Әкімшілік, яғни әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін, қызмет міндеттерін орындау мен байланысы жоқ түрі;
Азаматтық, шарттық міндеттемелерді бұзудан туындайтын түрі;
Тәртіптік, тәртіптік билігі бар лауазымды адамдардың тәртіптік теріс қылық үшін қолданылатын түрі.
Тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес, бағыныштылық тәртібімен, кейбір салаларда қолданылатын тәртіптік жарғылар мен ережелерге сәйкес пайда болуы мүмкін;
Кешірім жасау немесе рақымшылық ету актілері жауап
5-ші сұрақ
«Рим құқығы» термині құл иеленушілік қауымда құрылған Рим мемелекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлкеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы.
Рим азаматтық құқығының оқыту пәні- мүліктік құқықтың маңызды институттар болып табылады (отбасылық қатынастар да жатады).
Рим құқығының негзгі институттарына мына төмендегілр кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемлер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.
Рим құқық теориясында құқық нормаларының топтастырылуының 2 жүйесі қалыптасқан: пандектілік, институтционалдық деп аталады. Пандектілік 4 арнайы бөлімнен тұрады:
Заттық құқық;
Міндеттілік құқық;
Отбасы құқығы:
Мұрагерлік құқық;
Институтционалдық жүйеде жалпы білім болмайды, ал негзгі бөлім мынадай негіздерге бөлінеді:
Заттық құқық;
Міндеттемелік құқық;
Мұрагерлік құқық;
Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет легиондармен, екінші рет христиан дінімен, ал үшінші рет құқығымен. «Жазылып қойған сана» деп аталатын Римдік құқықтың классикалық түрін Батыс Еуропада көп феодалдық мемлекеттерде қолданылатын. Ол көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды және романдық-германдық құқық жүйесі деп аталады.
Рим құқығының мықтылығын дәлелдейтін факторлар көп. Біріншіден, Рим империясы құл иеленушілік мемлекеттердің арасындағы ең ірі, соңғы, күшті мемлекеттердің бірі болып табылады. Рим империясы көрші мемлекеттерді өзіне бағындырып, солардың саяси тәжірибесін, құқықтық құжаттарын, сот практикасын, саяси санасын өз өміріне бейімдеп,өзіне тән ерекше құқық жүйесін құрды. Римде преторлардың, патрицийлердің және перегриндердің істерін қарау екі түрлі болды. Сондықтан басқа мемлекеттердің құқықтық әдеттері, принциптері, белгілері, құқықтық тәжірибесі Рим құқығына көшіп, оған әсерін тигізеді. Спарта, Афины, Сирия және басқа мемлекеттер Рим империясының құрамына еніп, оның провинциясына айналған еді. Сондықтан Рим империясының заңгерлері афинаның құқық дамуының нәтижелерін пайдаланды.
Сонымен бірге Римнің мың жылдық тарихы оның құқықтық дамуын бүкіл әлемдік тарихы маңызды оқиғаға айналдырып жіберді. Римде құқықтық жүйеге, заңгерлерге көп көңіл бөлінді. Бұл қызмет иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Гай, Павел, Ульпиан, Модестин, Папаниан- Римнің ең күшті заңгерлері қатарынан саналды.
Рим құқығы дамуының өзіндік ерекшеліге болатын. Олар құқық көп өзгермеу керек деп санайтын. Құқықтық нормаларды тек ешкім қолданбаған жағдайда ғана жоятын еді. Рим заңгерлері асығыс қабылданған және көп өзгеретін заңдар құқықтық тәрбиеге әсерін тигізеді деп есептейтін. Сондықтан заң шығару жұмысы құрметті де қиын жұмыс ретінде бағаланатын. Оған көп көңіл бөлініп, көп уақыт жіберілетін. Әрбір заң сол заңды ұсынған адамның атымен аталатын. Жақсы заңдар көп шығарған адам өте сыйлы, мәлімді қызметкерлер болып есептелді.
Халық жиналысы заңдарды қабылдағанда оған тек ғана «аламыз», «алмаймыз» деп дауыс беретін. Бүкіл Римнің тарихынан өткен заң-12 таблица заңдары. Бұл заң б.д дейінгі V ғасырда қабылданған, бұны Римнің Корпус Юрис Цивилис деген кодексіне дер кіргізген еді. Бұл құқықтық құжат он бір ғасыр қолданылды. Ол Рим құқығының негізі болғаннан кейін заңдылықтың мықтылығын, тұрақтылығын көрсету үшін, дәлелдеу үшін сақталған.
Рим құқығы квирит құқвғв ретінде пайда болған. Квириттер-Рим азаматтары, патрицийлер еді. Квирит құқығы тек қана Рим азаматтарының құқығы болып саналды. Бұл аксиома ретінде бекітілді. Рим азаматтарының және перегриндердің қарым-қатынастарының реттейтін құқық-халық құқығы. Рим құқығының схемалары, ішкі құрылысы, терминдері, түсініктері көп мемлекеттерде қолданылды. Оның қайта жаңғырып, гүлденуі, қолданылуы, қайта дамуы, жаңдануы рецепция деп аталды.
Рецепциямен Рим құқығы феодалдық мемлекеттердің тәжірибесіне кірген болатын. Одан кейін ол буржуазия кодификацияларына кіріп, Германия, Франция, Италияның кодекстері арқылы бүкіл дүние жүзіне тараған. Ең күшті кодекстерінің бірі- Наполеонның 1804 жылғы азаматтық кодексі.
Қазіргі азаматтық заңдарды терең түсіну үшін Рим құқығының негізгі белгілерін, түсініктерін, терминдерін білу керек. Рим құығының негізі (сапасы) бүкіл буржуазиялық азаматтық-құқықтық теорияға сіңісіп кетті. Қазір көп қолданылатын терминдердің, түсініктердің пайда болған уақытын білу арқылы олардың шын маңызын да анықтауға болады.
Рим құқығының заңгерлік техникасын, тілін, ішкі құрылысын заңгерлердің білгені жөн. Рим құқығының тарихымен танысу арқылы құқық қалай пайда болады, өзгереді. Қандай кезеңдерден өтеді, өзінің ішкі мазмұнын қалай өзгертеді, сыртқы нысаны қалай дамиды деген жалпы мәселелерден мағлұмат алуға болады. Рим құқығы жеке меншік үстемдік еткен қоғамдық құрылыстардың ең жақсы нысаны.
Рим құқығымен терең айналысқан ғалымдар оның сан ғасырлық тәжірибесін өте жоғары бағалады. Рим құқығы дамуының жоғары сатысы құқықтың жоғары нысаны болып қалды.
Республика түрінде өзінің проблемаларын шешіп, демократиялық әдістерді, ниституттарды қолданып жатқанда Рим мемлекеті құқығының даму деңгейі төмен болды. Құқықтардың сол кезеңін біз ежелгі құқық кезеңі деп белгілейміз. Оның негзігі қайнар көзі 12 кесте заңдары құқық нысандары болып қалған.
Рим мемлекеті империяға айналып, әлсіреп, ыдырай бастағанда құқық жоғары дәрежесіне көшеді. Рим құқығының ең маңызды құжаты – Корпус Юрис Цивилис Византияда VI ғасырда пайда болған.
Рим құқығының негізгі белгілері. Рим құқығының негізгі белгілері – жеке меншіктің неғұрлым абсолюттық құқығын бекіту болып табылады. Бұл тауарлы ақша қатынастарының жоғары деңгейіне байланысты. Рим құқығы құлдарға да толық жеке меншікті бекітіп берді. Рим құқығының келесі белгісі – оның прогрессивтік-консервативтік сипаты. Рим құқығы жылдам өзгеріп, жаңа қарым-қатынастарды өз уақытында жөңге салып тұрады. Ол өзінің ішінде ескі заңгерлік иституттарды, манципация, квирит, нексум сияқты нысандарды көп уақыт сактайтын.