Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы



Pdf көрінісі
бет13/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83
Байланысты:
Тарих

 
Түркеш мемлекетінің құрылуы мен нығаюы. 
Түргеш қағанаты
— 704-756 жылдары билік құрған, Батыс Түрік қағанатының ыдырауы нәтижесінде 
құрылған ерте ортағасырлық түркі мемлекеті. Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және 
мәдени дәстүрлерін жалғастырған және уақытында сол елдің сол қанатына жатқызылған. Дулу тайпа 
құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи 
деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктерін этникалық емес, саяси жағынан қарастырған жөн. 
Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш қағанаты екіге бөлініп кетеді. Біреуінде Сақал өзі қаған болған, ал 
екіншісінде халықты басқарған Сұлу. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш", ал Сұлуға бағынған халықты 
- "қара түргеш" деп атаған.) Түргештер - Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел дулаттың белді тайпасы. 
Шежіре деректерінде "сары үйсін" деп аталады. Түргештер Іле мен Шу өзені аралығында, Іле 
Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі өңірде көшіп-қонып жүрген. Бұл өлке мал шаруашылығына 
қолайлы, құнарлы өріс-қоныс болды. Сонымен қатар отырықшы егіншілік ошағы, біршама көркейген қалалары 
бар бай өлке еді. Шығыс пен батыс арасындағы сауда-керуен жолының осы өңірді басып өтетін басты бөлігі 
түркештердің бақылауында болды. Бұл жағдай түркештердің әскери-саяси және шаруашылық қуатын арттыра 
түсті. 
Түргеш қағанатының қалыптасуы. 
Батыс Tүрік қағанатындағы өзара тартыстар, Жетісуда өз 
үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай императорлық әулетінің әскери- саяси әрекеттері қаған билігінің 
әлсіреуіне, сөйтіп бірте-бірте тек аты ғана қалуына көбіне-көп себепші болды. «Он оқ бұдун» құрамына кірген 
тайпалардың енді қаған атынан емес, өз туын көтеріп қимыл жасауы жиілей түсті. Бытыраңқылық 
және Хусэло қағанның қашып кетуі жағдайында түргештердің көтерілуі күтпеген жерден болған оқиға емес 
еді. Қағанаттың сол қанатының құрамына кіретін, халқы көп тайпа болған түргештер VI ғасырда-ақ Шу-Іле қос 
өзені аралығындағы үлкен аймақты алып жатты және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың 
бақылауында 
болды. Түргештердің ықпалы бірте-бірте күшейе 
берді, оларға бағынышты тайпалар саны көбейді. Үшлік өз жерін әрқайсысы 7 мың сарбаздан тұратын20 айма
ққа бөлді. Бұрын Шудың солтүстік 
батысжағында болған өз ордасын ол Суябқа көшіріп,оны Үлкен орда деп атады; Күнгіт қаласында оның Кішіо
рдасы болды. Күнгіт және солай аталатын тайпа Ілеөзені аңғарында Түргеш қағанатында Үшліктен кейін оны
ң мұрагеріболып, баласы Сақал қаған (706-
711) таққа отырады. Оның кезіңде 
Түргеш
 мемлекетінде ішкі бірлікболмайды және қағанат үнемі арабтармен, 
қытайлармен күрес жүргізіп отырды. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб 
әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар 
Жетісудан 
біржолата 
кетуге 
мәжбүр 
болды. 
Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара 
түргештердің тарханы Жыпыр 749-753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде 
де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, керісінше бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-
тартыс 
жылдан-жылға 
шиеленісіп, 
Түргеш 
қағандығы 
біржолата 
әлсірейді. 
Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының 
көсемдері пайдаланып
, 756 жылы Түргеш қағандығын 
құлатып, билікті өз қолдарына алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет