соң түн хабар,
Көзін ашты жұлдыздар. Тәтті ұйқыға кетті олар.
(Несіпбек Айтов.)

3-жаттығу. Екі жай сөйлемнен құрмалас сөйлелем құрап жазыңдар.

1. Республика мектептеріндежыл сайын білім фестивалі өтеді. Оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын, бағдарламаларын ұсынады.


2. Лицей оқушылары әлемдік олимпиадаларға қатысады. Олар зерттеу жұмыстарымен айналысады.

4-жаттығу. Берілген жалғаулық шылауларды пайдаланып, салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңдар.
Бірде, біресе;
Өйткені, сондықтан;
Не болмаса, әлде.
5-жаттығу. Берілген сөйлемдердің басыңқы сөйлемін жалғастырып жазыңдар.

1. Сабақ кестесін өзгертсе, ... .


2. мен сыныптан шыға бергенде, ... .
3. Оқу аяқталысымен, ... .
4. Бұл тапсырма көп дайындықты қажнт еткендіктен, ... .

6-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Құрмалас сөйлемдерді көшіріп, жазыңдар, олардың жай сөйлемнен өзгешелігін түсіндіріңдер.

Бір топ бала іске жұмыла кірісіп, коньки тебетін мұз айдынын жасап жатты. Топ баланың ішінде Ахат, Ақан, Сәулелер де бар. Олар алаңның қарын күреп, тегістеді. Мұз айдыны дайын болғаннан кейін балалар конькилерін аяқтарына байлап, сырғанақ тебуге кірісті. Одан кейін екі топ құрап, хоккей ойнамақшы болды.


(М. Төрежанов.)

7-жаттығу. Мақалдарды жатқа жазыңдар. Сөйлемдердегі тыныс белгілерінің қойылу себебен түсіндіріңдер. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

1.Еңбек түбі –береке, көптің түбі – мереке. 2. Жақсы адам – елдің ырысы, жақсы жер – жанның тынысы. 3. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет